400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4-сыныпқа арналған тоқсандық бақылау жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне керек болады деп ойлаймын. Бақылау жұмыста тыңдалым,оқылым және лексика грамматикалық сұрақтар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-сынып. ІV -тоқсан  

Тыңдалым.

Мемлекеттiк мереке.
Қазақстан - ­тәуелсiз мемлекет. Он алтыншы желтоқсан -­мереке. Бұл 
күнi бiз оқымаймыз, ­демалыс. Мерекелерде жиналыс болады. Концерттер 
болады. Мен де концертке қатыстым.Отаным туралы қазақша ән
айттым. Маған өз елiмнiң елтаңбасы, туы өте ұнайды. Мен-Қазақстанның азаматымын.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

А\үлкен В\тәуелсіз С\ кішкентай D\ дөңгелек

2.Қазақстанның Тәуелсіздік күні қашан?

А\ он алтыншы желтоқсан В\ отыз бірінші желтоқсан С\бірінші желтоқсан D\ сегізінші наурыз

3. «Мереке» сөзінің аудармасы қандай?

А\ город В\ страна С\праздник D\ вечер

4. Мерекелерде нелер болады?

А\ концерт, жиналыс В\ ертегі С\сабақ D\ жұмыс

5.Сен ненің азаматысың?

А\ Ресей В\Қытай С\Қазақстан D\ Қырзыстан


Оқылым.

Мамыр.

Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады,төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық.

Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi.Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау

соғылады.

1. Көктем айлары қандай?

А\ маусым,шілде,тамыз В қыркүйек,қазақ,қараша С\ наурыз,сәуір,мамыр D\ желтоқсан,қаңтар,ақпан

2.Көктемде құстар нені шығарады?

А\ төл В\балапан С\өсімдік D\ халық

3. Қазақтар барлық құстардың балапандарын қалай деп атайды?

А\ ай В\ күн С\тоқшылық D\ мамыр

4. Көктемнің үшінші айы қандай?

А\ наурыз В\ мамыр С\сәуір D\ шілде

5. Мектептерде мамыр айында не болады?

А\ соңғы қоңырау В\алғашқы қоғырау С\мереке D\ сабақ

Лексика-грамматикалық тест.
1. Кімге? Неге? - қай септіктің сұрақтары, белгіле: 
А) жатыс В) табыс С) көмектес Д) барыс 
2. Барыс септіктің жалғауы бар сөздер: 
А) қаламға, дәптерге, орындыққа В) пеналда, мұғалімде, үстелде 
С) борды, тақтаны, терезені Д) өшіргішпен, сөздікпен, қолмен 
3. Қайдан? деген сұраққа жауап беретін зат есім: 
А) оқуда В) мектептен С) мұғалімге Д) тақтамен 
4. Аптаның жетінші күнін белгіле: 
А) сенбі В) жексенбі С) бейсенбі Д) дүйсенбі 
5. Екіден он бес минут кетті. Дұрыс аудармасын белгіле. 
А) Сейчас 2 часа В) 15 минут 3 – го С) без пяти минут два Д) два с половиной 
6. Кімнің? Ненің? – қай септіктің сұрақтары, белгіле: 
А) шығыс В) жатыс С) ілік Д) барыс 
7. Кім? Не? – қай септіктің сұрақтары; белгіле: 
А) ілік В) барыс С) атау Д) табыс 
8. Мына жалғаулардың түрін белгіле: - ға, - ге, - қа, - ке 
А) жіктік В) септік С) тәуелдік Д) көптік 
9. Көптік жалғауы бар зат есімді көрсет: 
А) мерекені В) күндер С) мейрамның Д) алаңда 
10. Сөздің дұрыс аудармасын тап: вторник 
А) бейсенбі В) сәрсенбі С) сейсенбі Д) жұма 
11. Бітеу буынды сөзді көрсет: 
А) сурет В) гүл С) сағат Д) уақыт 
12. Дұрыс аудармасын көрсет: сейчас 12 часов 
А) қазір сағат он бір В) қазір сағат он екі С) қазір сағат он Д) қазір сағат тоғыз 
13. Аю, түлкі нелерге жатады? Белгіле. 
А) жануарларға В) құстарға С) аңдарға Д) адамдарға 
14. Қар ериді – бұл қай мезгілде болады? Көрсет. 
А) күзде В) жазда С) қыста Д) көктемде 
15. 8 – наурыз – бұл қай мезгілдің мерекесі, белгіле: 
А) көктем В) қыс С) күз Д) жаз 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24.05.2019
1852
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі