400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

4 сынып сынып сағаты Мен - патриотпын

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сыгып мұғалімдеріне көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Жаңа бағдарлама бойынша жазылған. Білім алушылардың патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында көптеген тапсырмалар орындап, өтілген тақырыпты өмірде қолдана білуге үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:

1-қыркүйек, 2018жыл

4 «В» сынып жетекшісі:

Ж.Б.Джаксылыкова

Тақырыбы:

Мен кішкентай патриотпын

Мақсаты:

Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік қасиеттерін нығайту. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Өткізу формасы:

Топтық жұмыс

Ресурстар:

Қ.Р Рәміздері суреті, интерактивті тақта, слайд, эпиграфтар, шарлар,плакаттар, жалаушалар.

Әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Тапсырмалар:

Топтық, ұжымдық

Әдістер:

«Анаграмма» әдісі,«Пазл» құрастыру, «Лего құрастыру», «Тегтер бұлты»

Критерийлер:

1. Елбасының «Туған жер» бағдарламасы туралы түсінуі

2. Астананың 20 жылдығы туралы білуі

3. Қазақстанның көрікті жерлерін құрастырып, сипаттай алуы

4. Эссе жаза білуі

5. Пазл құрастыра алуы

6. Өз ойын анық, нақты жеткізе алуы



Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Хор

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі

Үш топтан үш оқушыны шақырып конверт беру. «Анаграмма» әдісін қолдану. Оқушылар берілген адасқан әріптерден сөздер құрастырады. (Мысалы, наақзстақ, ритопат, тона, ғутна ежр, т.б.)

Біз ......

П - парасатты

А – ақылды

Т - талантты

Р - рухты

И - инабатты

О – озат

Т - тапқыр

елміз.

Оқушы конвертті ашып, өз тобының атын атайды. «Анаграмма» құрастырады.

Түсіндіру, ой қозғау

Балалар, біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп гүлденуі үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Ал еңбектену дегеніміз жақсы оқып, білімді, тәртіпті болу. Отанды сүю дегеніміз не? Патриот дегенді қалай түсінесіңдер? Иә балалар, ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз «Мен кіші патриотпын» деп аталады.

Тақырыппен танысады, сұрақтарға жауап береді.

Жаңа ақпараттар

Қазақстан – біздің туып өскен жеріміз. Біз өз елімізді сүйіп, оның әр затына құрметпен қарауымыз керек. Еліміз бүгінде дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Біздің міндет – Ата заңымызға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, тарихымызды, жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Гимні шырқалуда, Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Гимн, Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады..

Елбасы «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын» деп атап көрсеткен. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.

Өз армандарымызды ақиқатқа айналдырдық, ол арман – Мәңгілік ел! Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел және оны көз қарашағымыздай сақтау мәңгі мұратымыз. «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы. Елбасының пайымынша, бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Дескриптор:

Елбасының «Туған жер» бағдарламасы туралы біледі

Жаңа ақпараттар алады.


Оқушыларға Астана туралы бейнеролик көрсету.

Дескриптор:

Астананың 20 жылдығы туралы біледі

Астана бас қала видеоролигін көреді

«Мен - қала құрылысшысымын»

ойыны

Оқушыларға лего беру. Сол конструкторлардан үлкен ғимарат құрастырып шығу.

Дескриптор:

Легодан үлкен ғимарат құрастырып, сипаттай алады

Оқушылар ұжым боп легодан ғимарат құрастырады, қысқаша түсінік береді.

Эссе жазу

«Мен елімнің патриоты болу үшін» тақырыбында эссе жазу.

Дескриптор:

Оқушылар эссе жазады

Оқушылар эссе жазады, оқып, талқылайды.

«Пазл құрастыру»

Оқушыларға қиылған суреттер беріледі. 1 – топ: Туды, 2 – топ: Елтаңбаны, 3 – топ: Гимнді құрастырады.

Дескриптор:

Пазл құрастырып, оны қорғап шыға алады

Әр топ пазл құрастырады, қорғап шығады.

Кері байланыс

.

Дескриптор:

Өз ойын нақты жеткізе алады

Оқушылар «Тегтер бұлтын» толтырады.

Қорытынды

Балалар, біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық. Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабақ соңында «Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

Жалаушаларын қолдарына алып, патриоттық ән айтады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі