4 сынып сабақ жоспары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

4 сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Дүниетану 34-сабақ

Бөлім:

Болашаққа саяхат

Мұғалімнің аты-жөні


Күні:


Сынып: 4 б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның әлем алдындағы бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру

4.3.5.1 Зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну

Сабақтың мақсаты


  • өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама береді;

  • «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсынады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру




5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.

-Сурет бөліктерінің бірін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі:

- Бренд сөзін естідіңдер ме? Нені білдіреді?

- Қандай қазақстандық тауар белгісін білесіңдер? Мысал келтіріңдер.

-Ендеше бүгінгі сабақта түрлі дереккөздер негізінде өз аймағымыздың экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама бересіңдер және «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсынатын боласыңдар.

Жаттығу жасайды.


Топқа бірігеді.



Сұрақтарға жауап береді.








«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!


Жаңа білім

15 мин






















2 мин



Бекіту

18 мин








(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.

А) Сөздік жұмысы.

Бренд.

Ә) Ой қозғау.

- Н.Назарбаев неге Қазақстанды «Ұлы дала елі» деп атауды ұсынды? Қалай ойлайсыңдар?

-Ақын О.Сүлейменовтың «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық» деген сөзі бар. Бұл өлең жолдарының мағынасын қалай түсінесіңдер?

А) Мәтінмен жұмыс.

-Мәтінді түсініп оқыңдар.

Б) Суретпен жұмыс.

-Суреттер ел өмірінің барлық қырын аша ала ма? Сендер осыған тағы не қосар едіңдер?

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Тағы қандай бренд атауларын білесіңдер?


Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету.


(Т) 2-тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.

а) Жоба жасау.

-Қазақстанның ұлттық брендін жасаңдар.

Табиғатпен, халықпен, мәдениетпен, тарихи ескерткіштермен байланысты ойластырылған бейнелердің ерекше есте қалатындай нұсқасын ойлап табыңдар. Ел туралы ұран жазыңдар.

-Өз аймағымыздың табиғаты, атақты адамдары, тарихы мен мәдени ескерткіштерін еске түсіріңдер.

Ә) Постер.

-Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтеріңді постер арқылы бейнелеңдер.

  • Сөздікті жазып алады.


Суретпен жұмыс жасайды.


  • Сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді оқиды.












Билеп сергиді.


Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды.

Дескриптор:

  • Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.

  • - «Ұлы дала елі» деп атау себебін анықтайды-1 балл


- Өлең жолдарының мағынасын анықтайды-1балл.


Біздің еліміз апорт алма, қызғалдақ, жылқының тарихи Отаны екендігін сипаттайды, өз ойын айтады-1балл.








Қазақстанның ұлттық брендін жасайды -1балл.

Интернет сөзінің мәнін ашады-1балл.

Ел туралы ұран жазады-1балл.

Өз аймағымыздың табиғаты, атақты адамдары, тарихы мен мәдени ескерткіштерін еске түсіреді-1балл.

Отан туралы постер жасайды-2балл.

Дүниетануоқулығы 4-сынып 2019ж,

дәптер
















Қорытынды

5 мин

Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды.

  • Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Үй тапсырмасы: мазмұндау.

Кері байланыс жасайды.


Оқу тапсырмасын жазып алады.

ҚБ қойылады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.05.2024
229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі