400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
олимпиада жұмыстарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тест. Қазақ тілі (7-сынып)

1.Берілген сөйлемді дұрыс аяқта. Біз жазда саяхатқа ......

А) түсеміз

Б) көреміз

В) шомыламыз

Г) шығамыз

2.Жаз мезгіліне қатысы жоқ сөзді тап.

А) жайлау

Б) гүл

В) боран

Г) ыстық

3.Жазда болатын табиғат өзгерісін тап.

А) қар жауып, боран болады

Б) қар еріп, күн жылиды

В) жапырақтар сарғайып, күн суиды

Г) айнала гүлдеп, күн ысиды

4.Төмендегілердің қайсысы нан тағамдарына жатады?

А) шұбат

Б) шұжық

В) тары

Г) бауырсақ

5.Адамға қандай тағамдар жеген пайдалы деп ойлайсың?

А) өте майлы

Б) тым ащы тағамдар

В) көкөністер мен жемістер

Г) салқын тағамдар

6.Берілген сөйлемге тиісті септеулік шылауды қой. Ол достарымен ... ... шай ішті.

А) арқылы

Б) кейін

В) бірге

Г) шейін

7.Тілді ұмытып қалмау үшін не істеу керек?

А) ұлттық киім кию керек

Б) мектепте қазақша сөйлеу керек

В) үйде қазақша сөйлеу керек

Г) көшеде қазақша сөйлеу керек

8.Халық бар жерде не бар?

А) дүкен

Б) үй

В) тіл

Г) жұмыс

9.Берілген нақыл сөздің авторын тап. «Қазақ тілі – әрі бай, әрі көркем тіл».

А) Қ.Мырза Әлі

Б) А.Байтұрсынов

В) М.Әуезов

Г) А.Құнанбаев

10.Қазақстан спортшылары ішінен тұңғыш олимпиада чемпионын тап.

А) Бақтияр Артаев

Б) Жақсылық Үшкемпіров

В) Серік Қонақбаев

Г) Бекзат Саттарханов

11.Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге не қажет?

А) компьютерлік үстел

Б) модем

В) сайт

Г) телефон желісі

12.Төменде берілген қатардағының қайсысы Интернет мүмкіндігіне сәйкес келмейді?

А) түрлі тауарларды сатып алуға болады

Б) тұрғын үй салуға болады

В) ұшақ, пойыз билеттеріне тапсырыс беруге болады

Г) мәтіндерді аударуға болады

13.Спорт түріне жатпайтын қатарды тап.

А) жүгіру

Б) жаттығу жасау

В) ойлану

Г) арқан тарту

14.Берілген сөйлемді керекті сөзбен толықтыр. Мен таңертеңгілік ..... шұғылданамын.

А) аспен

Б) ұйқымен

В) жаттығумен

Г) сабақпен

15.Дұрыс жіктелген сөзді тап.

А) Мен спортшымыз

Б) Біз суретшімін

В) Ол оқушы

Г) Сендер суретшіміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
1160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі