400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5- сынып сән мен талғам

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл матиериал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімне көмек ретінде беріліп тұр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы: Сән және талғам

Мектеп: «Өндіріс орта мектебі» КММ

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалімнің аты-жөні: Аязбекова З.К.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар: 10

Қатыспағандар: -

Күні:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.7 Т/Ж2

Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Сән және талғам жайында мәтінді оқып, талдайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жарнамалау барысында өз ойларын ашық жеткізеді

Кейбір оқушылар орындай алады:

Рәсімделу мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады.


Тілдік мақсат

Мәтінді оқиды, фразеологизмдердің мағынасын ашады, хат, жарнама, хабарландыру жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Алақанмен сипағанда, көлдің майда толқынындай, көзге ұрмайтын, бұлақтай таза, құрақтай майысқан қылықты, құлашын кең жайған.

Алдыңғы оқу

«Сұрақтар қобдишасы» әдісі арқылы ұлттық киімдер, сән жайында сұрақтар қою.

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

3 минут

Психологиялық жағымды ахуал тудыру

«Шуақты тілек»

Балауыз шам

Ортасы

5 минут







10 минут




















5 минут


















5 минут




















2 минут

10 минут

Топқа бөлу

«Мозаика» әдісі. Ұлттық киімдерді құрастырады


«Миға шабуыл әдісі»

Ұлттық киімдердің суреті көрсетіледі

Бұл ұлттық киімдердің атауын атап көрсетеді


1-тапсырма. Топтық жұмыс

«Дөңгелек үстел» әдісі

І топ. Автор әңгімені бастамас бұрын қандай сөйлеммен оқырманның назарын аударады?

ІІ топ. Әңгіме әрі қарай қалай өрбіді?

Негізгі бөлімде қандай оқиғалар орын алады?

ІІІ топ. Әңгіме қалай аяқталады?

Айсұлу сыйлыққа алған лағыл түсті жібек орамал Ислам аканың биік талғамын көрсете ме?


Кері байланыс (ҚБ): «Борт журналын» толтыру (өзін-өзі бағалау)

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

(оқылым алды толтыру)

Мәтіннен қандай жаңа ақпарат алдым?

(оқылымнан кейін толтыру)






2-тапсырма. «Дара диаграммасы» әдісі

«Адамның адамға деген қызметі қымбат.

Кісінің кісіге деген ықыласы ерекше» тақырып талдау

Shape1 Кері байланыс (ҚБ): Өзін - өзі бағалау


3-тапсырма. Ромб әдісі

Мәтіннен мұрақ туралы ақпаратты алу


Мұрақ - лауазымды адамдар киетін екі жағы қошқар мүйізденіп келетін, сән-салтанатқа киілетін қалпақ. Жай уақытта киюге қолайсыз. Мұрақ жайында мақал- мәтелдер көп.

Мысалы: «Хандар киер мұрақта

Қараша киер құрақты».

«Мұраққа қарап, халық мансапты адамды айырады»

Мұрақ қалпағын елбасы, төре, билер киген.

Мұрақты оюлап, өрнектеп, әртүрлі алтын-күмістелген жіптермен тігеді. Ою-өрнек жібіне қарай мұрақтар жылтырап көрінеді. Мұрақты көбіне той-томалақ, сән- салтанатқа киеді.

Кері байланыс (ҚБ): «Бутерброд» әдісі

Бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру

(Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы ..... )

Сергіту сәті: «Қара жорға биі»


4- тапсырма «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

1-топ

Сән байқауын ұйымдастырушыларға хат жазу

2-топ

Жігіттер мен қыздардың сырттық киімдерін жарнамалайды. Жарнама мәтінінде суреттеу болу керек

3-топ

Сән байқауына қатысушыларға, көрермендер жинауға хабарландыру жазу (топпен жұмыс)


Кері байланыс (ҚБ): «Конверттегі сұрақ» әдісі

Қамзол, шапан,

сәукеле суреті


Суреттер







Қазақ тілі оқулығы

5- сынып







Кесте








Диаграмма




































Ән




Флипчарт, маркер










Соңы

5 минут

Рефлексия «Алты қалпақ»

- Сабақ соңында қандай сезім пайда болды?

- Не үшін оны істеу керек?

- Қандай кемшіліктерді көрдіңіз?

- Қандай жаңа ойлар пайда болды?

- Әрі қарай жұмыс істеу үшін бізге

қандай ақпарат қажет?

- Біз неге қол жеткіздік? Әрі қарай не

істеу керек?


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сән және талғам жайында мәтінді оқып, талдайды.

Мәтіннің мазмұнын анықтайды.

Мәтінді талдайды.

Жарнамалау барысында өз ойларын ашық жеткізеді.

Мәтін бойынша тұжырым жасайды.

Рәсімделу мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады.

4-5 сөйлемнен тұратын хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады.


Алты қалпақ

Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Көбірек қолдау:

Тақырыпқа байланысты оқушылардың өз ойын ашық айтуына жетелеу.

Біршама қолдау:

Жазбаша жұмыстарды талапқа сай жазуын қадағалау.

Болмашы қолдау:

Қажет кезінде жетекші сұрақтар арқылы көмек көрсету.

Кері байланыс:

Оқушылар «Алты қалпақ» әдісі арқылы сабақ бойынша өз ойларын айтты.

Оқушылармен кері байланыс ауызша жүргізілді.

Құндылықтарды дамыту: адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерді сіңіру

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары: интербелсенді тақта.

Оқушылардың ата-ана, қоғам алдындағы жауапкершілік сезімдері оянды.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақ барысында қойған мақсаттарым мен міндеттеріме жеттім. Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларына негізделген 4 тапсырма берілді. Әр тапсырма оқу мақсаттарының орындалуына негізделді.

Оқушылар киім тарихымен танысты, бабаларымыздың киген киімдері жайында мағлұмат алды, хат, жарнама, хабарландыру жазуды меңгерді.

Сабақ қызықты және өз деңгейінде өтті.

Сабақ жақсы өтті деп ойлаймын, себебі оқушылар белсене қатысып отырды.

Саралау жұмысы да іске асты, тапсырмалар оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес болды.

Уақытты сабақ барысында тиімді қолдандым.

Жоспарға өзгеріс енгізілген жоқ.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Дөңгелек үстел » әдісі арқылы оқушылар өз толғаныстарын жақсы жеткізді

2: Қалыптастырушы бағалау Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы ..... сияқты жағдаяттық мәлімдеме жасайтын тіркестерді орынды пайдалана алды.

3. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Тақырыпқа байланысты оқылған мәтін

2: Топтық жұмыстар

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?

- кері байланысты түрлендіру

- жекелеген оқушылардың қабілетіне байланысты тапсырмалар дайындау



Аязбекова З.К. _____________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі