Материалдар / 5-7 сынып олимпиада тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-7 сынып олимпиада тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
5-7 сынып олимпиада тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2024
541
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың кіші олимпиада тапсырмалары

(мектепішілік кезең)


5-сынып

І тапсырма

Жазба жұмысты бағалау тәртібі (Эссе):

1. Эссенің мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай

2. Әдеби материалдарды пайдалану деңгейі - 10 ұпай

3. Эссенің жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай

4. Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай

5. Емле (орфография) – 10 ұпай

Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай


ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Ерлік - ұрпаққа үлгі (Қазақ ертегілері желісі бойынша).

  2. Ахмет Байтұрсынов шығармаларының тәрбиелік мәні.

  3. Ана тілі – арың бұл


Эссе тақырыптарының біреуі – қазақ тілі, екеуі – қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасына сәйкес таңдалған.


ІІ тапсырма

Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:

9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;

7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;

5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;

3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;

1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.

Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?

Өлеңнің түрі, жанры, үзіндіде қолданған көркемдік тәсіл туралы баяндаңыз.

2.

Қазақ тілі

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің ережесі, тыныс белгілері толық ақпарат беріңіз, мысал келтіріңіз.

3.

Қазақ тілі

Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды, тірек сөздері табыңыз


2 тапсырма бойынша жинайтын ең жоғары ұпай – 80, тапсырма орындауға берілетін уақыт – 180 минут


Мәтін

Жапондар жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы бірінші қаңтар күні, таңмен бірге басталады. Таң алдында жапондар үйлерінен шығып, көтеріліп келе жатқан жаңа жылдың алғашқы күнін  қарсы алады. Сауық-сайран содан кейін басталады.

Кісіге сыйлық тарту – жапон ұғымында үлкен құрмет. Сондықтан Жаңа жыл күні әдемі кимоно киген әйелдер мен барын үстіне киіп, сәнденіп шыққан еркектер біріне-бірі  сыйлық таратады. Жапондар Жаңа жыл дәстүрі бойынша, көшеге қолдарына қарағайдың, тал, қарақаттың бұтақтарымен безендірілген бамбук шыбық ұстап шығады. Жапон халқының ырымы бойынша, қолына бұл күні әлгіндей әшекейлі бамбук ұстап шыққан адамға қарағай жасының ұзақтығы, бамбуктың беріктігі, қарақаттың тез өсасиеттері дариды-мыс.


Үлгі


Негізгі ақпарат_____________________________________________

__________________________________________________________________


Қосымша ақпарат___________________________________________

__________________________________________________________________


Тірек сөздер________________________________________________

__________________________________________________________________











Оқушылардың кіші олимпиада тапсырмалары

(мектепішілік кезең)


6-сынып

І тапсырма

Жазба жұмысты бағалау тәртібі (Эссе):

1. Эссенің мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай

2. Әдеби материалдарды пайдалану деңгейі - 10 ұпай

3. Эссенің жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай

4. Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай

5. Емле (орфография) – 10 ұпай

Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай


ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. А.Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» шығармасындағы көтерілген мәселе.

  2. «Алып Ер Тұңға» жырындағы ерлік пен елдіктің көрінісі.

  3. Достық – асыл қасиет


Шығарма тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған.

ІІ тапсырма

Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:

9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;

7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;

5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;

3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;

1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.

Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

... Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар. Өлеңнің түрі, жанры, үзіндіде қолданған көркемдік тәсіл туралы айтыңыз.

2.

Қазақ тілі

Екпін, оның түрлері туралы мысал келтіре отырып айтыңыз

3.

Қазақ тілі

ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы дәлелдеңіз


2 тапсырма бойынша жинайтын ең жоғары ұпай – 80, тапсырма орындауға берілетін уақыт – 180 минут


Мәтін

 Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген әке әйеліне айтыпты:
     -Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан келмейді.

Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық алтын береді: «Мынаны еңбегіме алған едім», - деп, әкеңе алтынды сыйлағайсың.

Кешке алтынды әкесіне ұсынады. Алтынды шал лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

-Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті.

Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Онан да ақшаны жұмыс істеп тап, - деп ақыл айтыпты.

Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жібереді. Бұған ұлы шыдай алмай, жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:

-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты.   

Әкесі тұрып:

-Бұл ақшаны өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, - депті ұлына.


Үлгі


Ауыз екі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Көркем әдеби стильге тән ерекшеліктер

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Оқушылардың кіші олимпиада тапсырмалары

(мектепішілік кезең)


7-сынып

І тапсырма

Жазба жұмысты бағалау тәртібі (Эссе):

1. Эссенің мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай

2. Әдеби материалдарды пайдалану деңгейі - 10 ұпай

3. Эссенің жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай

4. Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай

5. Емле (орфография) – 10 ұпай

Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай


ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Жамбыл Жабаев "Зілді бұйрық" шығармасындағы дәуір шындығы.

  2. Орхон-Енисей ескерткіштері жазбаларындағы елдік тақырыбы

  3. Уақыт – алтын қазына


Эссе тақырыптарының біреуі – қазақ тілі, екеуі – қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасына сәйкес таңдалған.


ІІ тапсырма

Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:

9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;

7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;

5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;

3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;

1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.

Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

... Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан
қорлық көрген соң,
Отырып билер ал
қынды.
Мы
ң-мың жылқы айдаған,
Сары
қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған,
Ар
қаның жазын қашырған,
Жыл
қының етін жемес - ті,
Жа
ғаласқан мына жау
Кетірер сонда си
қыңды. Үзінді қай шығармадан келтірілген? Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз, көркемдегіш құралдарын табыңыз.

2.

Қазақ тілі

Етістіктің шақ түрлері, рай түрлерін түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз

3.

Қазақ тілі

Мәтіннен факті мен көзқарасты ажыратып, дәлел келтіре отырып стилін анықтаңыз


2 тапсырма бойынша жинайтын ең жоғары ұпай – 80, тапсырма орындауға берілетін уақыт – 180 минут

Мәтін

Ғұндар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Ат құлағында ойнаған шабандоз, ержүрек, жауынгер халық болған. Археологиялық қазбалардан табылған мата, кілем қалдықтары, зергерлік бұйымдар ғұндардың тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаудағы асқан шеберліктерін көрсетеді. Ат баптау өнері, түрлі атқа байланысты ұлттық ойындардың негізін салған да – осы ғұндар. «Ат – ер қанаты» деген нақыл сөз де бізге ғұн дәуірінен жеткен.

Қазақстан аймағын үш мың жыл бойы мекендеген ата-бабаларымыздың өз кезеңдерінде айналысқан кәсіптері мен киім кию мәдениеті біздің қазіргі мәдениетіміздің негізін қалыптастырып кетті.


Үлгі

Факті_____________________________________________

__________________________________________________________________


Көзқарас___________________________________________

__________________________________________________________________


Стиль________________________________________________

__________________________________________________________________






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!