Материалдар / 4сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары жауаптарымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

4сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
4сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары жауаптарымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2024
1830
13 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап бер. 3 – нұсқа

Жетіген

Жетіген-жеті ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Тарихы Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән” – “жетіген” деген ұғымды береді.

1. Жетігеннің бөлшектері

A. құлағы, тиегі, таяқшасы B. ішек, тиегі, басы

C.сылдырмақ, таяқшасы, тиегі D. Ішектер, ойық, асық

2. Ел ішіне кең таралған көп ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспап

A. сыбызғы B.дауылпаз C.жетіген D.домбыра

3. Жетіген аспабына үн беретін негізгі бөлік ол...

A. Адамның жетігенді тарту шеберлігіне байланысты

B. Ойықтар мен асықтар C. Жұқа қақпағы D. Жалпы тұрқы

4. "Жетіген" ұғымы қандай сөздерден құралған?

A. жеті, ішек B. жеті, ел C. жеті, інген D. жеті, ән

5. Мәтіннің үшінші сөйлеміндегі сипаттаманы қандай фигураға ұқсатуға болады?

А.көпбұрыш В. төртбұрыш С. шаршы Д. шеңбер

6. Ертеректе көне жетігеннің ішегі неден жасалған?

  1. Асықтан В. Қойдың қылынан

С. Аттың қылынан Д . Жіптен

Ер Төстік

Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінің ішіндегі ең бір қызықтысы – «Ер Төстікті» көпшілік біледі. Онда жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, махаббат пен зұлымдық арасындағы қиян-кескі күрес бейнеленеді.

Ертегінің басты кейіпкері – Ер Төстік. Ол халық қиялынан туған, жердің асты мен үстін бірдей кезіп жүретін ғажайып батыр, ақылды ер. Өзі туа сала ер жетеді: бір күні – бір апта, бір аптасы – бір ай, бір айы – бір жылға татады.

Ер Төстікке қарсы қара күш иелері де осал емес. Олар: перінің қызы Бекторы, тауды қаңбақтай ұшырып, тасты бұршақтай жаудыратар жалмауыз кемпір, жанын басқа жерде сақтайтын Шойынқұлақ.

Бұларды жеңіп, мерейі үстем болу үшін Ер Төстіктің бір басының батырлығы мен ақылдылығы аздық етуі мүмкін ғой. Сондықтан халық қиялы оған ғажайып алыптар мен өнерпаздарды жолдас етеді. Олар адамша сөйлейтін ат – жел жетпес жүйрік Шалқұйрық, екпінін тежеу үшін аяғына қара қазандай төс байлап жүгіретін Желаяқ. Жердің асты-үстінің сыбырын естіп қалт жібермейтін Саққұлақ, Қақпақыл қылып ойнататын Таусоғар, бір көлдің суын бір-ақ рет ұрттайтын Көлтаусар сияқты Ер Төстіктің адал достары. Ер Төстік осы серіктерінің және өзінің ақылдылығы мен ғажап батырлығының арқасында зұлымдық өкілдерін жеңіп, еліне аман-есен оралады.

7.Сенімді серігі Шалқұйрыққа байланысты мақал-мәтел

  1. Жылқы – ер қанаты В.Жақсы сөз – жарым ырыс

С.Жүйрік ат аяғынан қалады Д. Мәуелі ағаш – майысқақ

8.Ер Төстік» ертегісінің түрін анықта

  1. жан-жануарлар туралы В. қиял- ғажайып

С. шыншыл Д.тұрмыс-салт

9. Ер Төстіктің достары

  1. жалмауыз кемпір, Саққұлақ, Таусоғар, Шалқұйрық, Желаяқ

  2. Бекторы, Кенжекей, жалмауыз кемпір, Көлтаусар, Саққұлақ

  3. Шалқұйрық, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар

  4. Шойынқұлақ, Таусоғар, Бекторы, Желаяқ, Көлтаусар,Таусоғар

10. Ер Төстікке қарсы қара күш иесі

  1. Бекторы В.Желаяқ С.Таусоғар Д. Шалқұйрық

11.Фотосинтез деген бұл жарықтың әсерінен өсімд/дің жапыра

ғында_оттек бөлінуі мен құнарлы заттардың түзілу үдерісі

А. Өсімдіктің өсіп және жетілуі В. Өсімдікте глюкозаның түзілуі

С. Өсімдікте оттектің бөлінуі Д. Өсімдіктердің жасыл мүшесінде глюкозаның түзілуі мен оттектің бөлінуі Е. Өсімдіктің жасыл мүшелері, сабағы, тамыры.

12.Жанғыш пайдалы қазбалардан алынатын энергияның баламалы көздерін көрсетіңіз.

А. Қара металл энергиясы В. Тау,тас, құм энергиясы

С. Күн, су,жел энергиясы Д. Түсті металлдар энегиясы

Е. Өсімдіктер мен жануарлар энергиясы

13.Өзендер мен көлдер орналасқан

А. Биосфера В. Мантия С. Гидросфера Д. Литосфера Е. Атмосфера

14.Асқорту дегеніміз ......

А. Ас ағзаға сіңуге ыңғайланып, асқазанға түседі В. Желінген тамақ пен ішкен су

С. Ас тісте шайналған тағам Д. Асқазанға түскен тамақ.

Е. Ас ағзаға сіңуге ыңғайланып, ұсақ бөліктерге ыдырайды

3 – нұсқа

15.Судың табиғи жолмен ластануын көрсетіңіз

А. Су тасқыны В. Өзен, көл көліктері С. Зауыттың қалдықтары

Д. Тұрмыстық ағынды су Е. Еріген қар сулары

16.Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?

А. 6 В. 7 С.8 Д. 9 Е.10

17.Ересектердің тамырының соғуы минутына.....

А.60 рет В. 70 рет С.100 рет Д. 50 рет Е. 80 рет

18.Ас ағзадан ..... сағатта қорытылады.

А. 7-8 В. 6-7 С.9-10 Д. 7-9 Е. 5-6

19. 634366 санындағы барлық жүздікті, барлық ондықты көрсет

А. 634, 63436 В. 634, 6343 С. 6343, 63436

Д. 63436, 366 Е. 62436, 343

20.Теңдеуді шеш. х+ 120=45х6

А. 150 В. 170 С. 270 Д. 100 Е. 130

21.Тіктөртбұрыштың ауданы 450 см2. Ал ұзындығы 25 см болса, осы тіктөртбұрыштың периметрі қанша см?

А. 86 см В. 28 см С.88 см Д. 70 см Е. 68 см

22.Ойлан, тап

А. 14 В. 16 С.15 Д. 17 Е. 20

  1. Формуланы тап. Кестедегі х пен у айнымалыларының қатынасын тап. Осы қатынасты формула түрінде көрсет.





А. Жауап жоқ В. у=х:5 С.у=х-5 Д. у=х*5 Е. у=х+5

24.Есепті шығар. Әр бәліш тең екіге бөлінді, әр жартысы тағы да тең екіге бөлінді. Барлық бөлінген бәлішті 1 тілімнен салу үшін 12 тарелка қажет болды. Басапқыда неше бүтін бәліш болғанын тап.

А. 3 бүтін бәліш В. 8 бүтін бәліш С. 12 бүтін бәліш

Д. 4 бүтін бәліш Е. 6 бүтін бәліш

25.Теңдеу құр. Бір қаладан екінші қалаға бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. Олардың бірінің жылдамдығы 72 км/сағ,екіншісінің жылдамдығы 68 км/сағ. Егер екі қаланың арасы 420 км болса, олардың неше сағаттан кейін кездесетінін анықта.

А. (72+68)*х=420; t =3сағ В. (72+68)*х= 42; t=2сағ

С. (72-68)*х=420; t=2сағ Д. (72+68):х=420; t=3сағ

Е. (72+68)+х=420; t=3сағ

26.Ұзындығы 15 см, ені 12 см, биіктігі 3 см болатын параллелепипедтің көлемін анықтаңыз.

А. 348 м2 В. 349 м2 С. 445 м2 Д. 540 м2 Е. 234 м2

27.Тоғайда 240 қайың, одан 93-і кем қарағай бар. Теректер қарағайдан 2 есе артық. Бұл тоғайда барлығы қанша ағаш бар?

А. 881 В. 681 С. 581 Д.781 Е.481

28.Спорт кешенінде ұзындығы 20 м, ені 6 м бассейн әкелінді. Бассейннің биіктігі 3 м.Бассейн екі құбырдың көмегімен суға толады. Бірінші құбыр суды 50м3/сағ, екінші құбыр 40м3/сағ жылдамдықпен құяды. Егер екі құбыр да ашық тұрса, бассейн неше сағатта суға толады?

А. 2 сағат В. 1 сағат С. 3 сағат Д. 4 сағат Е. 5 сағат

29.Бірінші кластың 5 бірлігі, екінші кластың 4 бірлігі, үшінші кластың 6 бірлігі болатын санды анықта.

А. 6004050 В.6004005 С.604005 Д. 600405 Е. 600400

  1. Теңдеуді шеш: 2*в-24=15*6

А. 59

В. 57

С. 61

Д. 53

Е. 55

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!