жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
4-сынып тәрбие сағаты
Тақырыбы:Тәуелсіздік байрағы биік самға!
Мақсаты:Оқушыларға ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп,осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығы,еркіндігін аңсаған зиялыларға тоқталып өту,желтоқсан көтерілісі жайлы айтып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; жас жеткіншектерді еліне,жеріне ,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру; ата-мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру,өз елін-жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі:буклеттер,рәміздер,шар,гүл,желтоқсан құрбандарының портреттері.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар,бүгін тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи-әдеби тәрбие сағатына жиналып отырмыз. Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен,алға қойған мақсат мұратымен, тіпті жіберген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп,бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да,қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес. 1986 жылы Алматының жастары жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу ұшін қатысқан.Енді міне сол желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында үш ғасырға жуық армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына қатысқан ел аузында жүрген, аты тарихта қалған Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова, Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова сынды апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп,әділетсіз шешім қабылданып,халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі ашық аспанымыз әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай,шарықтай берсін демекпіз.Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Ән: «Атамекен»
І жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар! «Тәуелсіздік байрағы биік самға» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Бүгінгі тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұл күнде қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды.Әсіресе желтоқсан оқиғасы жүздеген жылдар бойы айтылатынына күмән жоқ. 1991 жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қол жеткізді. Шаттыққа бөленді.
ІІ жүргізуші : Шетсіз ,шексіз қиырсыз, ұлы дала,
Шуақ болып шомылмай жылына ма?
Сүй Отанды шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал ойына,қырына да, - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай,біздің 3 сынып ұл-қыздары осы дәстүрді тоздырмай,жоғалтпай бүгін сіздерге өздері дайындаған ертеңгіліктерін көрсетпекші.
Қазақстан туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты.
Аңсаған:Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз?!Неге соншама қастерлі ұғым?!Әдетте әр халық,дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге кұш салады.Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды. Бұл -атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.
Эльдар: Қаймана қазақ қамы үшін,
Қиналып өткен бабам да.
Сөйлесем тілім жетпейтін
Кез болдық мынау заманға. А
ААА
АңсағанАА
Үнім қайда, жартасты жылатты кім?!
Бүгін қайда өседі құрақ гүлім,
Түбім қайда тамырын құрт кемірді,
Тілім қайда, айта алар сұрақты кім?
Үні1-жүргізуші:1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы 21-камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.
2-жүргізуші 1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталды.Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Лаззат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылып,желтоқсан оқиғасы зерттеу комиссиясының төрағасы Мұхтар Шаханов жастарға арнаған жалынды өлеңін оқыды.
Аңсаған: Халық көп күткен
Егеменді ел болдық
Көңіл күші тоқ жұртпен
Тереземіз тең болдық.
1-жүргізуші. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Эльдар: Қуан халқым,қуанатын күн бүгін
2- жүргізуші. 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын,әрі қаралы,қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира ,Ербол, лаззат сынды жүздеген,мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні,өктемдік үні еді.
Аңсаған: Намысымның шырағы да желтоқсан
Сұрқи өмір шырағы да желтоқсан Жігітінің ұраны да желтоқсан Жаңа күннің шуағы да желтоқсан Дария: Жас арудың жанарында желтоқсан Қанды ғасыр табысында желтоқсан Қаралы өмір қайыстырған желтоқсан Қара тұман қабағында желтоқсан
1-жүргізуші.Олар ... қазақтың ес жиып,етек жауып,өз алдына ел,мемлекет болғанын,өзгемен терезесі тең болғанын көкседі,бірақ көрген жоқ.Бірақ осылар осы күнді жақындатып,бізге сыйлап кетті.
2-жүргізуші. Олар қазақ үшін қанын төкті,жанын берді. Қазақтың баласы ешкімнен көзтүрткі көрмеуін күндіз-түні тіледі.
Оларды ... Отан үшін,Қазақстанымыз үшін апат болғандарды естен шығармай, мәңгі есте сақтауымыз керек,халқым!
Аңсаған:Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Дәрия: Бақтың құсы әр адамға қонып тұр
О,тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
Қазақстан өлеңі
Эльдар:Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
Елім-ай деп егілген
Қаһарман ұлдар,қыздар-ай!
Ансаған Далада думан қалада думан
Ғасыр бойы аңсап куткен бұл кунім Жасай бер жаса асқардай жаса әрқашан Кеудеме әкеп қондырған бакыт бұлбұлым
2-жүргізуші:Байтақ дала жерім менің
Арта берсін кенің сенің
Көк байрағы желбіресін
Егеменді елім менің
Мұғалім: Міне оқушылар, бүгін сендер еліміздің тәуелсіздік мерекесі күні еліміздің тарихы жағдайы, Тәуелсіздік жолындағы күресі,Желтоқсан құрбандары жөнінде көптеген мағлұматтармен таныстыңдар,үлкен сабақ алдыңдар.
Ендігі сендерге айтарым:осы еліміздік тәуелсіздік туын биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін,ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер.Әрине ол күрес бейбіт күрес. Еліміздің болашағы сендерсіңдер. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт,тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай мақтан тұтыңдар.Сендерге ақ жол , сәттілік тілеймін. Ән: «Бейбітшілік ел ұланы»
Хормен: Қорғау үшін өмір көркі Бүгіннен де ертең нұрлы Болдырмаймыз соғыс өртін Достар берік сапқа тұрды
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын,құрметті ағайын!
Майбалық орта мектебінің 3 сынып оқушыларының
отырысы болып өтті.
Қаралған мәселе
-
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік.»
-
Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды
-
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Есенгалиева Гульнар Удашкеқызы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік.» жолдауымен таныстырып өтті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сқзінде : «Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. 2017жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада "ЭКСПО 2017"халықаралық көрмесі өтеді. Алматыда Универсиада 2017 спорт ойындары өтіп жатыр.Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Бүгін мен Қазақстанның Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын.Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.
-
Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру.
-
Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек.
-
Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің кен тау металлургиясы мен мұнай газ кешендеріөзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс.
-
Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек.
-
Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту –маңызды басымдықтардың бірі.
-
Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігі. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып,15 жылда 1, 5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.»
5негізгі басымдық бірінші Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы,екінші Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, үшінші Макроэкономикалық тұрақтылық,төртінші Адами капитал сапасын жақсарту бұл үш тілді оқуға кезең кезеңмен көшу мәселесі; денсаулық сақтау, дәрі дәрмектің бағасын реттеу, 2017 жылғы 1шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016жылғы деңгейден 20 % дейін арттырады,биыл зейнетақымызға пайыз үстеме қосылды бұл зейнеткерлер үшін көп еңбек.Ендігі жылы да қосылмақ.Дағдарыстың әсерін сезінбедік десе де болады,болады.Бұл Президентімізбен үкіметіміздің атқарған ерен еңбегінің жемісі. ,бесінші Институционалдық өзгерістерге,қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.
Роман Аңсаған:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік.»атты жолдауын жария етті. Онда ол Қазақстан халқын еңбекті қажет ететіні,бірінші кезеңге үш тілде білім беру кезеңін алға қойып отыр. Біз үшін зор қуаныш. Ата әжелеріміздің зейнетақысын кебейтетіні,Астанада теідесі жоқ жаңа тұрпатты университет ашатындығы,оеда шетелдік танымал ұстаздар мен ғалымдар беретіндігі,енді өзімізде де жоғары сапалы білім алуымызға мүмкіндік туып тұр.
Қаулы :
Елбасының Жолдауын бірауыздан мақұлдап,білім саласында көрсетілген міндеттерді келешекте жүзеге асыруға ат салысамыз.
Жиналыс төрайымы: Есенгалиева Г.У
Хатшысы: Роман А.С
Әдебиеттік оқу пәнін оқытудың негізгі мақсаты- еліміздің болашақ жас ұрпағын өскелең заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландыру,жан-жақты рухани байлық пен адамгершілікке, еңбекшілдік пен тәрбиелікке, өз Отаны мен халқын шексіз сүюге- шынайы патриот болуға, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Қазақ халқы тіпті сонау ежелгі дәуірдің өзінде терең ой,сұлу сезімдерін тілмен шебер өрнектеп, өзінің дақ түспеген таза зердесінде сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Қазақ даласы –бүкіл түрік әлемінің қара шаңырағы десек, сол туыс тілдер ішіндегі ең байырғы да, көп өзгеріске ұшырамаған тазасы да- қазақ тілі екендігін бұл күнде қандас бауырларымыз түгелдей мойындауда. Олай болатыны: «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп түсінген бабаларымыз бұл өнерге айырықша мән берген. Оққа тоқтамаған жерде сөзге тоқтаған. Қара қылды қақ жарған кемеңгер билеріміз кезінде ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен екен. Ақындар мен шешендер дау – талас .айтыс үстін-де аталы сөзді аттап өтпей. Сөзден сүрінгенің ерлерше мойындап, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп немесе «Ой тіліңе шоқ түссін!» деп , отыра кеткен деседі.
Сөз өнерінің ең құрметті, ең асыл өнер болғанын, оның құдіретті данышпан Абайды таңғалдырып «Қазақтың өзгелерден тілі ұзын», «Өткірдің жүзі,кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» дегізгенін одан әрі айтуға болар еді. Бірақ әңгіме арнасы басқа болғандықтан, біз тек сөз өнерінің,әсіресе,қазақтың ерекше болғандығын,осы өнерге үйрену сонау ерте кезден басталғанын білеміз.
Кезінде жәбір-жапа шегіп, сауатсыз,қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу үшін,балаларын оқытып,білім беру үшін,қазақ балаларына мектеп ашып, оған арнайы оқулық жазған Ы.Алтынсарин еді.Ол: «Қазақ халқының сауатсыздығынан,қазақ тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүрді. Бұл кітапты құрастырғанда,мен,біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс –қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағынан, сонымен қабат,жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алуын көздедім.», - дегенді өзінің 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясының» алғы сөзінде,
А.Байтұрсынов 1926 жылы қазіргі әліппелердей суреттермен безендірілген жаңа «Әліппе» жазып, баспадан шығарды.Бұл оқулықта оқушылардың ойлау деңгейіне лайық ойын түрлерінің молдығымен ,көркем безендірілуімен, жаңылтпаштар,мақал-мәтелдер, жұмбақтар тәрізді ауыз әдебиеті нұсқаларын жиі пайдалануымен ерекшеленеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде »деген тұжырымдаманы үнмі айтып келеді. Білім беру заңына сәйкес мектепте білім алу үш сатыда жүзеге асырылуда.Тілді меңгерудің алғашқы сатысы бастауыш сыныпта жүзеге асады. Бастауыш сыныпта оқушылардың алған білімі мемлекеттік стандарттан төмен болмауы тиіс. Ана тілі- оқушының өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы.Сондықтан мектептерде Әдебиеттік оқу пәнін негізгі пән ретінде оқытуға ерекше мән берген. Тіл оймен тікелей байланысты болғандықтан,оның әр алуан тармақтпрын меңгерту оңай емес.Сондықтан бала мектептің есігін ашқаннан орта мектепті бітіргенше оқиды. Әрине , әр басқышта ана тілін оқыту мақсаты,білімі көлемі әр түрлі болады.Бірақ негізі бастауышта қаланады.Бастауыш мектепте балаға сурет салдырудан да,есеп үйретуден де, табиғатты танытудан даөзі сөйлеп жүрген ана тілін оқыту қиын.Сабақта өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру қажет.Оқу- өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардық оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілмен де тікелей қабысып жатыр.Оқу барысында көр,есту,сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланыста болады.Кейбір балалар мүдірмей шапшаң оқиды,бірақ саналы түрде түсініп дауыс ырғағына келтіріп оқи алмауы мүмкін. Бұл жерде тілдің заңдылықтары мен қажетті режеледі меңгерту. Оқу дағдысының 3 кезеңі бар. Ол аналитикалық,жинақтау, автоматтандыру. Аналитикалық –талдау кезеңі. Бұл кезде әріп танып, оқу техникасын меңгерту үшін оқушыларға тіліміздің жеке дыбыстардан тұратыны, әріптердің осы дыбыстардың шартты белгілері екені түсіндіріледі. 2- дыбыстық талдау жасау,яғни жинақтау кезеңі.Ең соңғы кезең автоматтандырылған кезең. Оқудың түрі 2-ге бөлінеді.Дауыстап оқу,іштен оқу , дауыстап оқу 1-2 сынып оқушыларына тән.Іштен оқу алғашқы сыныптардан басталады. Оқудың осы 2 түрі бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі.Дегенмен оқушыны оқуға дағдыландыру ,жаттықтыру негізінен дауыстап оқу арқылы жүзеге асады. Дауыстап оқудың пайдасы сол: біріншіден, оқушы әр сөйлемді,әр сөзді өз сазына келтіріп оқуға жаттығады, екіншіден , оқығанын көру және есту сезімі арқылы қабылдайды;үшіншіден оның қалай оқитынын байқауға болады.Дауыстап оқудың кемшілік жағы да бар:біріншіден дауыстап оқыған бала тез шаршайды, екіншіден, дауыстап оқуға дағдыланып кеткен бала іштен оқығанын жете түсіне алмайды. Дауыстап оқуға оңаша жер іздейді.Қоғамдық орындарда жұмыс істей алмайды.Сондықтан сынып жоғарылаған сайын,оқушыны іштен оқуға жаттықтыру талбын қою керек.Іштен оқу арқылы түсінуге болады.Оқудың бұл түрі оқушыға жеңілдік келтіреді.Мысалы: кейбір оқушыға күніне бірнеше бетті оқуға тура келеді. Ал дауыстап оқығанда сонша бетті оқу қиынға соғады.Іштен оқудың пайдалы жағы: оқушы қалаған жерінде, қалаған орнында ешкімге кедергі жасамай оқи береді . Ал оның бір кемшілігі мұғалім оқушының қалай оқитыныаңғара алмайды.Міне сондықтан оқудың екі түріне үйрету керек.Оқудың бұл түрлерінің екеуіне де дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады.Жіберетін қателіктері:
Әріп,буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу.
Кейбір буындарды,сөздерді екі рет қайталап,ежіктеп оқу
Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқу,
Мұндай қателіктерді болдырмау үшін мынадай тапсырма беру қажет.
Оқыту жұмыстарына ата-аналрға тапсырма беру
Қате оқыған сөздерді қайта оқыту.
Мәтінен қате оқылған сөздерді сыныпта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіру
Әр сабақ алдында 5 минуттық тіл дамыту,шапшаң оқуға үйрету жұмысын жүргізу.
Ата-аналармен бірлесе жұмыс атқарып,оқу дағдысын бақылау,тексеріп отыруына жағдай жасау.
Оқуы талаптан төмен балаға шапшаң оқу дағдысын дамытуға көмектесу,есепке алу 1 аптадан соң тексеру. Өз еңбегінің нәтижесін көрген баланың оқуға деген қызығушылығы артады. Күн сайын, апта сайын шапшаң оқу қабілеті артады.
Бұл іс-тәжірибемде дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес тиімділігі маңызды.Балаларға қандай да біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін белгілі бір уақыт аралығында оқушылармен сабақта, сабақтан тыс уақытта күнде-күнде көлемі шағын жаттығулар тіл дамыту жұмыстарын жүргіземін.
Ұйықтар алдындағы оқу. Ұйықтар алдындағы оқу жақсы нәтиже береді,күннің соңғы сәттері адамның жадында сақталып қалады.
Үзінділермен оқу. Оқуды ұнатпайтын оқушыларға пайдалану 1-2 жолдық үзінді оқып демалу,қайта оқу. Қай оқудың түрі болмасын,баланы мақтау,көмектесу назары болу керек.
Ұстаз болу –адамның асылдығы(эссе)
Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан-жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы біледі де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін ұшқырлап, білімін дамытады, өмірдің қызықтарын сезіндіреді. Баланың өмірдегі ең бір қызықты кезеңдері мектепте өтеді. Сол мектептің тірегі – ұстаз.
Ендеше өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықтысы деуге болады. Біздің татейіміз Гүлнар Удашкеқызы осы мектепте 36 жыл көлемінде ерінбей, талмай жан-жақты білім беріп келе жатқан ұлағатты,инабатты ұстаз .
Гүлнар Удашкеқызы шәкірт жүрегінен жол таба білетін,оқушыларды жылы қабақпен қарсы алып күлімсіреп ,нұр үстіне нұр төгетін білімдар жан.Оның алдынан қаншама шәкірттер ұшып,мамандық иесі болып жұмыс істеп жатқан азаматтар қаншама!
Жылда «Ақ бота», «Кенгуру», «Пони» сайыстарына қатысып жүлделі орындарға ие боламыз ,осының бәрі Гүлнар Удашкеқызының арқасында.Ылғи да ізденіс үстінде жүреді.Бізге өз білгенін талмай мейірімді жылы жүзбен әрдайым уақытпен санаспай үйретеді..Әр уақытта басымыздан сипап өз баласындай жаксы көріп жымиып бізге білім нәрін төгеді.Әрдайым білім берумен қатар бізді әдептілікке үйретеді.Үнемі «Үлкенге –құрмет, кішіге ізет» көрсетіп тәрбиелі болыңдар деп ақыл –кеңес береді. Егер де біреуіміз құлап қалсақ жұбататын да сол кісі әрқашан ол біздің қасымыздан табылып мейірімін, шапағатын төгеді.Мен өз ұстазымды мақтан етемін.Мен де өскенде өз ұстазым сияқты сабырлы,білімді де білікті азаматша болғым келедіі.Мен сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін.
Тәрбиеңіз жас ұрпаққа арналған,
Қиыны мен қызығына қанбаған.
Сіз-ұстазсыз, үйретуден жалықпас,
Құрмет тұтпас Сізді, сірә, бар ма жан?
4сынып оқущысы Шаяхмет Дәрия
|
Математика |
Күні: |
4 сынып |
Есенгалиева Г.У |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
10-ға, 100-ге, 1 000-ға ауызша көбейту және бөлу. |
||||
|
Сілтеме |
Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
||||
|
Сабақтың жабдығы |
қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер |
||||
|
Жалпы оқу мақсаттар Оқыту нәтижесі |
а)Оқушыларды ауызша көбейту және бөлу, 10-ға, 100-ге көбейту және бөлу әдістерімен таныстыру. ә)дамытушылығы:оқушылардың ойлау, есте сақтау, логикалық есептер шығару дағдыларын дамыта түсу, таным белсенділіктерін арттыру. б)тәрбиелігі:оқушыларды алғырлыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. |
||||
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||||
|
Топқа бөлу |
Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 2 топ құрамыз. |
Сол сурет санына байланысты екі топқа бөлініп отырады |
|||
|
Ынтымақтастық атмосферасы |
Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым |
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы көңіл күй қалыптастырады. |
|||
|
Үй тапсырмасын пысықтау |
Т.3.Есепте. 45-(5+2)х3 100-35:(5+2) 35:7+63:9 9+(3+6)х9 9х8+54:9 45:9х6
Ә Топпен жұмыс 4х6 5х6 48:6 3х8 7х9 36:4 8х6 27:3 81:9 6х3 |
Оқушылар тақтада немесе ауызша орындайды |
|||
|
Жаңа сабақ |
Есептеуді түсіндір. 10х2 15х10 2х10 10х15 20:10 150:10 20:2 150:15 Ауызша есептерді шығару. 100-ге көбеткенде сан қалай өзгереді? 100-ге бөлгенде сан қалай өзгереді? 100х3= 300:100= 300:3= 3х100= Ереже . Нөлге аяқталатын сандарға көбейту және бөлу. Қалып қойған сөздерді орнына қой.
Есепте: 2х10 7х10 230:10 10х34 340:10 20:10 70:10 570:10 10х8 400:10 2х100 7х100 83х10 80х10 750:10 200:100 700:100 45х10 10х70 1000:100 200:10 700:10 10х7 600:100 1000:10
|
||||
|
Сергіту сәті |
Қол алысып,қане ,біз, Достасайық бәріміз Айтарым бар сендерге Тез тұрыңдар шеңберге Қандай жақсы бір тұру Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! |
Ән тыңдау |
|||
|
Ой толғаныс |
Шығармашылық тапсырма.№ 8 кесінділер сызу. |
||||
|
Сабақты бекіту |
Тест тапсырмалары |
|
|||
|
Үй тапсырмасы |
104 бет 5 есеп |
Оқушылар күнделіктеріне жазады |
|||
|
Бағалау |
Бүгінгі сабақ ұнады ма? |
Бағалау парақшасын толтырады |
|||
|
Кері байланыс |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген