Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
4 сыныппен қоштасу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
9
№ 2 Қосшы орта мектебі
-
атты бастауышпен қоштасу
сыныптан тыс іс шараның сценарийі
4 «А» сынып жетекшісі: Ыбырайқызы Р
2013 – 2014 жылы
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Фанфары:
Сынып жетекшісі:
Бұл оқу – тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал азбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Қош бол, бастауыш мектебім» кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «А»- сыныбы ортамызға!
Әуен ойналып тұрады
Вальс биі
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып – біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала», «Әнші, биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны», «Батырлар жыры» Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, ауыл, мектепаралық, аудандық олимпиадалар, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Жүргізшілер Бағдатұлы Шоқан мен Ерманова Мариям
Шоқан: Армысыздар, құрметті ұстаздар
мен оқушылар!
Мариям: Қайырлы күн, қадірлі
ата-аналар мен қонақтар!
Шоқан: Өзіңменен өлшеусіз нарқым
менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Мариям: 2013-2014 оқу жылының
аяқталу құрметіне арналған «_______________________________» атты
салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз.
Шоқан:
Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың
қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
Мектеп директоры: Ауғамбаев Ақылжан Қарақойшыұлы
Бастауыш сыныптар ісі жөніндегі орынбасары: Бекназарова Кентай Сұлтанбекқызы
Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары : Исаев Ғани Қуантайұлы
Бастауыш сынып әдіс бірлестік жетекшісі: Жұмабаева Назым Сайдуовна
Мариям: Бүгінгі күн пән мұғалімдері де ортамызда:
Орыс тілі пәні мұғалімдері – Темірханова Сәуле Зейнишевна және Конурбаева Мағжан Шаяхметовна
Өзін – өзі тану пәні мұғалімі - Төлеева Гульвира
Бейнелеу мұғалімі – Қаражанова Перизат
Музыка мұғалімі – Ахметов Асхат
Дене шынықтыру мұғалімі- Ильясов Мадияр Мағасұлы
Шоқан:
Кеше ғана тұлымдары желбіреп,
жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз
ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Ал
біздің сыныптастарымыз сіздерге деген салемін қабыл
алыңыздар.
Аружан:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Аслан:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Шоқан:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!
Амина:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Мариям: Алдында 20 – дай балалары
Өсірген көптеген даналарды.
Ұстазым өзіңді биік ұстап,
Ұмытпаймыз жылуын алақанның дей отырып алдарыңызда Сынып жетекшіміз Ыбырайқызы Рыскүл және 4 А сынып оқушылары.
Шоқан: Мариям осы ұстазымызға арнап «Ардақты Ұстазым » әнін шырқап берсек қалай болады?
Мариям: Әрине өте дұрыс 4 А сынып түлектерінің орындауында «Ардақты Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар
Шоқан:
Ажырамай мектептен бір елі
сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, бастауышпен қоштасу
салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Ауғамбаев
Ақылжан Қарақойшыұлына сөз
беріледі.
Мариям: Биылғы соңғы қоңырау
мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
Бұл жыл - №2 Қосшы орта мектебінің ашылу салтанаты болып өтті. Біз
осы мектептің ең алғашқы бастауышпен қоштасып отырған түлектеріміз.
Қандай бақыт десеңші.
Мариям: Бізді болашаққа не бастайды?
Ринат: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы
Шоқан: Біз кім боламыз?
Алишер: адал азамат, ақылды ару.
Мариям: Біздің сыныптың өздеріңізге арнап жазған өлеңдерін тамашалаңыздар:
Мариям:
Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Айан:
Дұрыс айтасың Мариям !
Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.
Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді
мен де мектептен тәлім алудамын.
Асқар:
Толқып, қорқып төрт жыл бұрын
Мектепке біз келгенбіз,
Қоңырауды алғаш естіп
Сыныпқа біз енгенбіз.
Сыныптың 4 «А» мұғалімі
Рыскүл апайды көргенбіз,
Жақсы оқып тәрбиелі
Болуға серт бергенбіз.
Айан:
Тәртіп бұзсақ өзіңізден
Кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді
Мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп рухын
Даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып
Арманға біздер жетеміз.
Жандос:
Болашақтың үлкен жолын
Сізден сызып бастадық
Еркеліктің, жалқаулықтың,
Көп түрін біз тастадық.
Жылы сөзбен қарсы алып
Бізді баурап алдыңыз,
Үйретем деп түрлі пәнді
Біраз шаршап қалдыңыз.
Шоқан:
Арман Дүйсеновтің әні: «Мектебім аяулы, Мектебім » Ор: 4 А сынып оқушылары
Ерасыл:
Әр отбасы еркесінің
Бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын
Көтеріп сіз жүрдіңіз.
Біз қаншама көп болсақ та
Сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді
Оқуға да жарадық.
Дариға:
Түрлі – түрлі пәндерді де
Оқитын болдық ержетіп
Қателік болса жіберген
Түзетелік тездетіп.
Мықты менің ұстазым
Мінді өзімнен іздейін,
Қалыс қалсам, қиналсам
Ұстазымнан көрмеймін.
Аружан:
Төрт жыл бойы тынбастан
Өнер – білім үйреттіңіз
Әрбір жүрек кілтін тауып,
Бүгін міне, түлеттіңіз!
Сүйікті біздің ұстазымыз
Рыскүл апай!
Айтамыз біз рахмет
Денсаулық тілеп, бақ тілеп,
Аброй, атақ, бәр жақсыны
Тілейді Сізге, жас түлек.
Дана:
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.
Нұрмұхамед:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Мариям: Ал енді мектеп қабырғасында кездескен жайттар туралы сыныптарстарымыздың «Мектеп қабырғасында»қойылымын тамашалаңыздар.
Шоқан: сыныптасымыз Абен Айанның орындауында әкесінің авторлық әні «_-_______» орындайды қабыл алыңыздар.
Ділназ
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Сағыныш:
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Зарина:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Ринат:
Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа
тараған
Дариға:
Есімде ұстаздың алған қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір- бір мықты.
Шоқан:
Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты
жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз
береміз:
Мариям:
Абзал жандар биік тұлға
байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып оқушыларға
беріледі.
Асқар сөйлейді:
Ерасыл:
Қанша жыл бұл мектепті басқарады,
Түлеп ұшар жас түлек сан салалы.
Үлесі бар мектепті көркейтуге,
Ақылжан ағай сізге алғыс жолданады.
Аружан:
Үйреткен сөз өнері қыр сырларын,
Гүлденткен үлес қосып бала бағын,
Рыскүл апайға арналар шексіз алғыс,
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.
Асқар:
Өзін танып араласу міндетіміз
Сабақ өту барысында күнде біз.
Жан жүйені,бар санамы билеген,
Өзін – өзі тану сабақ дегенмен.
Ұстазымыз Гульмира ғой әдемі,
Биік ұстап мақтан етер әлемі.
Жанасыл:
Орыс тілі ресми тілі,
Сәулеменен Мағжан апай еңбегі.
Хат таныдық,халық аралық тілде де,
Мың рахмет қажырлы мол еңбекке.
Диас:
Салауатты өмір салтын сақтармыз
Мадияр ағайды әрқашанда мақтармыз.
Дене шынықтырып,бой түзейтін сабақта,
Әркез сіздің еңбегіңізді ақтармыз
Аслан:
Нотаменен жүргізіп балаларды
Әнмен күймен жаулаған саналарды.
Асхат ағай қымбатты ұстазымыз,
Оқушыңыз әркез мақтан ұстар біз
Алишер:
Маған ұстаз үйретті Әліппесін өмірдің,
Жан жүйемді билетті, Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді Алдағы өмір шырағын.
Жанасыл:
Тез үйрендік әділ мен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты,
Жалғастырар ақ жолын сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Али:
Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,
Бар асылын бізге жиып мол берді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен хан көрді.
Ерасыл:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпін алғаш сенен жаттадым.
Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.
Шоқан: Біз үшін ерен еңбек еткен ұстаздарымызға арнап «Ұстазға мың алғыс» әнін қабыл алыңыздар
Шоқан:
Жақсы шәкірт азамат
атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Абдикалиева
Аружанның анасы Сағындықова Оразкүл апайға
беріледі.
Мариям:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ
келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз кезегі ұлағатты
ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі беріледі Рыскүл Ыбырайқызына сөз
беріледі..
Мұғалім: Бүгінгі күн – алтын ұя
мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір
қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт! Осы
сәтті пайдаланып, бітіруші түлектерімізге директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Исаев Ғани Қуантайұлы өз лебіздерін
жолдайды.
(Музыка әуенімен сыйлықтар, дипломдар табыс
етіледі.)
Мұғалім:
Мектеп маңы толыпты
жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан, қимастық
пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте
шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас
түлек, ендігі сөзді сендерге
береміз.
1-жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
1-жүргізуші:
Қоштасады бастауышпен түлегің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте
күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, осымен 2013-2014 оқу
жылының салтанатты
жиынды жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.