400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

4-сынып орыс мектебі ҚМЖ Тақырып:"Мемлекеттік рәміздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сынып орыс мектебі ҚМЖ Тақырып:"Мемлекеттік рәміздер"
Материалдың қысқаша нұсқасы





Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан»

Мектеп: №127ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Рахимова Г.З.

Күні: 08.09.2023

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мемлекеттік рәміздер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу

4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрау/қайталап сұрау/шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндау

4.4 Каллиграфия-лық дағдыларды дамыту

4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрайды. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтайды.

Көпшілігі: белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында өз бетінше нақтылап сұрайды. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта жазады.

Кейбірі: белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндайды. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады.

Бағалау критерийлері

Белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрайды.

Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады.

Тілдік мақсаттар

рәміздер, бейнеленген, бейбітшілік,қыран, бостандық, өрнек

Құндылықтарды дарыту

Өз мемлекетінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

ана тілі,тарих сабағы

АКТ қолдану дағдылары

«Мемлекеттік рәміздер туралы» бейнежазба.

https://www.youtube.com/watch?v=bgiV_8YvbqI

Бастапқы білім

Менің Қазақстаным

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту.

«Мемлекеттік рәміздер туралы» бейнежазба.

https://www.youtube.com/watch?v=bgiV_8YvbqI

Оқушылар бейнежазбаны көріп, түсінгендерін айтады.

Үй тапсырмасын тексеру:

Мақалдарды аяқта:

Туған жер – алтын бесік.

Өз елім – өлең төсегім.

Отан отбасынан басталады.


  • Оқушылардан рәміз дегеніміз не? деген сұрақ қою.

  • Ту біздің мемлекетімізге не үшін керек?

  • Сіздер не үшін туды білулеріңіз керек?


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту

Сабақтың мақсаты:

  • Белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрайды.

  • Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады.


Сабақтың ортасы

Айтылым алды тапсырма

(С) Оқушылар жаңа сөздермен танысады. Сөйлемдер құрастырады.

«Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар шеңберге тұрады қолдарына қорап беріледі, музыка қойылады, қай оқушының қолында қорап қалды сол оқушы сұрақты алып жауап береді.


  1. Тудың ортасында не бейнеленген?

  2. Күн ненің белгісі?

  3. Күннің төменгі жағында не бейнеленген?

  4. Қыран ненің белгісі?

  5. Тудың сол жағында не бар?

  6. Тудың авторы кім?

  7. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.

Тыңдалым тапсырмасы.

Елтаңба туралы мәтінді тыңдайды. Талдайды.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.


Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек. Мемлекеттік елтаңбаның орталық элементі –шаңырақ бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Шаңырақ – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының символы.

Қанатты тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады.

Бес бұрышты жұлдыз символы Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық екенін білдіреді.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы.



Айтылым тапсырмасы.

Ту туралы мәтінді оқиды. Талдайды.

(ЖЖ) Әр жұп 4 сұрақ құрастырады.

Тілші рөліне еніп, сұхбат алады.

Жұптар бірін-бірі бағалайды.


(Т) Әр топтан сыныптың туын әзірлеуін сұраңыз. Тудың түсін, оған салынған суретті неліктен таңдағанын дәлелдеп, негіздеуді ұсыну.



Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Үйде: Мемлекеттік тудың суретін салып, мазмұндау.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады.

Жұптар бірін-бірі бағалайды.


Жұптық, ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету.


















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
07.09.2023
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі