400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№3 жалпы орта мектебі»КММ-сінің

Педагог-психологы: Байнекова М.У.



5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын анықтау, орта буынға бейімделуіне психологиялық көмек көрсету, таным процестерін дамыту,жағымды қарым-қатынас орнату.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қажетті заттар: А4 қағаз,түрлі түсті қаламдар, ақ парақ,қалам, әр түрлі суреттер.

Тренинг жоспары: 1. Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау (Диагностика)

2. «Үш мекен» ойын, жаттығуы

3. «Кездесу уақыты» жаттығуы

4. «Эмоция» жаттығуы.

5.Рефлекция

Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау (Диагностика)

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын анықтау, орта буынға бейімделуін анықтау, психологиялық көмек көрсету.

Әдіс-тәсілі: проективті тест

Көрнекілігі : А4 парағы

Нұсқау:

Гүлдің суретін салып, әрбір күлтелеріне өтілетін сабақтарды жазыңдар. Shape1

1. Ең қызықты өтетін сабақты жасыл түспен боя.

2. Саған ұнайтын сабақты ашық көк түспен боя

3. Сен түсінбейтін сабақты сары түспен боя.

4. Ең қиын сабақты қызыл түспен боя.

5. Саған ұнамайтын сабақты қара түспен боя.

«Үш мекен» ойын, жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін,зейінін дамыту,байқампаздық пен жылдамдық қабілеттерін арттыру.

Барысы: Оқушылар шеңбер жасап тұрады. «Су» десе қолдарын алдына созады, «Ауа» десе жоғары көтереді, «Жер» дегенде қолдарын төменге түсіреді. Осы үш мекенге байлынысты сөздер айтылады. Мысалы: су дегенге мен балықтар, ауа дегенге құстар, жер дегенге гүлдер деп айтамын. Осы сөздерге қарай оқушылар қолдарымен жұмыс жасайды.

«Кездесу уақыты» жаттығуы

Мақсаты: Оқушының бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту,көңіл-күйлерін көтеру.

Әдіс-тәсілі: ойын

Орындау уақыты: 10-15 минут

Жүргізілуі: 12 оқушы ортаға шығады, әр бір уақытқа кіммен кездесетінін ақ параққа жазады. Сол жазған уақытына қарай кездесетін адамымен төмендегі белгілер бойынша амандасады.

13.00 - де қысып амандасады.

14.00 - де арқасын қағады

15.00 - де күлімдейді

16.00-де қол былғайды

17.00 - де көзін қысады

18.00 - де комплимент айтады

19.00 - де тілек айтады

20.00 - де ауа арқылы сүйіседі

21.00 - де массаж жасайды

22.00 - де арқамен жанасу

23.00 - де құшақтасу

24.00 - де бір орында үш рет секір

«Эмоция» жаттығуы.

Мақсаты: Оқушыларға эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету.

Жүргізу шарттары:

Шаршадым «Уh!» дедім.

Ренжідім: «Туh!» дедім.

Қорықтым «Ой!» дедім.

Өкіндім «Аh!» дедім.

Шарасыз «Еh!» дедім.

Таңырқап «Ооо!» дедім.

Өкпеледім «ИИ!» дедім.

Біліп ап «ЕЕЕ!» дедім.

Қуанып «Ха-Ха-Ха!» дедім.

Рефлекция.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
20.10.2025
80
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі