400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

5- сынып бесікке салу

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл матиериал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімне көмек ретінде беріліп тұр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Мектеп: «Өндіріс орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы:

Бесікке салу

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аязбекова З.К.

Сынып: 5

Қатысқандар: 8

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А.1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыптарды болжау.

5.О3. Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрлымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.




Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыптарды болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сәбиді бесікке салудың денсаулыққа, тазалыққа пайдасы жайында хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық мәтінін құра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Бесік деген сөзге бес жолды өлең құрастыра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

- Тірек сөздерді ажырата алады

- Тақырыпқа байланысты тірек сөздермен жұмыс жасай алады

- Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық құрастырып жаза алады

- Бесік деген сөзге бес жолды өлең құрастыра алады

Пәнге қатысты сөздіктер мен терминдер: жаялық, құстөсек, жастық, көрпе, шүмек, қолбау, түбек, жөргек

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Бесіктің маңызы қандай?

  2. Бесік қандай жабдықтардан құралады?

Ишара: бас изеу

Алдыңғы оқу

Бесік, бесікке салу туралы жалпы ұғымдары бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Оқушыларды топқа бөлу.

«ПАЗЛ» әдісі арқылы.





Сынып 2 топқа бөлінеді.

1-топ: бесік

2-топ: бала

Сұрақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

-Суреттерде не бейнеленген?

- Сабақтың тақырыбы қандай болмақ?


ПАЗЛ суреттері














Сабақтың ортасы

(35 мин)


10 мин























































15 мин

















10 минут







1-Тапсырма. [ Ж,А ] «Ойлан, орында» әдісі

Әр суретке қатысты бірнеше тірек сөздер жазыңдар. Тірек сөздер мен суреттерге ортақ тақырып қойыңдар. (топтық жұмыс)


Суреттер

Тірек сөздер

















Ортақ тақырып:



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  • Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтай алады.


  • Суреттерге ортақ тақырып қоя алады

  • әр суретке қатысты 4 тірек сөз жазады;


  • топта талқылайды

  • тақырыптар ұсынылады

  • тақырып таңдалады



Кері байланыс (ҚБ)

2-тапсырма. [ Ж,А,О. ] «Еркін жазу» әдісі. Сәбиді бесікке салудың денсаулыққа, тазалыққа пайдасы жайында хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық мәтінін құрастырыңдар. (жұптық жұмыс)


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сәбиді бесікке салудың денсаулыққа, тазалыққа пайдасы жайында хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық мәтінін құра алады.

* 5 сөйлемнен құрайды


Кері байланыс (ҚБ)


3-Тапсырма [ А,Ж. ] «5 жолды өлең» әдісі

Бесік деген сөзге бесжолды өлең құрастырыңдар. (жеке жұмыс)

Кері байланыс (ҚБ)

Әртүрлі суреттер




















































Флипчарт, маркерлер, фломастерлер





































Соңы

6 минут

Рефлексия

Сабақты қорытындылау «Бес саусақ» тәсілі

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?Кімді риза қылдым?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай мәлімет алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?

«Бес саусақ» суреті

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Деңгейлік тапсырмалар берілді. Хабарлама, хат, нұсқаулық, жарнама үлгілері көрсетілді.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Кері байланыс арқылы:

«Бас бармақ», «Бес саусақ». Бағалау критерийлері мен дескрипторлар арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

қазақ әдебиеті

АКТ-мен байланыс:

интербелсенді тақта

Құндылықтардағы байланыс:

салт-дәстүрді насихаттау

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабағымның мақсаты мен міндетіне жеттім деп ойлаймын. Оқушылар бесікке салу туралы өз білімдерін кеңейтті.

Бесікке салу тақырыбына тірек сөздер жасап, мәтінге ортақ тақырып қойып, сәбиді бесікке салудың денсаулыққа, тазалыққа пайдасы жайында хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық мәтін жазып үйренді. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар орындалды. «Бесікке салу» дәстүрін қазіргі өмірмен байланыстырдым. Бес жолды өлең жазғыздым. Берілген уақытты тиімді қолдандым. Жаңартылған оқу бағдарламасын оқып, әдіс-тәсілдерді критерий, дескриптор, жалпы сабақ жоспарын құруды үйрендім.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Ойлан, орында» әдісі ТЖ

2: «5 жолды өлең» әдісі Ж

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: тиімді әдістер

2: топтық жұмыс

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

- оқушылардың білім деңгейін ескеру.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі