жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
4 сынып "Мен азаматпын" сабақ жоспары
Бекітемін
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Май орта мектебі Мерзімі:20.02.2020ж.
Сынып: 4
Оқушылар саны: 6
Сабақтың тақырыбы: Мен Азаматпын
Сабақ:№23
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік, батылдық, адалдық
Мақсаты:оқушылардың азамат болу, нағыз азамат туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -«азамат болу», «азаматтық парыз» ұғымдары туралы түсінік беру; -азамат болудың дағдыларын қалыптастыра отырып, адалдық қасиетін дамыту; -жауапкершілікке, батылдыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
|
Сабақтың барысы: Тәртіп Талап Тазалық Тыныштық Татулық Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен). Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде... Мен - Нұрмын » Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! |
Ескерту: |
Үй тапсырмасын тексеру. 1. Дәптермен жұмыс № 22 сабақ, 4 тапсырма. Мәтін бойынша қос жазба күнделігін толтыру. 2. Оқулық, №23 сабақ, 86-бет, Сағындық Тұрдалиевтың «Алтын бала» мәтінін оқып келу. Сұрақтары: 1.Көрші Зәукенді неліктен «азамат екен» деп айтты? 2.Нағыз азаматтың бойында қандай қасиеттер болады? 3.Азаматтық парыз дегенді қалай түсінесіңдер? 4.Өзің азаматтық парызыңды қалай орындап жүрсің? Айтып бер. |
|
Дәйексөз. Парыздан биік шың жоқ. Бауыржан Момышұлы
|
https://kk.wikipedia.org/ |
Әңгімелеу. Ұстаз бен шәкірт Әңгіме Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы: – Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан: - Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп. – О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жолда адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi ұстазы. – Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес. – Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады. Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады. Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына: – Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi. Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген ана: – Бұлбұлдың балалығы болар, – деп сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi. – Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емеспе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе… Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап: - Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма? – дедi. Әлi де болса сөздiң мәнiсiн толық түсiнбеген шәкiрт: – Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып. – Тек ерте тұру ғана емес, ата-анаалдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Келесi жиналыста анаңның саған деген алаңдаушылығын қуанышқа айналдырарыңа сенемiн, – дедi. Бұлбұл үнсiз басын изедi. Шынында да ол осы оқиғадан соң, ата-анасын таңқалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де салды. Ауыл сахнасынан жап-жас Бұлбұлдың әсем әнiн тыңдаған Бүркiт қария да қатты сүйсiндi. Бiр күнi сабақтан әндетiп келе жатқан Бұлбұлға қарсы жолыққан қария: – Бұлбұл балам, – дей бергенi сол едi: - Ата, уақытымды алмаңызшы, – деп, алды-артына қарамай жүрiп кеттi. Атай қапа болып қала бердi. "Бала ғой, балалығы да. Үлкен өнер иесi болғалы тұр, әттең, мiнезi кедергi болмаса” деп өзiн-өзi жұбатқан болды. Ертесiне қария болған жайды ұстазына баяндап бердi. Ұстаз Бұлбұлмен оңаша сөйлестi. – Кешегi күнiңнiң қалай өткенiн маған тәпiштеп баяндап бершi. Бiрақ ештеңесi қалып қоймасын, – дедi қадалып. Бұлбұл бiрдеңенi сезгендей жолда тоқтатқан қарияны кiнәлай сөйледi. – Асығып бара жатсам, ерiгiп жүрген Бүркiт деген кiсi «тоқта» деп едi, тоқтамадым. – Жо-жо-жоқ! Бұлбұл, сен қатты қателестiң. Көргенi көп кiсiлердiң сөзiн бiр күн емес, өмiр бақи тыңдасаң да артық етпейдi. Сен үлкен кiсiлерге, тiптi өзiңнен кiшiге де құрметпен қарауың керек. Адамдар сенiң өнерiңе ғана емес, өзiңе де сүйсiнуi тиiс. Есiңде болса ұстаздың қатаң талабына шыдасаң арманыңа жетесiң деп едiм ғой. Сондай талаптың бiрi жүрген жерiңде жұртқа жұғымды болу, соңыңнан жақсы сөз iлестiру. – Иә, иә, – деген Бұлбұл әуел бастағы ұстаз сөзiнiң жұмбағын ендi-ендi түсiнгендей болды. Сол күнi Бұлбұл Бүркiт ақсақалдан кешiрiм сұрады. Осы оқиғадан кейiн ұстаз шәкiртiнiң көп өзгергенiн байқады. Арада бiрнеше күн өткенде ұстазы Бұлбұлды шақырып алып: – Бұлбұл, ендi екеумiздiң өнер жолындағы сабағымыз басталады, – дедi. - Мұғалiм, ендi басталады дегенiңiз қалай, сiз менi бұрыннан берi әншiлiкке баулып келе жатқан жоқсыз ба? – Жоқ. Мен сенiң бойыңдағы тамаша талантты танығаныммен, өнерге әлi баули қойғаным жоқ. Оған кедергi болған сенiң мiнезiңдегi кемшiлiктер. Есiңде болсын, өнер-бiлiмге ұмтылған әрбiр жеткiншек мiнезiне мiн, өнерiне сын айтылмайтындай тәрбиеленуi керек. Үйде де, түзде де мейiрбан, шыншыл, жақсы адамдарға жақын жүргенi абзал. Сонда ғана елге сүйкiмдi болмақ. – Мұғалiм, бұл өсиетiңiз тек әншiлерге байланысты ма? - Жақсы адам болам деген жеткiншектiң бәрiне қатысты нәрсе. Сен халық алдында жүресiң. Ол сенiң ең бiрiншi сыншың, ақылшың, қолдаушың. Ал халық алдына шыққан әншiден жақсылық, iзеттiлiк, инабаттылықты көрiп барып талантын таниды. Сен осы жолда аз да болса сабақ алдың. Ендi сенi әншiлiкке баулу қиын емес. Ол сенiң өзiңде тұнып тұр. Сен менi түсiндi деп ойлаймын. – Түсiндiм мұғалiм, түсiндiм. Мен сiздi бүгiннен бастап ұстаз деп айтайыншы?!
|
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 1-тапсырма: Өзіңді «Азаматпын» деп санайсың ба? Неліктен? Дәптерге жазып беру. 2-тапсырма: «АЗАМАТ» сөзінің әрбір әріпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар: А З А М А Т
|
|
Топпен ән айту. «Ұланымын Отанның» Сөзі: Е.Ахметов Әні: Д.Байтілеуов
Бақыт құсы басына кеп орнайтын. Отанымның мен жалынды ертеңі, Алпамыстай жауға бермей қорғайтын. Қайырмасы: Биіктауға мен жетемін сеніммен, Айдыншалқартебіренгенкөліммен. Мен қазақтың баласымын айбарлы, 2 рет Бірге жасар қазақ деген еліммен.
Бізұланбызжамандықтыбілмейтін. ҚазақстанменіңұлыОтаным, Жылдарсайынөрістейтін, гүлдейтін. Қайырмасы.
Болашақтыңбосағасынсақтаймын. Мен елімніңертеңімінөсетін, Дәстүрлердіқастерлеймін, мақтаймын. |
https://youtu.be/y6YnJ8qX_vs |
Үй тапсырмасы. 1.Дәптермен жұмыс №23 сабақ, 2 тапсырма «Нағыз азамат» тақырыбында фотоколлаж құрастырыңдар. 2. Оқулық №24 сабақ,88 бет Айса Хамзеұлының «Азамат» мәтінін оқып келу. |
|
Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген