Материалдар / 4-сынып тест
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

4-сынып тест

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сынып тест
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
847
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика



1.Өрнектің мәнін тап: (97+38)- 68

А) 65 В) 67 С) 68 Д)72

2. Қате шығарылған мысалды көрсет:

а) 100 - 391=607 В) 500: 5=100 С) 20: 10+4•6=26 Д)100:2=50

3. Ені11см, ұзындығы 2есе артық төртбұрыштың периметрі қанша?

А) 66см В) 60см С) 61см Д) 65 см

4. 87минут неше сағат және неше минут болады?

А) 1сағ 17мин В) 1сағ 7мин С) 1сағ 27мин Д) 2 сағ.7 мин

5. Үшбұрыштың периметрі 42см. Оның бір қабырғасы 15см, екіншісі 14см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасы қанша?

А) 12см В) 13см С) 10см Д) 15 см

6. Екі нүктені қосатын геометриялық дене қалай аталады?

А) кесінді В) сәуле С) сызық Д) түзу

7. 36кг алманы 6 жәшікке тең бөліп салды. 48 кг алманы тең бөліп салу үшін осындай неше жәшік қажет болады?

А) 8жәшік В) 12жәшік С) 6жәшік Д) 5 жәшік

8. Қорадағы тауықтардың аяқтары 18 болса, қорада неше тауық болған?

А)18 В)6 С)9 Д)10

9. Жазуға қай өрнек сәйкес келеді?

70 пен 38-дің айырмасын 20-ға арттыр

А) 70 - (38 + 20) С)(70 + 38) – 20

В) (70 - 38) – 20 Д)(70 - 38) + 20

10.Қай санның разрядтық қосылғышы? 700 + 90 + 3

А. 739 В.397 С. 793 Д. 7903

11.5 т 2 ц 4 кг –ды килограммен өрнекте

А. 5200 кг С. 5204 кг

В. 5402 кг Д. 5042 кг



12. 1 кг ұн 70 теңге тұрады. Осындай 4 кг ұн қанша тұрады?

А. 270 тг В. 250 тг С. 280 тг Д. 200 тг

13.6 разрядтың 7 бірлігінен, 5 разрядтың 2 бірлігінен және 2 разрядтың 9 бірлігінен тұратын санды тап

А.720020 В.752009 С.750029 Д.705229

14.Көбейтудің қандай қасиетіне негізделген? 8* (4*10) = (8*4)*10

А.үлестірімділік В. Терімділік

С.ауыстырымдылық және терімділік Д.ауыстырымдылық

15.Заттың бағасы мен құны белгілі болса, заттың санын қалай табамыз?

А.заттың құнын заттың бағасына көбейтеміз

В.заттың бағасын құнына көбейтеміз

С.заттың бағасына құнын қосамыз

Д.заттың құнын заттың бағасына бөлеміз



Қазақ тілі

1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А) 37 Ә) 42

Б) 12 В) 36

2 . Мәтін түрлерін ата:

А) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау:

Ә) Әңгімелеу, мәтін, пайымдау:

Б) Әңгімелеу, негізгі ой, пайымдау:

В) Әңгімелеу, тақырып, пайымдау:

3 . Біріңғай үш буынды сөз қатарын көрсет.

А) гүл, құс, ағаш; Ә) оқушы, бүлдірген;

Б) қарсақ, тиін, түлкі; В) аю, қарға, бұғы;

4. Не істеді? Қайтті? –қай сөйлем мүшесінің сұрағы?

А) Бастауыш. Ә) Баяндауыш.

Б) Тұрлаусыз мүше. В) Сөйлем мүшесінің сұрағы болмайды.

5. Сөйлемді белгіле:

А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Ә) Ұшып кетті.

Б) Құстар

В) Жылы жаққа

6. Сұраулы сөйлемнің соқына қойылатын тыныс белгісі:

А) леп белгісі; Ә) сұрақ белгісі;

Б) нүкте; В) үтір;

7. Сөйлемде сан есім қай сөзбен байланысып тұр?

Жабалқызы Ардақ екінші сыныпта оқиды.

А. Ардақ В. оқиды С. Сыныпта Д. Жабалқызы

8. Жалаң сөйлемді тап

А. Қасқыр ұзақ ұлыды.

В. Қасқыр ұлыды.

С. Қасқыр аспанға қарап ұлыды.

Д. Аш қасқыр ұлып тұр.

9. Жайылма сөйлемді тап

А. Оқушы қызық ертегі оқыды.

В. Оқушы оқыды.

С. Оқушы оқып отыр.

Д. Оқушы оқиды.

10. Тақырып дегеніміз:

А) бір бөлімнің аты;

Ә) мағынасы бірдей екі не одан көп сөз;

Б) мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні;

В) бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем:

11. Күрделі мүшесі бар сөйлемді тап.

А. Жанкүйерлер көп жиналды. В. Мұз еріп жатыр.

С. Дарияда сең жүрді. Д. Футбол басталды.

12. Тәуелдеулі зат есімді тап.

А. мұғалім В. Көлге С. Өзендер Д. Көлігім

13.Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді көрсет.

А)Мына тастар Жезқазған,Алтай,Алатау,Қаратау кендерінен табылған.

В) Шәкен ұлын анадайдан таныды

С) Машина тоқтаусыз жүріп келеді.

Д)Айдар қалтасына шыршаның бүршіктерін толтырып салды.

14.Дара мүшесі бар сөйлемді көрсет.

А) Талғат жүгіріп келді. В) Талғат мектепте оқиды С)Талғат жүгіре жөнелді Д)Талғат он үшке толды.

15.Сөз тіркесін тап

А) ауырды тісі В) тіс ауыр С) ауыр тіс Д) тісі ауырды



Әдебиеттік оқу



1.«Туған жер» өлеңінің авторы

а) М.Мақатаев в) Қ.Аманжолов с)Оразбекұлы д)Қ.Жұмағалиев

2.Адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді

а) сатира в)теңеу с) әсірелеу д) лирика

3.Мақалдың жалғасын тап: «Өз елім-өлең ...»

а) жырым в) әнім с) төсегім д) далам

4.Ермекбай, Қылыш қай шығарманың кейіпкерлері?

а) Елтаңба мен Ту туралы жыр в) Туған жердің ыстығы-ай с)Төле бидің төрелігі

д) Дұрыс жауабы жоқ

5.Шешендік сөздер дегеніміз не?

а) халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздері

в) екі ақынның арасындағы сөз жарысы

с) ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі

д) тарихта болған адамның басына құрылған шығарма

6. «-Шырағым,бір бала әкесінен өтіп туады,бір бала әкесіне жетіп туады,енді бір бала кері кетіп туады.»-үзінді қай шығармадан алынған?

а) Халқыңа адал бол

в) Малайсары мен Сырым батыр

с)Қазыбек бидің шешендігі

д)Төле бидің төрелігі

7.Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады?

а) жұмбақ айтыс в) ақындар айтысы с) тұрмыс-салт айтысы д)қыз бен жігіт айтысы

8. «Жолбарыспен айқас» қай батырлар жырынан үзінді?

а) «Ер Тарғын» в) «Қамбар батыр»

с) «Алпамыс батыр» д) «Қобыланды батыр»

9.Хайуанаттар ертегісін белгіле

а) Қарабатыр в) Сатқын Жапалақ с) Әйел-Ана д) дұрыс жауабы жоқ

10.8-9 ғасырларда өмір сүрген ақын,жырау

а) Жиренше в) Абай с) Қорқыт д) Төле би

11.Екі нәрсенің ортақ сипатын табу,ұқсату

а) әсірелеу в) лирика с) сатира д)теңеу

12.Шараданың бір түрі, көбінесе өлеңмен жазылады

а) Метаграмма в) Логогриф с) Омоним сөздер д) дұрыс жауабы жоқ

13.Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық,әділдік,қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма

а) мысал в)ертегі с) шешендік сөз д) жаңылтпаш

14.Крыловтың қырық мысалын аударған ақын

а) С.Сейфуллин в)Қ.Жұмағалиев с)А.Байтұрсынұлы д) А.Құнанбаев

15. «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Қоңырау», «Ұзын сөздің қысқасы» жинақ кітаптарының авторы?

а)С.Торайғыров в) О.Әубәкіров с)Қ.Баянбаев д) А.Сопыбеков



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!