Материалдар / 5 - сынып тәрбие жұмысына арналған аналиткалық талдау үлгісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

5 - сынып тәрбие жұмысына арналған аналиткалық талдау үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл бойына арналған тәрбие жұмысына аналитикалық талдау үлгісі.Барлық тлқсанда өткізілген тәрбиелік шаралар қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
56
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғабас ОЖББМ КММ




Т а қ ы р ы б ы:


«20-20 оқу жылында 5 «а» сыныбында өткізілген тәрбие саласына аналитикалық талдау »















Сынып жетекші:Сағындықова Алтынгүл Мирқызы


20 -20 оқу жылы


«Алғабас ОЖББ мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 «а» сынып оқушыларына І жарты жылдықта жүргізілген тәрбие жұмысына

аналитикалық талдау


5 «а» сыныбында барлығы 12 оқушы.Оның ұлы 6-ау,қызы 6-ау.білім сапасы 66.6.Оқу озаттар саны 2-еу,оқу екпінділер саны 6-ау. Қанағаттанарлық бағаға оқитындар саны 4-еу.Мектепішілік үйірмеге қатынасатыны 6-ау.Мәдениет үйі жанындағы би үйірмесіне қатынасатыны 3-еу.

2016-2017 оқу жылының басында 5»а» сынып оқушыларына арналған тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп әкімшілігімен бекітілді.

Тәрбие жоспары 8 бағытқа: 1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

2.Рухани адамгершілік тәрбиесі;

3.Ұлттық тәрбие;

4.Отбасы тәрбиесі;

5.Еңбек,экономикалық және эклогиялық тәрбие;

6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

7.Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие;

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты; арналып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мақсат, міндеттері нақты басшылыққа алына отырып құрылды.

Бірінші жарты жылдықта өткізілген тәрбиелік шараларға тоқталсам: 1 қыркүйек білім күнінде «Мен өз елімнің патриотымын!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.Оған ата-аналар қатынасты.10 қыркүйекте «Табиғат тал бесігім» тақырыбында табиғат аясында саяхат сабақ өткізілді.24 қыркүйек күні «Ана тілім ардағым» тақырыбында тілдер мерекесіне орай шығарма байқауы ұйымдастырылды.Бұл шығарма байқауына жеті оқушы қатынасыпжүлделі І,ІІ,ІІІ орындар беріліп, дипломмен марапатталды.

1 қазан күні «Менің алғашқы ұстазым» атты ертеңгілік өткізілді.Оқушылар 4- сыныпта оқытқан ұстаздарын шақырып, әдеби монтаж ұйымдастырды. 8 қазан күні «Оқушының құқығы» тақырыбында сынып сағаты өтті.15 қазанда «Зиянды заттар зардабы» тақырыбында мектеп медбикесімен кездес, дәріс сабағы өтті.17 қазанда «Ана тілің арың бұл» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.22 қазанда «Салауаттылық байлық негізі» тақырыбында сынып сағаты өтті.29 қазан күні «Бала отбасының айнасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.



Оған 9 ата-ана қатынасты.Ата-аналарға арналған сауалнама жүргізіліп, бала тәрбиесі жөнінде баяндама оқылды.Оқушылардың І тоқсандағы оқу үлгерімдері жайлы есеп берілді.Оқушылардың күзгі каникул кезіндегі өмір қауіпсіздктерін қатаң қадағалау тапсырылды.

12 қараша « Тәуелсіздікке 25 жыл »,19 қараша «Әдептілік әлемінде»,26 қараша «Қош келдің, Алтын күз!» тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды.

3 желтоқсан «Кім болам ?!»,10 желтоқсан « Қазақстан жаһандану дәуірінде»,17 желтоқсан «тарих толқындары»,25 желтоқан «Шынықсаң шымыр боларсың» қысқы эстафета,24 желтоқсан «Балаңыздың қандай мінезін ұнатпайсыз?» ата-аналар арасында тренинг, жиналыс ұйымдастырылды. Оқушылардың ІІ оқу тоқсанында көреткен оқу үлгерімдері жөнінде есеп берілді.Сонымен қатар оқушылардың қысқы каникул кезіндегі өмір қауіпіздіктерін қатаң бақылау тапсырылды.

Екінші жарты жылдықта атқарылған іс шараларға тоқталсам:14 қаңтар «Қазақстаным менің болашағым» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Picture 4


21 қаңтар «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында сынып сағаты, 28 қаңтар «Киіз үй құрылымдары» тақырыбында ұлттық тәрбие бағыты бойынша тәрбие сағаты өтті. 4 ақпан күні «Спорт денсаулық кепілі» тақырыбында қысқы ойындар ұйымдастырылды. 11 ақпан «Қоршаған орта» мазмұнына сай табиғат аясына серуен ұйымдастырылды.18 ақпан «Аналар асыл жандар» тақырыбында шығарма,эссе жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың жұмыстары аналар мерекесіне сыйға беруге даярланды.25 ақпан күні «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» атты сыныпта сайыс өткізілді. 4 наурыз күні «Ана әлемнің айнасы», «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» тақырыбында аналар мерекесіне орай сынып сағаты өтті.Шараға ата -аналар келіп,оқушылардың даярлаған ертеңгіліктерін тамашалады.

11 наурыз күні «Наурыз жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаты дөңгелек үстел ретінде өтті.Бұл тәрбие сағатында оқушылар наурыз мерекесі жайлы толық мағлұмат алып, жоба қорғап,өз білімдерін, шығармашылықтарын ортаға салды. Ұлыстың Ұлы күні Наурызды көпшілік боп тойлап, бесікке салу рәсімін ата -аналар мен оқушылар ұйымдасқан түрде өте жақсыдеңгейде көрсете білді.



16 наурыз күні мектепішілік «Бір ел, бір кітап» акциясында «Білім көзі кітапта» тақырыбында мектеп кітапханашысын шақырып, дөңгелек үстел өткіздік. Онда кітаптың пайдасы,оның үлкен еңбекпен келетіндігін айтып ой бөлістік.


ІҮ оқу тоқсанында да бірнеше тәрбиелік сағаттар, дәрістер ұйымдастырылды.Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай қабырға газетінен сынып оқушылары жүлделі І орынды иеленді.Мультимедиялық кабинетте Үлы Жеңістің 72 жылдығына орай дөңгелек үстел,призентациялық сабақ ұйымдастырылып,оқушылар ардагерлер өмірінен мол мағлұмат алды.


Сонымен қатар 9мамыр Жеңіс күні ауылымыздағы «Даңқ саябағына» барып оқушылар ардагарларге тағзым етіп,гүл шоқтарын қойды.


Спорттық шаралар,сенбілік жұмыстары өткізілді.

Осы оқу жылында оқушылардың қол жеткізген нәтижелері де аз болған жоқ. «Жайық өрнектері» атты аудандық би байқауында биші қыздарымыз жүлделі ІІ орынды иеленді.


Сонымен қатар «Мәдениет үйі күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған аудандық шараға би өнері бойынша биші қыздарымыз жүлделі ІІІ орынды иелендіп қайтты.

Облыстық еркін күрестен Тілегенов Оңғар еркін күрес үйірмесінің мүшесі жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Республикалық Ұлттық олимпиадаға қазақ тілі пәнінен сыныптын 8 оқушысы қатысып жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды иеленіп,марапатталды.

Сыныбымда алдағы уақытта жетер жетістіктеріміз,алар асуларымыз мол болады деп сенемін.





Сынып жетекші: А.М. Сағындықова



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!