Материалдар / §4.Нәруыздарды құрамы мен құрылымы бойынша жіктеу.

§4.Нәруыздарды құрамы мен құрылымы бойынша жіктеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.4- нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
66
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып КГБ №4


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Нәруыздардың құрамы (жай, күрделі)және қызметі бойынша жіктеу. §4.Нәруыздарды құрамы мен құрылымы бойынша жіктеу.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нәруыздардың құрамы (жай, күрделі)және қызметі бойынша жіктеу.

§4.Нәруыздарды құрамы мен құрылымы бойынша жіктеу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.4- нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу;

Сабақтың мақсаты:

нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы





Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Карбон қышқылдары, глицерин, дипидтер, фосфолипидтер, сыртқы жасуша мембранасы, миелин қабықшасы, дәрумендер, гормондар.

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Оқушылардың назарын аудару

«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


Полимерлер және мономерлер дегеніміз не?

Полимерлер болып табылатын көмірсуларға мысалдар келтіріңдер?

Ретті биополимерлер дегеніміз не?

Полимер тізбектер неден тұрады?


Кіру билетінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.4- нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Сабақтың ортасы





Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Аминқышқылдары:қарапайым және күрделі нәруыздар; простетикалық топ; сутектік, сульфидтік және ковалентті немесе пептидтік байланыс; дисульфидтік көпіршелер; нәруыз молекуласының құрылымы: бірінші, екінші, үшінші (микроглобула), төртінші реттік (макроглобула).


«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://youtu.be/AF7PiKJm97U?si=csZ7N2djrXx1XdZF


Практикалық тапсырмалар беру

Топтық жұмыс.

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, топтық жұмыс ұйымдастырады.

1-топ. «Нәруыздарды құрамы бойынша жіктеу »

2-топ. « Нәруызды құрылымы бойынша жіктеу»

3-топ. «Нәруыздардың химиялық, физиалық қасиеті» туралы «Тірек сызба» әдісі арқылы оқулықтағы ақпарты топта талдып, қорғауға нұсқау береді..

Оқушылар топтарда мұғалімнің бағыт берумен берілген тақырыпты талдап, жаттығу жұмыстарын орындайды.


Нәруыздарды құрамы бойынша жіктейді. Нәруыздарды құрылымы бойынша жіктейді. Нәруыздарды физикалық және химиялық қасиетін сипаттайды.

Дескриптор:

- нәруыздарды құрамы бойынша жіктейді – 5 балл;

- нәруыздарды құрылымы бойынша жіктейді – 5 балл;

- нәруыздарды физикалық және химиялық қасиетін сипаттайды – 5 балл;


Интерактивті панель, презентация


А3 формат қағаз, маркер


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Бағалау

Жеке тапсырма:

1-тапсырма.

«Шындық», «Жалған» тәсілі арқылы жеке жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды.

2-тапсырма.

«Кім жылдам?» тәсілі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды.

Берілген тұжырымның шындық / жалған екенін анықтайды.



Суреттегі ақуыздың құрылымдық белгілерін дұрыс тауып, кестеге жауабын жазады.






Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейді.

Дескриптор:

- берілген тұжырымның шындық / жалған екенін анықтайды – 3 балл;


Дескриптор:

- суреттегі ақуыздың құрылымдық белгілерін дұрыс тауып, кестеге жауабын жазады – 3 балл;


Дескриптор:

- нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейді – 3 балл;

Инетрактивті панель, презентация


Жұмыс дәптері



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Сабақтың соңы




Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

1. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері.

Білім алушылар келесі тапсырманы жазады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


1-топ. «Нәруыздарды құрамы бойынша жіктеу »

Shape1




2-топ. « Нәруызды құрылымы бойынша жіктеу»

Shape2





3-топ. Нәруыздардың химиялық, физиалық қасиеті» «Кластер» әдісі арқылы оқулықтағы ақпарты топта талдып, қорғайды.

Shape3







Жеке жұмыс

1-тапсырма. «Шындық», «Жалған» тәсілі

Сипаттама

Ш

Ж

Нәруыздардың құрамына тек аминқышқылдары кіретін болса, мұндай нәруыздар қарапайым нәруыздар деп аталады



Гемоглобин тасымалдаушы күрделі нәруызға жатады



Нәруыз молекуласын ыдыратып, глицин және лейцин аминқышқылдарын алған Я.Беккорий



Бидай нәруызын – ұн құрамындағы желімтікті ашқан

А.Браконно



Нәруыз молекуласы арасында пептидтік байланыс болатынын ашқан Э.Фишер




2-тапсырма Суреттегі ақуыздың құрылымдық белгілерін тауып, кестеге жауабын жаз.















шиыршықтәрізді, N-H және CO топтары арасындағы сутектік байланыс


микроглобула, кез-келген

конфигурацияға ие бола алады



тізбекке қосылған аминқышқылы, пептидтік байланыс


макроглобула, 2-3 немесе одан да көп нәруыз молекуласы біріккен кезде түзіледі




3-тапсырма Тест

1. Адам ағзасында ауыстырылмайтын аминқышқылдар саны

А. 6

В. 7

С .8

Д .10

2.Шаш, тырнақ, қауырсын кұрамына енетін нәруыздар

А .Кератин,

В. Глютелин

С. Эластин

Д. Гемоглобин

3/Жарықты қабылдау процесіне қатысатын нәруыз

А .кератин,

В. глютелин

С. родопсин

4/Жиырылғыш нәруыздар:

А .Кератин, коллаген

В. Глютелин , гистон

С. эластин, фиброин

Д. Актин, миозин

5.Тасымалдаушы -нәруыз

А .Кератин,

В. Глютелин

С. Эластин

Д. Гемоглобин

6. Түс беретін нәруыз

А .меланин

В. Глютелин

С. Эластин

Д. Оссейн

7/Қан кұрамындағы глюкозаны реттейді

А. коллаген, эластин,

В.глютелин , гистон

С. кератин, фиброин

Д.инсулин , гликоген

8.Қорғаныштық қызмет атқаратын нәруыздар

А.тромбин, фибриноген

В.. коллаген, эластин,

С.глютелин , гистон

Д. кератин, фиброин

9.Қанның ұюы процесінде маңызды рөл атқарады

А.тромбин, фибриноген

В.. коллаген, эластин,

С.глютелин , гистон

Д. кератин, фиброин

10/Сүйек нәруызы

А .Кератин,

В. Глютелин

С. Эластин

Д. Оссейн














Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!