жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
5.4.Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
Бекітемін________________________
Білім беру ұйымының атауы |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәні: |
Жаратылыстану |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: |
5.4.Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты |
Жаңбырбаева Ә.Қ |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
14 01 26 |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 а |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Өлі табиғаттағы үдерістер |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
5.4.1.1- өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер) |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар өлі табиғаттағы негізгі геологиялық және климаттық үдерістерді (табиғаттағы зат айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық құбылыстар) атап, олардың табиғаттағы рөлін түсіндіреді.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылық |
Заң және тәртіп |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин
3 мин
3 мин |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сыныпты түгелдеу, сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа аудару Топқа бөлу Химиялық элементтер бойынша 3 топқа бөледі 1.Топ. Су (Н2О) 2.Топ. Зат айналымы 3.Топ. Көміртек айналымы (СО2)
Өткенге шолу ІІ тоқсан бойынша өткен ақпараттар бойынша сұрақтарға жауап береді «Ойлан тап» әдісі
|
Мұғаліммен амандасып, кезекші оқушы сыныптағы оқушылардың санын баяндайды
Химиялық элемент әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді
«Ойлан тап» әдісі арқылы Өткенге шолу кезеңі бойынша сұрақтарға жауап береді. |
(ҚБ) мұғалім 1-10 балл аралығында бағалайды
|
https://geo-301.my.canva.site/bxvacwms82zqgsyc
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 мин
3 мин
3 мин
8 мин
2 мин
8 мин
6 мин |
«Адал азамат» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған нақты мысал келтіріледі. ««Талап бар жерде тәртіп бар» Дәйексөзіне мысалдар келтіреледі
Жаңа сабақ «Анимация» әдісі Оқушылар жаңа тақырыпты анимация әдісі арқылы сабақтың тақырыбы анықталады
Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Мағынаны тану «INSERT» әдісі (көре отырып белгілейді) Бейнероликті көру кезінде кесте толтырады:
ЖИ мүмкіншілігі пайдаланып жасалынған бейнеролик Бейнеролик тақырыбы: Өлі табиғаттағы үдерістер
№1.Тапсырма «Мәтінмен жұмыс» әдісі (ТЖ) Топтық жұмыс (ФС тапсырмасы) Оқушылар ЖИ мүмкіншілігі арқылы жасалынған тапсырманы мәтіннің көмегімен орындайды
ҚЫЗЫҚ ЕКЕН Климат және ауа массалары туралы қызықты информациялар таныстырылады №2. Тапсырма «Артығын тап» әдісі (ЖТ)Жеке жұмыс (ФС тапсырмасы) Оқушылар артығын тап әдісі арқылы тапсырманы орындайды
|
Апта дәйексөзі және құндылыққа байланысты нақты мысалдар келтіреді
Оқушыларға «Анимация» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Сабаққа мақсат қояды
Insert әдісі арқылы тақырып бойынша бұрын білетін ақпараттарын белгілеп жаңа ақпараттарды анықтайды
Оқушылар мәтінмен жұмыс әдісі арқылы тапсырманы орындайды
Тақырып бойынша қызық информация беріледі
Оқушылар артығын тап әдісі арқылы тапсырманы орындайды
1
— тас көмір
|
«Жарайсың» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Дескриптор. Жалпы 3 балл 1. Мәтін мен суретке сүйеніп, айналым үдерістерінің кемінде жартысын дұрыс анықтайды. 1 балл 2.Себеп-салдар байланысын түсіндіріп, сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап береді. 1 балл 3.Табиғи үдерістердің маңызын толық сипаттап, өз ойына дәлел келтіреді.
Дескриптор. Жалпы 3 балл
1.Артық
элементті дұрыс анықтайды — 1
балл
|
https://geo-301.my.canva.site/bxve936425c05mbe
https://geo-301.my.canva.site/bxvg1nje9j64ajmg
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс «3–2–1» әдісі 3 жаңа ақпарат 2 қызық нәрсе
1
әлі де сұрағым бар дүние
Үйге тапсырма Тақырыпты оқу |
Оқушы жаңа тақырыпты қорытындылап бүгінгі сабаққа кері байланыс орнатады |
Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауына байланысты 1 – 10 балл аралығында бағалайды |
https://geo-301.my.canva.site/3-2-1
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы
https://geo-301.my.canva.site/bxvacwms82zqgsyc
|
||
№ |
Сұрақ |
Жауап |
1 |
Сұйық және газ күйіндегі заттарда бөлшектер қалай қозғалады және таралады? |
Сұйықта бөлшектер жақын орналасып сырғиды; газда бөлшектер алшақ және кеңістікке еркін таралады. |
2 |
Қатты, сұйық және газ күйіндегі бөлшектердің орналасуы мен байланыс ерекшеліктері қандай? |
Қаттыда бөлшектер тығыз және ретпен; сұйықта тығыз бірақ ретсіз; газда алшақ және байланысы әлсіз. |
3 |
Тығыздық дегеніміз не және нені сипаттайды? |
Тығыздық — заттың бірлік көлемдегі массасы, заттың ауыр-жеңілдігін сипаттайды. |
4 |
Қай заттар жылу және электрді жақсы өткізеді және себебі неде? |
Металдар — еркін электрондардың болуына байланысты. |
5 |
Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылығы қандай? Мысал келтір. |
Физикалықта зат құрамы өзгермейді (мұз еріуі); химиялықта жаңа зат түзіледі (темір таттануы). |
6 |
Қоспа дегеніміз не және таза заттан айырмасы қандай? |
Қоспа — бірнеше заттың қосындысы; құрамын ажыратуға болады. Таза зат — бір ғана заттан тұрады. |
7 |
Қоспалардың қандай түрлері бар? Мысал келтір. |
Біртекті: тұзды су, ауа; Әртекті: құм аралас су, сүт. |
8 |
Қоспаларды бөлу қандай әдістермен жүзеге асады? |
Сүзу, тұндыру, айдау, буландыру, елеу, магнитпен бөлу. |
9 |
Еріген заттың массалық үлесін қалай есептейді? |
w = (m еріген зат / m ерітінді) × 100% |
10 |
Металдар мен бейметалдардың айырмашылығы және мысалдары? |
Металдар жақсы өткізеді, иілімді (мыс, темір); бейметалдар нашар өткізеді (күкірт, көміртек). |
№1.Тапсырма
Топ |
Тақырыбы |
Тапсырма |
1-топ |
Су айналымы |
Суретке сүйеніп су айналымының кезеңдерін дұрыс ретпен жаз: ① __________ ② __________ ③ __________ ④ __________ ⑤ __________ Сұрақ: «Су айналымы тоқтап қалса табиғатқа қандай қауіп төнеді?» – 2 сөйлеммен түсіндір. |
2-топ |
Зат айналымы (тірі табиғаттағы) |
Төмендегі үдерістердің ретін белгіле: ▪ Өсімдік қорек жасайды ▪ Жануар өсімдікті жейді ▪ Қалдықтарды бактериялар ыдыратады ▪ Минералдар топыраққа түседі Сұрақ: «Неге бактериялар зат айналымында маңызды?» – 2 сөйлем жаз |
3-топ |
Көмірқышқыл айналымы |
Кестені толтырыңыз: Кім? — CO₂ пайдаланады ✔/✘ — CO₂ бөледі ✔/✘ Өсімдік Жануар Адам Зауыт/өндіріс Сұрақ: «Көмірқышқыл газы көбейсе, Жерге қалай әсер етеді?» – 2–3 сөйлем |
Мәтіні
1-топқа мәтін — Су айналымы Су табиғатта ешқашан жоғалмайды. Күннің жылуы әсерінен су буланып, бұлтқа айналады. Бұлттағы су салқындап, жерге жаңбыр немесе қар болып түседі. Су қайтадан өзендер мен мұхиттарға жиналып, тағы да буланады. Осылайша су айналымы тоқтаусыз жүреді және тіршілікке қажетті судың таусылмауына себеп болады. |
2-топқа мәтін — Зат айналымы Табиғаттағы барлық тіршілік бір-бірімен байланысты. Өсімдіктер күн энергиясын пайдаланып қорек жасайды. Жануарлар сол өсімдіктерді жейді. Жануарлар мен өсімдіктер өлгеннен кейін, олардың қалдықтарын бактериялар ыдыратып, топыраққа қайта минералды зат түрінде қайтарады. Сол заттарды өсімдіктер қайта пайдаланады. Осылайша табиғаттағы зат үздіксіз жаңарып отырады. |
3-топқа мәтін — Көмірқышқыл газының айналымы Көмірқышқыл газы табиғатта маңызды рөл атқарады. Өсімдіктер ауадағы көмірқышқылды (CO₂) жұтып, фотосинтез арқылы оттегі бөледі. Ал жануарлар мен адамдар тыныс алғанда CO₂ бөледі. Сондай-ақ өндіріс орындары мен көліктер атмосфераға көп мөлшерде көмірқышқыл газын шығарады. Егер CO₂ тым көбейсе, Жер атмосферасы қызып, климат өзгерісіне алып келеді. |
Деңгейлік тапсырма
№1.Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз
Атмосфера, азық, бактериялар, булану, дамуы, жоғары, жаңбыр, жер беті, қайта айналу, құрлыққа, көмірқышқыл газы, тепе-теңдік, төмен, тыныс алу, экватор, өсімдіктер
Тауларда биіктеген сайын ауа температурасы ________. Таза ауа ________ емес, ________ жылынады. Жылынған ауа ________ қозғалады, ал салқын ауа ________ қозғалады. Күн сәулесі жер бетін ең көп ________ аймағында жылытады. Су айналымы ________, ________, ________ және ________ сатыларынан тұрады. Жаңбыр суы жер бетіне жеткеннен кейін ________ сіңеді немесе ________ ағып кетеді. Зат айналымын жалғастыруда ________ маңызды рөл атқарады, себебі олар қалдықтарды ыдыратады. Өсімдіктер зат айналымында ________ түзеді және ________ бөледі. Жануарлар ________ жейді және ________ бөледі. Егер су айналымы тоқтаса, табиғаттағы ________ бұзылады.
№2.Тапсырма. Табиғаттағы су айналымды суретпен салып түсіндіріңіз
|
№1.Тапсырма.
Ақиқат немесе жалған ақпараттарды
анықтаңыз
№ |
Мәлімдеме |
Жауабы |
1 |
Таудың биіктігі артқан сайын ауа температурасы төмендейді. |
|
2 |
Таза ауаны күн сәулесі тікелей жылытады. |
|
3 |
Ауа массасы әрқашан жоғарыдан төменге қарай ғана қозғалады. |
|
4 |
Экватор аймағында күн сәулесі жер бетіне тіке түседі. |
|
5 |
Су айналымы: булану → бұлт → жаңбыр → өзенге жиналу сатысымен жүреді. |
|
6 |
Жануарлар тек оттегі бөледі. |
|
7 |
Өсімдіктер Күн энергиясының көмегімен органикалық зат түзеді. |
|
8 |
Бактериялар қалдықтарды ыдыратып, топырақты құнарландырады. |
|
9 |
Зат айналымы тек тірі табиғатта жүреді, өлі табиғат процеске қатыспайды. |
|
10 |
Егер су айналымы тоқтаса, табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады. |
|
№2.Тапсырма.
Сұрақтардың жауабын жазыңыз
№ |
Сұрақ |
Жауабы |
1 |
Неліктен тауда биікке көтерілген сайын ауа температурасы төмендейді? |
|
2 |
Таза ауа не себепті жер беті арқылы жылынады? |
|
3 |
Ауа массасы қандай бағытта қозғалады? |
|
4 |
Күн сәулесі ең көп қай аймақты жылытады? |
|
5 |
Су айналымының бір кезеңін жаз. |
|
6 |
Жаңбыр сулары жер бетіне түскеннен кейін қайда барады? |
|
7 |
Өсімдіктер зат айналымына қалай қатысады? |
|
8 |
Бактериялардың табиғаттағы маңызы неде? |
|
9 |
Егер су айналымы тоқтаса, табиғатта не өзгеруі мүмкін? |
|
10 |
Күн энергиясы тірі табиғатқа қандай әсер береді? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген