400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

4-сыныптарға мазмұндама жұмысын жаздырту

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бастауыш сынып мұғалімі" мамандығының білім алушылары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

№ 74-сабақ. Тақырыбы Мазмұндама.Торғайлар.

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Асембаева Аружан

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.3.3.1 - оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады; мұғалімнің көмегімен зат есімдерді септейді.

Оқушылардың көбі:

тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;зат есімдерге сұрақ қою арқылы септейді.

Оқушылардың кейбірі:

тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;өз бетімен зат есімдерді септейді.

Бағалау

Критерийлері


•Тыңдалған мәтіннің негізінде мазмұндама жазады.

•Ілік септігінің жалғауларын біледі.

Ойлау дағдысының деңгейі

Қолдану

Тірек сөздер


Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есімнің септелуі. Атау септік.Ілік септік. Сұрақтары.Жалғаулары.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Қыстап қалатын құстарды атай аласың ба?

-Қыста құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?

Құндылықтар

адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы құстарға қайырымдылық жасау

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Зат есімнің септелуі. Мәтінге жоспар құру. Мәтіннің бөліктері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдастыру бөлімі.Көркем жазу минуты.Берілген суретте қыстап қалатын құстардың аттарын қаллиграфияны сақтай отырып, алфавит ретімен жазып шығу.


торғай көктеке қарға кептер

сарышымшық пайызторғай үкі қайшыауыз

суықторғай сауысқан сарнауықторғай тоқылдақ

Кептер, көктеке, қайшыауыз, қарға, пайызторғай, сарнауықторғай, сарышымшық, сауысқан, суықторғай, тоқылдақ, торғай, үкі.

- Бұл құстардың ұқсастығы не? (...зат есім)

- Байқағанымыздай, ірілеу құстармен бірге кішкентай құстар – торғайлар қыстап қалады екен.

Қыс маусымы - қыстар үшін өте ауыр кезең. Құстарға қыста қорек тауып жеу қиынға түседі. Сондықтан қыста құстар суықтан емес, аштықтан қырылады.

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Слайд





Жұмыс дәптері




Сабақтың ортасы

30 минут

























































1-қадам.Мәтінді мұғалім оқиды.Тапсырма «Еркін жазу» әдісі арқылы жүргізіледі.

2-қадам.Оқушыларға сұрақ қою:

1.Мәтіннің тақырыбын басқа қалай деп қояр едіңдер? (Қамқорлық. Дәулеттің қамқорлығы. Кішкентай торғайлар)

2.Автордың негізгі ойы?(Құстарға қамқорлық )

3-қадам. Берілген сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құрады.

Сұрақтар:

  1. Дәулет терезе алдынан нені байқады?

  2. Дәулет торғайларға қандай қамқорлық жасады?

  3. Дәулеттің ойына не келді?

Мазмұндама жоспары:

  1. __________________________________

  2. __________________________________

  3. __________________________________


4-қадам. Орфографиялық дайындық. Тақтадан тірек сөздер жазылады. Ілік септігі жалғауларына ң әрпі жазылатынын ескеру.

- барлық сөз тіркестерінің ұқсастығы неде? (Ілік септігінің жалғаулары, ң жазылады)

Күннің әлсіз нұры, терезенің алдына, Дәулеттің жаны ашу, апасының сөзі, нанның қиқымы, терезенің жақтауы, торғайдың пайдасы, шыбын-шіркейдің көзін. 5-қадам. Лексикалық дайындық. Сөздерді синонимдерін таңдау. Мысалы, жаураған сияқты –тоңған сиқты.

Саңылау жасау - терезені аздап ашу,

Түйіндеген –қорытындылаған, шешкен.

6-қадам. Мұғалімнің оқып беруі.

7-қадам.Оқушылар жұптасады. Мазмұнын айтуға дайын оқушы мазмұнын айтуға қиналатын оқушымен жұптасып, мазмұнын айтып береді.

8-қадам.Жоспар бойынша мазмұндама жазады.

Торғайлар

Қыс. Күн суық. Қаңтар айында күннің әлсіз нұры ауланы шуаққа бөлей алмай тұр. Дәулет терезе алдында сыртқа қарап, жалғыз өзі отыр еді. Үлкен терезенің алдына бір топ торғай ұшып келді. Қарындары қатты ашқан болуы керек. Дір-дір етеді. Дәулеттің торғайларға жаны ашыды. Терезені ашып, торғайларды үйге кіргізіп алғысы келді. Апасының: «Терезені ашып қойма, үй суып кетеді» деген сөзі есіне түсті.

Ол терезені сәл саңылау жасай ашты да, нанның қиқимын алып, терезенің жақтауына септі. Торғайлар нанның қиқымын тез-тез шоқып жеді де, ұшып кетті. Кенет торғайлар бұрынғысынан да көбейіп ұшып келді. Терезе жақтауына жапырлай қонып, топырлап барады.

«Торғайдың пайдасы көп» дейтін әжесі. Олар ағашқа, алмаға, жүзімге зиянды құрт-құмырсқаларды теріп жеп, жамандыққа жол бермейді емес пе? Өз ойын осылай түйіндеген Дәулет нан салынған ыдысқа тағы да қолын соза берді.

9-қадам.7-қадамда мазмұнын айтқан оқушылар енді тыңдайды. Керісінше, мазмұнын тыңдап отырған оқушы жазғанын жұбына оқып береді.

10-қадам. Жазған мәтін ішінен ілік септігінде тұрған сөздердің жазылуына мән береді. Сол сөздердің астын сызады.

Дескриптор:

  • мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;

  • сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;

  • грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;

- каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

- сөйлемдердегі ілік септігінде сөздерді табады.

- жалғауларында ң әрпінің жазылуын біледі.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.Соңынан мұғалім бағалайды.















Слайд

Жұмыс дәптері













Слайд









Қосымша материал №1





















Сабақтың соңы

5 минут





Кері байланыс. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі.

Маған бұл сабақта не маңызды болды?

Қай мәселені шешуде қиындық туғызды?

Үй тапсырмасы

- мұз үстіндегі төтенше жағдайдан қорғану кезінде дұрыс болатын әрекетті белгілеу;

-берілген сөздерден зат есімдерді тауып, ілік септігінің жалғауын жалғау.

Слайд







Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы




оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама.

-тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

-зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Смайлик арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі