15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
4 сынып логика әлемі (үйірме)
Күні: 14.01. 2019 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Б.Джаксылыкова |
|||
Сынып: 4 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||
Тақырыбы: |
Қызықты торкөздер |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: |
Бос торкөздерге тиісті сандарды қойып теңестіруге үйрету. Оқушыларды шығармашылықпен еңбек етуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызу, есеп шығаруға деген қызығушылығын ояту; ұқыпты, әдемі жазуға дағдыландыру
|
|||
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылардың ұйымшылдық, достық, адамгершілік құндылықтарын дамытуға мүмкіндік туғызу |
|||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Түсіну, білу, қолдану, талдау |
|||
Пәнаралық байланыс |
Математика |
|||
Бастапқы білім |
|
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурс
|
||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Қайырлы күн, досым, Қайырлы күн болсын. Аптаның алғашқы күні Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын.
Логикалық тапсырмалар
1. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет 2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш 3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық 4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан 5. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу 6. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат 7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары 8. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы 9. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса 10. Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтіндіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым? 7 саны Сабақтың тақырыбын хабарлау. Жаңа сабақтың тақырыбы: қызықты торкөздер. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Сыныпты үш топқа бөлемін. 1-топ: тапқыр, 2-топ: зерек, 3-топ: алғыр. Ойын 4 түрлі тапсырмадан тұрады. Тақтада тұрған 4 түрлі қызықты торкөздерден үш топ боп ақылдасып бір санды таңдап торкөздерді ашу керек.
1 – торкөздегі тапсырма - логикалық тапсырма сіріңке талдарын қозғалту, алып тастау арқылы фигуралар құрастыру. 1-топ: 6 сіріңке талын қозғалту арқылы 4 торкөз шығар.
2-топ: 5 сіріңке талын алып тастау арқылы бес бірдей үшбұрыш шығар.
3-топ: 3 сіріңке талын қозғалту арқылы 3 торкөз шығар.
2 – торкөздегі тапсырма бос торкөздерге тиісті санды қойып теңестір. 1-топ:
9т 56 кг=9056 кг 6 сағ 7 мин=367мин 5дм =50 см 401 ц =4 т 1 ц 2-топ:
9 сағ 9 мин=549 мин 8 кг 152г=8152 г 17т 8 ц=178 ц 7км 807м 10дм=78080 дм 3-топ:
6т 31 кг=6031кг 6 сағ 3 мин =363мин 92ц 83 кг=9283кг 6м 59см=659см
3 – торкөздегі тапсырма
1-топ: Бірінші кесіндінің ұзындығы 15см, екінші кесіндінің ұзындығы бірінші кесіндінің үштен біріндей. Үшінші кесінді екінші кесіндіден 4 есе артық. Төртінші кесінді үшінші кесіндіден 2 есе кем. Кесінділердің ұзындығын тап.
2-топ: Тік төртбұрыштың қабырғалары 10см және х см. Ауданы 200 см . теңдеу құру арқылы белгісіз қабырғасын тап. 10*х=200 Х=200:10 Х=20
3-топ: Тік төртбұрыштың қабырғалары 8 см және х см. Периметрі 20см. теңдеу құру арқылы белгісіз қабырғасын тап. 8+х*2=20 8+х=20:2 8+х=10 Х=10-8 Х=2 4 – торкөздегі тапсырма
1-топ: Сәуле 10 қалың дәптер, Гүлназ сондай 6 қалың дәптер сатып алды. Сәуле Гүлназға қарағанда 120 теңге артық төледі. Бір қалың дәптер қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша теңгеден төледі? Сәуле – 10д Гулназ – 6 д 1 дәптер - ? теңге Ш: 10*30=300 6*30=180 300-180=120 Ж: 1 дәптер =30 теңге тұрады.
2-топ: Екі сынып оқушыларына ұзындығы 28 м, ал ені 20 м спорт алаңын қардан тазарту жүктелді. Бір сыныпта 29 оқушы, ал екіншісінде 27 оқушы бар. Егер жұмыс оқушылар санына қарай тең бөлінсе, әр сынып неше квадрат метр жер тазалауы керек? Ұз.- 28м Ені – 20м Бір сыныпта – 29 о Екіншісінде – 27 о Әр сынып ? м Ш: S=28*20=560м 560 : (29+27)=100 Ж: әр сынып 100м жер тазалауы керек
3-топ: Әжей саяжайға отырғызу үшін бағалары бірдей 15 өрік көшетін және 23 алма көшетін сатып алды. Олар үшін барлығы 4560 теңге ақша төленді. Көшеттердің әрбір түріне қанша ақша төленді? Өрік – 15 к Алма – 23 к Барлығы 4560 теңге Әр көшет ? теңге Ш: 4560: (15+23)=120 Ж: әр көшетке 120 теңге төленді.
|
Сіріңке талдары видео
Тапсырмалар |
||
Сабақтың соңы
|
Ал балалар бүгінгі ойын сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады? Не білдіңдер? Не қызықты болды? Кері байланыс МММ әдісі арқылы сабаққа кері байланыс беру.
|
|
||
Қосымша ақпарат |
||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|
Қорытынды бағамдау |
||
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1.
2. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген