Материалдар / 500 әдіс тәсілдері

500 әдіс тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
1. «Интерактивті дәріс» Орындалу барысы А. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды. Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет. В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
4202
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдермен

психологиялық тренингтер

жинағы




















  1. «Интерактивті дәріс»

Орындалу барысы

А. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды.  Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет. 

ВОқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінедіОқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді. 

С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады.  Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.


  1. Фильмдерді көру және оны талдау

Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.

       Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес,  сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.


  1. «Мозаика»

 Өткізу кезеңдері

А.  Үзінділерге  бөлінген,  тапсырмамен жұмыс істеу үшін  оқушылар 4-6 адамнан   құрылған  топтарға   ұйымдастырылады  (логикалық немесе мағыналы блоктар).  Шағын топтың әр бір мүшесі  өз бөлімі бойынша материал табады.

В. Содан кейін  бір сұрақты  зерттейтін,  бірақ әр түрлі  шағын топтарда тұратын оқушылар  осы мәселе бойынша сарапшылар сияқты,  кездеседі  және осы ақпаратпен алмасады.     Бұл «сарапшылар  кездесуі» деп аталады.   

С. Ары қарай сарапшылар  өздерінің шағын топтарына  қайтады  және  басқа шағын топтардың мүшелерінен  үйренген барлық  жаңа  білгендерін үйретеді.  Яғни,  өз кезегінде,  өз  тапсырмасының бөлігі туралы   баяндайды  (бір  араның тіліндей). Өйткені материалды  барлық фрагменттерімен  меңгерудің  жалғыз жолы,   серіктестерін  команда  бойынша  мұқият тыңдау  және жазып отыру,   мұғалім тарапынан  ешқандай қосымша күш  талап етілмейді.   Оқушылар жолдастарының  өз тапсырмаларының  адал орындағандарын қалайды, өйткені бұл  олардың  қорытынды бағаларына әсер етеді.   Барлық  тақырып бойынша әр қайсысы  және барлық команда толық жауап береді.

Д. Қорытынды кезеңде  мұғалім  осы тақырып бойынша  кез келген сұрақты команданың   кез келген мүшесінен  сұрайды.  


  1. Метод Jigsaw-2 «Пила-2»

Бұл әдіс  4-5 адамнан құрылған  топпен  оқушылардың жұмысын көздейді.

Өткізу кезеңдері

А. Кіші топтың әрбір мүшесі ортақ жұмыстың  жеке бір бөлігін  алу орнына,  бүкіл шағын топ   сол бір жұмыспен ғана жұмыс істейді.  Бірақ бұл ретте топтың әрбір мүшесі тапсырма алады, ол айрықша мұқият әзірленеді  және  оған сарапшы болады.  

Б. Әр түрлі топрдың   сарапшыларының кездесулері өткізіледі.

С. Сабақтың соңында барлық оқушылар  бағаланатын  жеке бақылау кесіндісінен өткеді.  Оқушылардың нәтижелері  жинақталады.  Ең жоғары

балдарға қол жеткізген шағын топ  марапатталады.  


5.  Пікірталас

Мақсат: сыныптағы проблеманы  талқылауды ұйымдастыру.

Өткізу кезеңдері:

А.        Пікірталастың проблемасы  мұғаліммен  тұжырымдалады.

Б.        Оқушылар 6-8 адмнан шағын топтарға бөлінеді, олар шеңбер бойынша  сыныпта орналастырылады.  

В.        Әр бір шағын  топтың мүшелері   өкілін немесе төрағасын  сайлайды,  ола пікірталас  барысында олардың  позициясын жақтайды.

Г.        15-20 минут барысында   шағын топта  проблемалар талқыланады және   жалпы көзқарас өңделеді.  

Д.        Топтардың  өкілдері  шеңбердің ортасына жиналады  және  топтың ойын айтуға  олардың позицияларын жақтауға мүмкіндік алады.  Басқа оқушылар   шағын топтың өкілдерінің  жалпы позицияны    қаншалықты  айшықтай алатындығын  талқылау мен тақырыптың барысын қадағалайды.   Олар жеке ойларын  айта алмайды тек қана  талқылау барысында  өз  пікірлерін білдіретін   жазбаларын ғана  жолдай алады.  

Е.        Топтардың өкілдері  басқа мүшелермен ақылдасу үшін  үзіліс ала алады.

Ж.        Панельді  талқылау   берілген уақыт аяқталғанда немесе  шешім қабылданғаннан кейін  аяқталады.  

З.        Пікірталас аяқталғаннан кейін  топтардың өкілдері   талқылаудың барысы туралы  сыни талқылау жүргізеді, ал шешім барлық студенттермен қабылданады.  



6. «Аквариум»

Мақсат:  оқушыларға   проблеманы  талқылауға  еркін кіруге  және шығуға мүмкіндік береді.

Өткізу кезеңдері

Оқушылар мұғаліммен бірге  екі шеңбер құрады: сыртқы (бақылаушылар) және ішкі  (белсенді қатысушылар).

Ішкі шеңбердің мүшелері   мұғаліммен ұсынылған  сұрақты талқылауға белсенді қатысады.  Басқа оқушылар  бақылайды және  олардың қайсысының   нұсқасы қызықтырғанда ғана  сөз сөйлейді; олар толықтырады,  сұрақтар қояды, нақтылайды.  Сонымен қатар   оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы» белсенді қатысушының қасына  тұруға тиіс.

Бір проблеманы (сұрақты)  талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар  шеңберге отырады). Мүмкіндігінше, барлық оқушылар  шеңберде болуы керек.


7. Кейс-стади

Сase-study өткізу кезеңдері

 Кесте  1

Кезеңдер. Мұғалімнің әрекеті.         Оқушының әрекеті

Сабаққа дейін

А.        Кейсті алады ( нақты жағдай).

В.        Оқушыларды дайындау үшін  көмекші материалдар мен  негізгілерді анықтайды .

С.        Сабақтың сценариін өңдейді.

А.       Ұсынылған әдебиеттің  тізімі мен кейсті  алады.

Д.        Жағдайды талқылауға  дайындалады.

Сабақ барысында        

А.        Кейсті алдын ала талқылауды ұйымдастырады.

В.        Сыныпты топтарға бөледі.

С.        Кейсті топшаларда   талқылауды жетекшілік етеді,  оқушыларды қосымша  мәліметтермен  қамтамасыз етеді.          

А.        Кейсті және проблеманың түсінігін  тереңдететін  сұрақтарды қояды.  

В.        Шешімдердің нұсқаларын өңдейді,  басқалардың ойларын назарға алады.

С.        Шешімдерді қабылдауға қатысады.

Сабақтан кейін        

А.        Оқушылардың жұмыстарын бағалайды.

В.        Қабылданған шешімдерді және  қойылған сұрақтарды  бағалайды. Берілген үлгі бойынша  сабақ туралы жазбаша есеп  құрайды.  


8.  Құрылымдалған қайшылықтар  әдісі

Өткізу кезеңдері

А. Төрт адамнан  шағын топта  оқушылардың екі жұбы  айқындалады.  

В. Шағын –топ қарама –қайшы сипаттағы  проблемаға  айшықталған  және қарсы  шешімі бар тапсырма алады.   

С. Жеңу үшін емес, проблеманы толық түсіндіру  үшін   қажетінше көп материал жинау мақсатында,  әр бір жұп  проблеманың бір жағын талқылайды.

Д. Содан кейін әр бір жұп  проблеманың қарсы жақтарын  талқылайды.

Қорытындысында  барлық шағын  топтың  проблемаларын  біртұтас шешу   болуы қажет.  



9.  «Алаңдардағы белгілер» әдісі

Оқушылар  мәтін алады және  оған тиісті белгілерді қояды:  

+” –  сіздің оқып отырғаныңыз  сіздің білгеніңізге сәйкес болса, алаңға қойыңыз;

-” – сіздің оқып отырғаныңыз  сіздің білгеніңізге қарсы болса немесе бұны білемін деп ойласаңыз, алаңдарға қойыңыз;

V” - сіздің оқып отырғаныңыз   жаңа болып табылса, алаңдарға қойыңыз;

?” - сіздің оқып отырғаныңыз, түсініңсіз болса немесе  бұл сұрақ бойынша сіз нақты  мәліметтерді алғыңыз келсе  алаңдарға қойыңыз.  

Осылайша,   мәтінді оқу барысында оқушылар   өз білімдері мен түсініктеріне сәйкес  алаңдарға  төрт түрлі белгі қояды. Жұмысқа уақыт  мәтіннің көлеміне қарай бөлінеді.  


10.  «Пирамида тарихы» әдісі

Жолдың номерін  сөздің саны  білдіретін,  «пирамидаға» сыйғызылған ерекше құрылым жатыр:

1) басты кейіпкердің аты  (тақырыптың);
2) мінездеме немесе сипаттама;
3) әрекеттің орны (пайдалану);
4) проблема;
5) жағдайдың өрісін сипаттау;
6) проблеманы шешу үшін  не қолданылды.

7) проблеманы шешу және  ары қарай не болатынын болжау.  


11. КАРТОЧКАЛАР  ИЕРАРХИЯСЫ

Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.

Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

Жұмыс алгоритмі

  • Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.

  • Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.

  • Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.

  • Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.

  • Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға болады.



12. «Бес сұрақ» әдісі

Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.

Жұмыс алгоритмі

Үлкен қағаз бен маркер керек.

Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.

Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.

Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.

Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.


13. «БІР МИНУТ» әдісі

Бұл әдіс  оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады. Сыныпты жоспарлау  топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.

Әдісті жүзеге асыру  алгоритмі

  • Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.

  • 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ