Сынып: 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: 5 – ке
көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: 5 – ке көбейту
кестесін және соған сәйкес бөлу
жағдайларын құрастыру. 5 – ке көбейтудің
кестелік
жағдайлары туралы түсінікті, тапсырмаларды
ойын
түрінде
өткізу.
Дамытушылық мақсаты: Жаңа сабақтың мәнін
аша отырып, есептерді,
теңдеулерді шешуде есептеу
дағдыларын
жетілдіруге, көбейту және
бөлу амалдары бар
есептерді
шығару арқылы біліктілігін,
дамытушылық ойын қалыптастыру.
5-ке
көбейту және бөлу кестесін слайдтар арқылы
баланың
ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен
жұмыс
істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
мақсаты: Жаңа білімді меңгере білуге,
әдептілікке,
ұқыптылыққа,
адамгершілікке,
ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие
беру.
Әдістемелік мақсаты: Ақпараттық –
коммуникациялық технологияны
пайдалану
арқылы оқушылардың білім – білік,
іскерлік
дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: .Интерактивті.
Сабақтың
көрнекілігі: Слайдтар.
Пәнаралық
байланыс: Ана тілі,
дүниетану.
Қолданылатын
әдебиеттер: Т.Кучер.т.б. Математика. –
Алматы:
«Атамұра»,2010
Т.Оспанов. Бастауыш сыныптарда
математиканы
оқыту.
Сабақтың
құрылымы:
-
Ұйымдастыру
бөлімі.
-
Кіріспе бөлімі.
1. Үй жұмысын
тексеру.
2.
Жаңа сабақты жариялау.
3. Сергіту
сәті.
III. Негізгі
бөлімі.
-
Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты
қорытындылау
V. Үйге тапсырма
беру.
VI.
Бағалау.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Құрал –
жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа
аударту.
II.Кіріспе
бөлімі.
-
Үй жұмысын тексеру.
-
Балалар, біз өткен сабақта
баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер
шығарған болатынбыз. Ал енді қазір оны қанша меңгергендеріңді
байқау үшін сұрақтар қоямын.
-
Балалар, заттардың құнын табу үшін не
істейміз?
-
Дұрыс айтасыңдар. Заттардың
құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек.
Ал енді, заттың бағасын табу үшін қандай амал орындау
керек?
-
Дұрыс айтасыңдар балалар, заттың бағасын табу
үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек.
-
Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау
керек екен?
-
Әрине балалар,дұрыс
айтасыңдар. Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына
бөлу керек.
-
Рахмет балалар, сендер өткен сабақты жақсы
меңгерген екенсіңдер.
-
Енді, үйге берілген тапсырманы тексерейік. Үйге
қандай тапсырма берілді?
-
№ 9 есеп. Теңдеулерді шешу.
(Интерактивті тақтаны
пайдалану арқылы, үй тапсырмасын тексеру)
№
9.
89+х=134
х=134-89
х=45
8
9+45=134
134=134
х-29=161
х+100=137
х=161+29
х=137-100
х=190 х=37
1
90-29=161
37+100=137
161=161 137=137
-
Жаңа сабақты жариялау.
-
Сергіту сәті.
Жасағанда
жаттығу,
Керек емес
аптығу.
1,2,3. 1,2,3.
Жинап алдық міне
күш!
III. Негізгі
бөлімі.
-
Жаңа сабақты түсіндіру.
(тақтаға жаңа тақырыпты жазамын.)
Кітаппен
жұмыс.
-
Балалар, №1 есепке қарайықшы.
Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық.Көбейтінділердің мәндері қалай
табылған?
-
Иә,дұрыс айтасыңдар.Қосу
амалдары арқылы табылған. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз – 5-ті
5-ке 5 рет қосу.
-
Теңдіктің оң және сол жақтарын
салыстырайықшы.Қандай айырмашылығы бар екен?
-
Дұрыс, оң жақта 5-ке көбейту
кестесі, ал сол жақта сол көбейтулердің қосу амалдары берілген.
Бірақ екеуінің мәндері бірдей. Себебі, сол жақ теңдіктегі амалдар,
оң жақ теңдіктегі көбейтудің қалай орындалатынын
көрсеткен.
-
Ал енді, неге әрбір келесі
жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке
артық?
-
Дұрыс айтасыңдар, себебі 5-ті
5-ке көбейту үшін, 5-ті 5-ке 5 рет қосу керек. 5-ті 6-ға көбейту
үшін, 5-ті 5-ке 6 рет қосу қажет.
-
Ал,енді №2 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке
көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.
6·5=5·6
7·5=5·7
8·5=5·8
9·5=5·9
- Дұрыс, мұнда тек қана
орындары ауыстырылған. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан,
көбейтінділердің мәні өзгермейді.
- Ал енді
балалар, №3 тапсырмада бізге 5-ке көбейту кестесін аяқта деп
жазылған.
(Оқушылар тапсырмадағы 5-ке
көбейту кестесін аяқтайды.)
Тақтамен жұмыс.
(№1 слайдқа назар
аудару.)
5*6=30 5*5=25 30:5=6
35:7=5
(«Алтын
балық» ойынын ойнату арқылы орындау.№2 слайдқа назар
аудару.)
Өрнектер құр және олардың мәндерін
тап.
5·6=30
10:5=2
5·4=20
20:5=4
5·3=15
15:5=3
5·8=40 30:5=6
-
Қауынның массасы 5 кг. Осындай 7 қауынның массасы
қанша?
Яғни,
5*7=35кг
-
5 ашық хатқа 25 тг төленді. Бір ашық хаттың
бағасы қанша?
Шешуі: 25:5=5, Жауабы: 5 тг
төленді.
-
1 жапсырғыштың бағасы 5 тг. 40 теңгеге осындай
неше жапсырғыш келеді?
40:5=8.
656-98=558
306+87=393
300:100=3
(354+636)-920=70
720-(384+216)=120
90·10-756=144
40·7-40·5=80
70·3+70·2=350
80·3+30·2=300
- №9.
4·b өрнегінің мәнін тап,
мұндағы b=1; 2; 5; 8; 9; 0.
4·1=4
4·2=8
4·5=20
4·8=32
4·9=36
4·0=0
№11. Қалдықпен бөлуді орында және
тексер:
6:5 = 1 (қалд.1)
7:5 = 1 (қалд.2)
8:5 = 1 (қалд.3)
9:5 = 1 (қалд.4)
11:5 = 2 (қалд.1)
12:5 = 2 (қалд.2)
№13. Тура теңсіздіктер шығу үшін бос тор көздерге
қандай санды жазу керек:
45:5 >
2+5;
30:5 <
40:5-1;
35:5-2·3>9-9;
25:5+6>8·1;
Өздік жұмыс.
№14. Есепте:
6·5=30 5·9=45 5·6=30 9·5=45
8·5=40
45:5=9 35:5=7 40:5=8 30:5=6
25:5=5
5·8=40 5·7=35 7·5=35 5·5=25
20:5=4
IV.
Сабақты қорытындылау.
(№3 слайдқа назар аудару.)
-
Үйге тапсырма беру.
Балалар,
үйге №10 және №12. №10 –ға назар аударайық. Мұнда 1) Саяжайға
орындықтар орнату үшін әр орындыққа 2 шұңқырдан қазу керек. Түске
дейін 6 орындық, түстен кейін 4 орындық орнатылады. Неше шұңқыр
қазылды?
2) Күзгі гүлзарда жұлдызгүл
мен күзгүлі өсіп тұр. Жұлдызгүл әр қатарда 10 гүлден 5 қатар және
42 күзгүл болды. Күзгі гүлзарда неше гүл өсіп тұрды?
№12. Қандай фигуралар
қиылысады? Фигуралардың қиылысуынан пайда болған шаршының
периметрін тап.
-
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан
оқушылардың білімдерін бағалаймын.