400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

5- сынып Адамның сырт келбеті мен мінезі

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл матиериал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімне көмек ретінде беріліп тұр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ:қазақ тілі

Мектеп: «Өндіріс орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аязбекова З.К.

Сынып:5

Қатысқан оқушылар: 6

Қатыспағандар:

8-бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінезі

Сабақтың тақырыбы: Кім несімен бай?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

(5.ӘТН3.)Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақ мақсаттары:




Барлық оқушылар орындай алады:

Адамның сырт келбеті мен мінезін суретке қарап анықтай алады, сұрақтарға жауап береді. Тура және ауыспалы мағыналы сөздер мен антонимдер жөніндегі білімдерін көрсетеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Фильм кейіпкерлерінің мінезін, сыртқы келбетін сипаттап жазады.Көп мағыналы сөздерді табады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Оқушылар сыныптағы парталас көршісінің портретін сипаттап жаза алады.Мәтіндегі синонимдердіңбаламасынажыратады

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Сұрақтарды құрастырады және жауап береді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Антоним, синоним, омоним

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Не себепті «Байлығым, мүлкім, қазынам - туысым» деп ойлайсыз?

Ишара:бас изеу, қол соғу.

Алдыңғы оқыту

Адамның сырт келбеті, мінезі жөнінде түсініктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы

2 минут




5 мин

Ынтымақтастық орта құру

«Сізге қарап...»ширату жаттығуы: бір-біріне «Сізге қарап «Ең мейірімді адам екен» деп ойланып тұрмын» деген сияқты т.б. сөздер айтады


Т/А. «Ойбөліс».

Төмендегі сұрақтар бойынша ой бөлісіңдер:

1. Адамның сыртқы келбеті дегенді қалай түсінесіңдер? Оған не жатады?

2. Сыртқы келбет пен адамның ішкі дүниесінің байланысы бар ма?

3. «Киіміңе қарап қарсы алады, сөзіңе қарап шығарып салады» деген сөзбен келісесіңдер ме? Адамның сыртқы келбеті маңызды ма, ішкі жан дүниесі маңызды ма?

(Осы сұрақтар арқылы өтілетін тақырыпты анықтап аламыз. Сабақтың мақсатымен таныстырамыз)

Сынып бөлмесі





Дайын сұрақтар

Ортасы 10 мин


































10 мин




























5 мин






















1-тапсырма. «Сен қалай ойлайсың?» әдісі арқылы суреттегі балалардың сырт келбетіне қарап, олардың қандай адам екенін ажыратуға бола ма? Әр кейіпкерге ат қойып, бір-біріңе әңгімелеп беріңдер. Сын есім сөздердің қандай мағыналық түрлерін және омоним, антоним, синонимдерді қолдандыңдар? (Жұптық жұмыс)

Дескрипторлар:

  • Оқушылар суретке қарап ойланады, сұрақтарға жауап береді

  • Қандай адам екенін ажыратады

  • Әр кейіпкерге ат қояды

  • Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пайдаланып жазады

Қысқаша сипаттамаға тура және ауыспалы мағыналы сөздері тауып жаз.




Тура мағыналы сөз

Ауыспалы мағыналы сөз

Кері байланыс (ҚБ) : «Керемет сөздер»


2-тапсырма: «1,2...» тәсілі арқылы 2 топқа бөлу

Суретке қараңдар. «Бір айналым тіл қату» әдісі арқылы «Жаужүрек мың бала» фильміндегі өздерің қалаған кейіпкердің мінезін, сыртқы келбетін сипаттап жазыңдар. Оның қандай темпераменттегі адам екенін дәйектеп айтыңдар. Мәтінде синоним, антоним сөздерді, дерексіз зат есім сөздерді қолданыңдар. (Топтық жұмыс)

Дескрипторлар:

  • Суреттегі бейнелерге бірлесе отырып талдау жасайды

  • Фильмнен алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады

  • Ортақойдытабады

Кері байланыс (ҚБ) : «3 шапалақ»


3-тапсырма: «Қабырғадағы рөль» әдісі

Сабақтың тақырыбымен байланыстырып, төменде берілген мақал-мәтелдің бірін таңдап, өз ойын флипчартқа салу.Көп мағыналы сөздерді қолдану.(топтық жұмыс)

1.Тазалық – саулық негізі,

2. Саулық – байлық негізі

3. Азған денеге ауру үйір

4. Жасыңда салақ болсаң,

Бара-бара былық боласың

Дескрипторлар:

  • сабақтың тақырыбын еске түсіреді

  • мақал-мәтелдің бірін таңдайды

  • өз ойын таратып айтады

  • көп мағыналы сөздерді қолданады

Кері байланыс (ҚБ) : «Бас бармақ»


Оқулық

Интерактивтик тақтада суреттер




























Суреттер топтамасы

























Флипчарт, маркер
















Соңы 7 мин










7 мин

4-тапсырма: «Көршімнің көзқарасы» әдісі

«Кім несімен бай?» тақырыбында көршісінің портретін сипаттап жазады. (жеке жұмыс)

Тірек сөздер: қарақат көз, қайқы кірпік, қыр мұрынды, аққу мойын т.с.с.

Дескрипторлар:

  • тірек сөздерді қолданады

  • портрет құрастырады

Кері байланыс:(ҚБ)«Смайликтер»


Рефлексия


Дайын тіркестер










«Бес саусақ» парақшалар

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті

жоғары оқушыларға

тапсырманы

күрделендірудіқалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті

қорғау ережелері

АКT-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Ауыспалы мағыналы сөздерді анықтауда, тақырыпқа байланысты оқушылардың өз ойын ашық айтуына, жазбаша жұмыстарды талапқа сай жазуына, қажет кезінде жетекші сұрақтар таба білуіне түртк і жасаймын. Дайын тірек сөздер беру арқылы портрет жазуға көмектесемін.

Қабілеті әртүрлі оқушыларға жеке, жұптық, жұптық, топтық жұмыс беру арқылы тапсырмалар сатысымен күрделендіремін.

Оқушылардың

үйренгенінтексерудіәртапсырмабарысындақалыптастырушыбағалауарқылыкерібайланысжасауменжоспарлаймын.

Құндылықтарды дамыту: адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерді сіңіру

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, сурет, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушылар тақырыпқа қатысты сурет-бейнелерді интербелсенді тақтадан көрді.

Оқушылардың ата-ана, қоғам алдындағы жауапкершілік сезімдері оянды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Жазылымда «Бір айналым тіл қату» әдісі

2 «Қабырғадағы рөль» (топтық жұмыс)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.«Ойбөліс» сұрақтарға жауап беру

2 «Көршімнің көзқарасы» портрет жазу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.Әр сабағыма жүйелі де жоспарлы дайындалу, сабақтың мақсатына көбірек көңіл бөлу.

2.Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.





Аязбекова З.К.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1961
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі