400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4-сынып Ою-өрнек туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмегі мол
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: Ою-өрнек туралы түсінік

Мектеп: №73

Еңбекке баулу

Күні:28.09.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Алдамжарова Индира

Сыныбы: 4 а

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

Ою-өрнектер туралы мағлұмат беру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету. Топпен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

* тапсырманы орындайды

*сарамандық жұмыс кезінде нұсқау карта бойынша жұмыс жасайды.

Оқушылардың көпшілігі:

* Ою-өрнек түрлерін ажырата алады.

*сұрақтар қояды, жауап береді

*сарамандық жұмыс кезінде нұсқау карта бойынша жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар:

*ойлау қабілеттері артады

*қажет жағдайда басқа оқушыларды қадағалайды.

*өз бетінше ою ояды (үлгі) дайындайды, құрастырады

*рефлексия толтырады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Ою-өрнектердің жасалу жолдарын, қолдану орнын айтады. «Ою-өрнек» сөзін қазақша, орысша және ағылшын тілінде айтып үйренеді.

Пән лексикасы мен терминалогиясы:

Ою-өрнек

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қандай ою-өрнектерді білеміз?

Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

Ою ойғанның, ойы ұшқыр деген сөзді қалай түсінесіздер?

Алдыңғы оқу

Өздеріңіз жасаған бұйым қуаныш сыйлайды ма?

Жоспар

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы












Жаңа сабаққа кіріспе


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сыныптағы оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып, білім аламыз.

  1. Топқа бөлу. Ою түрлері арқылы топқа бөлінеді.

1 топ. Жауқазын

2 топ. Ботакөз

3 топ. Құсқанаты

Зер салып қарасаңдар, ою -өрнектерден көп нәрсені байқайсыңдар. Өрнектерге қарап қозғалыстағы адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді, Күн және Айды елестетуге болады. Халық шеберлері өрнек үлгілерін адамды қоршаған табиғат аясынан алады.

Ұлттық  ою-өрнектерді    төрт  топқа  бөлген:

– Жануартектес–  жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

– Өсімдік бейнелі –  жапырақты гүлдер, ағаш, жетігүл өрнектер;

–Ғарыштық – ай, күн,  жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

–Геометриялық – ромбылар,  иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.




Қима қағаздар










Текемет,

Түкті кілем, түксіз кілем, ою-өрнек буклеті



Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс




































Сергіту сәті






Жұптық жұмыс


















V Жеке жұмыс

Сәйкесін тап

Мәтінмен жұмыс және ою-өрнекті пайдаланып, кілем немесе қоржын құрастыр.

Кілем тоқу – Азия, Еуропа, Кавказ халықтарына ежелден белгілі қолөнер түрі. Қазақтар түкті және түксіз (тықыр) кілемдер тоқыған. Кілемді қоспасыз, таза қой жүні мен түйе жүнінен тоқиды. Оны әдемілеп бояйды. Оларға табиғи бояуды пайдаланады. Шеберлер кілем тоқуды балаларға тоғыз, онбір жасынан үйреткен. Қазір Қазақстанның оңтүстігінде қыз балардың бәрі дерлік кілем тоқуды біледі. Бұл күрделі де қиын жұмыс. Шыдамдылықты, ептілікті, түс үйлесімін құрастыра білуді талап етеді.

Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйе түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік.

Тарихта ұйғырлар матаға гүл басқанда, ағашқа ойып гүл басу, жіппен түйіп гүл басу, қалыппен гүл басу сияқты технологиялар болған.

Қалыпқа түсірілетін өрнек-нақыштардың белгіленген өлшемі болмайды, шеберлер өз ойлары бойынша ояды. Бірақ геометриялық кескіндерден және гүл-шөп пішіндерінен құралатын үлгіден асып кете алмайды. Таралған өңірлердің әркелкі болуына қарай, әр жердің өзіндік өрнек-нақыштары болады

Ұйғырлар тоқылған және киіз кілем бұйымдарын өңдеуде үлкен өнерге қол жеткізді.


«Ойнайық та, ойлайық» ойыны.

Шарты: Музыка ойнатылады. Балалардың қолындағы ою үлгісі бір-біріне беріліп отырады. Музыка тоқтаған кезде,  ою-үлгісі қай баланың қолында қалып койса,  сол бала еңбек туралы мақал-мәтел айтуы тиіс.

Өткенді  еске  алып, ойға  толам,

Сұрыптап  тезге  салып, көп  ойланам,

Ой түбіне  жете  алмай  титықтасам,

Қолыма  қайшы  алып, ою оям – деп  Бауыржан  Момышұлы  атамыз  айтқандай  біз  де  келесі  сарамандық  жұмыс  бөліміне  көшеміз.


Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережені еске түсіру
Қауіпсіздік ережелері:

Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
1. Қайшыны жолдасыңа тұтқа жағымен бер.
2. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды.
3. Пайдаланбаған кезде қайшыны ашық күйіндет тастауға болмайды



ГShape1 Shape2 еометриялық

Ағаш, шиыршық, жауқазын, жапырақ, гүл

ӨShape3 сімдік тектес

Қошқармүйіз, құсқанат, түйетабан, қыңырмүйіз

ҒShape4 арыштық оюлар

Сүйір, ирек, балдақ, қармақ

Жануартектес оюлар

Шұғыла, айшық, жұлдыз, шимай


Қоржын,

ою-өрнек буклеті
















Плакат, маркер



















Аудио жазба







Нұсқау карта


Ою үлгісі

Сабақтың соңы














Нағыз оюшы өзін қоршаған ортаны үнемі бақылап, табиғат сырларын тануға, жан-жануарлар әлемін, өсімдіктер дүниесін терең білуге ұмтылады.

Оның байқағыштығы, сезімталдығы, талғампаздығы, ісмерлігі қатар жетілсе ғана шеберліктің шыңына көтеріле алады.

Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек.


Рефлексия. (сұрақ, не үйрендім, не қиын болды);

Ұжымдық жұмыс


Мен не үйрендім

Маған не қиын болды




Бағалау. Оқушылар еңбегін салыстыра отырып, критерий арқылы бағалау

Кейінгі тапсырма. Ою-өрнек туралы мәлімет жинау


Стикер



Кері байланыс парақшасы, бағалау парақшасы

















Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Топтық, жұптық, жеке жұмыс.

Кілем, алаша туралы бейнебаян арқылы түсіндіру


Бас бармақ арқылы, критерий арқылы бағалау

Математика, бейнелеу, тарих

Достарының пікірлерін құрметтеу, бағалай білу, топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылауға дағдыландыру

Рефлексия. Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақтың мақсаты шынайы болды


Оқушылар кілем, ою-өрнекер туралы мағлұматтар алды.


Сабақ өз деңгейінде өтті


Топтық, жұптық жұмыс арқылы жүзеге асты


Уақытты тиімді пайдаландым.



Сабағым жоспар бойынша жүзеге асты


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды.

  1. Оқушыларға психологиялық ахуал орнатып, сабаққа деген ынтасын байқадым.

  2. Сергіту сәтінде «Ойнайық та, ойлайық» ойыны. Онда оқушылар мақал-мәтел айтуға деген құштарлығын байқадым.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды

  1. Оқушылардың топта ынтымақтасып жұмыс жасағаны

  2. Жұптық жұмыста оқушылардың жасаған, ою-өрнек түрлері

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Оқушылардың ою-өрнекті сәтті орындап шыққаны


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі