400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"4саны мен цифры"

Материал туралы қысқаша түсінік
4 санымен таныстыру,4 санының қаңтардағы орнын анықтау.4санын бейнелеуге үйрету. Цифр мен заттың санын анықтауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Бектұрғанова Ф.Б.

Күні: 23.11.2021 жыл

Топ: №12 «Балауса» мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы/ бөлімі: «Таным» / «Математика»

Сабақтың тақырыбы: «4 саны мен цифры. 4-тің көлемінде есептік және реттік санау.

. Логикалық есептер».

Білімділік мақсаты: 4 саны және цифрымен таныстыру, цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету, 4 спнының қатардағы орнын анықтау, 4 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.

Түзете-дамытушылық: балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: бір-бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық, сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық

Көрнекіліктер: 4 цифры, орындықтың суреті,балауыз ,ақ парақ, есептеуге арналған құралдар

Қостілділік компонент/билингвальный: төрт-четыре, орындық-стул


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғау-шы





Іздеу- ұйымдас-тырушы































Рефлек-сиялық түзетуші

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз

Алдыменен қонақпен амандасып аламыз

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанеки бәріміз

-Сәлеметсіздерме!

Балалар мен сендерді математика әлеміне саяхатқа апарайын.Онда пойызға отырып жолға шығайық

Қане кімнің бойы ұзын

Паровозы ол пойыздың

Қата-қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық

-Балалар математика әлеміне де келіп жеттік.Қараңдаршы қандай ғажайып әлем.Неткен әдемі пішіндер,сандар.Бірақ сандарымыз бір-бірінен адасып қалған сияқты.Қане оларды ретімен қойып тура және кері санайықшы.Балалар шашылып жатқан сандарды алып ретімен тұра қалады да,тура жіне кері санайды.

Математика әлемінің сендерге дайындаған тапсырмалары көп екен,ал енді топқа бөлініп отырайық.Ол үшін «Тұрғын және үй» ойынын ойнайық.Балалар екі-екіден қолдарын көтеріп үйдің шатырын жасап тұрады,бір бала астына кіріп тұрғын болады.Оң жақтағы балалар бір топ,сол жақтағы балалар бір топ,ал тұрғындар бір топ болады.

Өткен сабақты еске түсіру:

-Балалар жанағы ойында бір топта неше бала болды?

-Үйдің шатырының неше бұрышы болды?

-Демек біздің өткен санымыз неше екен?

-Дұрыс айтасыңдар біз өткен сабақта 3 санымен таныстық,балалар қалай ойлайсыңдар, бүгін қай цифрмен танысамыз,мұқият тыңдап,қарап отырайық

Жаңа сабақ

Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру.

Машинаның суретін көрсетіп

-Машинаның дөңгелегі нешеу?

Енді бір жұмбақ жасырайын

Аяғы төртеу жүре алмайды

Не жатып бір дем алмайды (Орындық)

1.Тапсырма «Жолақшалардан орындық құрастыру»

Шарты: Ақ параққа жолақшаларды қою арқылы орындық құрастыру.

-Енді жасаған орындығымызды аударамыз,не пайда болды? 4 саны

-Дұрыс айтасыңдар 4 саны шықты. Бүгін біз 4 санымен танысамыз,4 саны 4 бірліктен тұрады.Сондықтан да сандар қатарында төртінші тұрады. Енді осы 4 санын ауада жазып көрейікші. (Балалар ауада 4 санын жазады.)

2.Тапсырма: 4 санын жазу .Балалар алдарындағы ақ параққа 4 санын балауызбен жазады.Сол парақты алдарындағы акварель бояумен бояйды,сол кезде 4 саны шығады.

Сергіту сәті

1,2,3 Жүгір алып ұш

4 дегенде тоқтаймыз

Бір тынығып аламыз

3.Тапсырма «Балық аулау» ойыны

4 санына байланысты есептер шығару

4.Тапсырма «Миға шабуыл» Тақтаға 4 алма және 5 алмұрт қоямыз

Алма мен 5 алмұрт тең бе тең емес пе?

-Ол үшін не істейміз?

«Сәйкестендір» - дәптермен жұмыс

Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру


«Цифрды жапсыр»

Заттар тобын цифрмен сәйкестендіреді

Қорытындылау:

– Балалар, бүгін математика сабағында қандай цифрмен таныстық?

- 3 цифры неге ұқсайды екен?

Балалар сабаққа пайдаланған көрнекіліктерді орнына қояды.

Балаларды мадақтау.



1,2 санымен

Таяқшамен, жіппен жазады


Ойыншықтар, т.б. топтаст-ырады, себе-бін түсінді-реді

санайды

3 цифрымен




3 цифрын көреді

Ауада жазады







Саусақпен жазады

Қарындаш-пен бастырады


Жаттығуды жасайды




Цифрды сәйкестендіреді

Тапсырманы орындайды



3 саны, цифрымен, садаққа

ұқсайды


Күтілетін нәтиже:

Білу: 3 саны және цифрын;

Игеру: 3 цифрының жазылуы туралы түсінікті;

Жасай алу: үш заттан тұратын топты табуды, нүкте, затты цифрмен сәйкестендіруді

Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Бектурганова Ф..Б.

Күні: 02.11.2021 жыл

Топ: №12 « Балауса» мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы/ бөлімі: «Таным» / «Математика»

Сабақтың тақырыбы: «3 санының құрамы.Уақыт қатынастары: ағымды және келесі айдын атауларын бекіту»

Білімділік мақсаты: 3 саны және цифрымен таныстыру, цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету, заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.

Түзете-дамытушылық: балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: бір-бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық, сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық

Көрнекіліктер: 3 цифры, садақтың суреті, жұмыс дәптері

Қостілділік компонент/билингвальный: үш-три, садақ-лук


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғау-шы





Іздеу- ұйымдас-тырушы































Рефлек-сиялық түзетуші

Өткен сабақты еске түсіру:

-Қай санмен таныстық?

-2 цифры қалай жазылады? (жіп, таяқшалармен жазу)



«Артық затты тап» ойыны

Балалар әр топтағы артық затты табады, оның не үшін артық екенін түсіндіреді.

-Әр топта неше зат қалды? (санайды)




-Дұрыс айтасыңдар, балалар қалай ойлайсыңдар, бүгін қай цифрмен танысамыз?


Жаңа сабақты түсіндіру

Тақтаға балықтардың суретін қою, балаларға санату:

3 цифрын тақтадан көрсету.

Бабалар қару-жарағы,

Жебесі мен садағы.

Жауларын атса жусатқан

Садақты «3»-ке ұқсатам.

Ауада 3 цифрын жазғызу


«Дәптермен жұмыс»

-Көрсетілген бағыт сызығы бойынша цифрды саусақпен басып жазу;

-3 цифрының қатарын қарындашпен бастыру.




Сергіту сәті

3 рет секіру, оң аяқпен 3 рет, сол аяқпен 3 рет жерді тебу. 3 рет қолды шапалақтау. Қатар отыратын баламен 3 рет қол шапалақтау

(оңға, солға, жоғары, төменді дұрыс орындауларын қадағалау)


«Сәйкестендір» - дәптермен жұмыс

Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру


«Цифрды жапсыр»

Заттар тобын цифрмен сәйкестендіреді



Қорытындылау:

– Балалар, бүгін математика сабағында қандай цифрмен таныстық?

- 3 цифры неге ұқсайды екен?

Балалар сабаққа пайдаланған көрнекіліктерді орнына қояды.

Балаларды мадақтау.



1,2 санымен

Таяқшамен, жіппен жазады


Ойыншықтар, т.б. топтаст-ырады, себе-бін түсінді-реді

санайды

3 цифрымен




3 цифрын көреді

Ауада жазады







Саусақпен жазады

Қарындаш-пен бастырады


Жаттығуды жасайды




Цифрды сәйкестендіреді

Тапсырманы орындайды



3 саны, цифрымен, садаққа

ұқсайды


Күтілетін нәтиже:

Білу: 3 саны және цифрын;

Игеру: 3 цифрының жазылуы туралы түсінікті;

Жасай алу: үш заттан тұратын топты табуды, нүкте, затты цифрмен сәйкестендіруді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі