Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5 А сынып «Салт- дәстүрім – асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
5 А сыныбының 17.03.2022 жылы өтетін «Салт- дәстүрім – асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағаты
Сынып кураторы Б.Ш.Жунисбекова
Мақсаты: жас ұрпаққа ата – бабаларымыздан қалған дәстүрлеріміз туралы жалпы білім беру, асыл мұра болып қалған тілімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру; көшбасшылық қабілеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; елін, жерін сүйетін саналы да білімді, жан – жақты дамыған жеке тұлға иесін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ұлттық нақыштағы киімдер, халқымыздың дәстүрлеріне байланысты слайдтар және көріністер.
Тәрбие сағатының өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 2.Әділ қазылар алқасын сайлау 3.Негізгі бөлім
Жүргізуші: Ата – бабамыздан келе жатқан салт – дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алуымыз қажет.
Жүргізуші. « Өткенді білмей келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын ұғады» - деген болатын атақты жазушы Ғ. Мүсірепов. Жазушының осы ойымен белгілі ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Ғалиұлы Арынның «Бес анық» атты еңбегі толығымен ұштасадындығы сөзсіз.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар, сайыскерлер бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. Осы орайда, Мұхтар Ғалиұлы Арынның «Бес анық» кітабында ұлттың келбетін анықтайтын бес құндылық туралы жүйелі ой-пайымдар жазылған. Автор біздерге «бес анық» деп мыналарды танытады: Бірінші анық – Тіл; Екінші анық – Дін; Үшінші анық – Дәстүр; Төртінші анық – Тарих; Бесінші анық – Атамекен. Шынында бұл бес құндылық қазақтың ұлт ретіндегі қасиеті мен болмысын, танымы мен тамырын, жаны мен рухын көрсетеді. Бұл еңбектің басты мақсаты тіл, дін, дәстүр, тарих, атамекеннің мән-маңызын арттыру, қазақтың қастерлі ұғымдары арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді ояту, төл құндылықтарды қайтару мәселелері қозғалады.
Жүргізуші: Біздің тәрбие сағатымыздыңда басты мақсаты үшінші анық – дәстүр туралы сіздерге ақпарат беріп, олардың мән-маңызын дәріптеу. Жүргізуші: Иә, ұлтымыздың салт-дәстүрлерінің мазмұны адамгершілікке, ізеттілікке, құрмет пен байсалдылыққа негізделеді. Мұхтар Ғалиұлы дәстүрлеріміздің құндылығы жөнінде былайша толғанады: «...Сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, дара фәниден дара бақиға аттанғанға дейін адам баласы, пайғамбар Ғалаиссалам айтқандай, өмірдің тәрбиесінен өтеді. Өмірдің тәрбиесі дөп отырғанымыз – дәстүрлер. Жақсы дәстүрлер көп ретте тәрбиелік ережелер түрінде қолданылады. Әрбір ұлттың өзінің психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік жағдайларына байланысты өзіне ыңғайлап жасап алған ережелері бар. Соны ұстанған адам түптің түбінде жаман болмайды және соның өзі ұлттық мүддеге сәйкес келеді».
Жүргізуші: Дәстүр – қазақтың рухы мен келбеті. Салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз жойылса, ұлт ретінде өмір сүруді тоқтатамыз деген сөз. Бұны алдын алу үшін жас ұрпақты сол қастерлі дәстүрлерді берік ұстанып өсіру керек. Автор бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақтың дәстүрлерінің ерекшелігі туралы айтады: «...Қазақ халқы да дәстүрден құр алақан емес. Тамаша әдет-ғұрып салт-сана жеткілікті. Олардың қай-қайсысы да адамдыққа, иманжүзділікке, мәдениеттілікке, дүниетанымды кеңейтуге тәрбиелейді.
Жүргізуші: Ендеше, «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» - атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысымызға үш топ қатысып отыр: Қатысушыларды ортаға шақырмас бұрын өділқазылар алқасымен таныстырып өтейік: лицей Республикасының белсенді мүшелері Аманғазы Аружан, Дүйсенбек Нұрәділ, Сағындықова Аружан, Рашид Ернұр, Тұрсынқазы Тұмар. Алдарыңыздағы бағалау парақтарын қолданып, сайысымыздың І «Таныстыру» кезеңін бағалай отыруларыңызды сұраймыз
Жүргізуші: Біздер бұрын көрмеген,
Салт – дәстүрін білмеген,
Үйренеміз дәріптеп
Заманымда өрлеген.
Жүргізуші: Сайыс, сайыс көңіл шіркін
тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол
ұрсын
Өнерлерін аямайтын
біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп
енсін , – дей келе «Ашамай» тобын қарсы алайық!
Жүргізуші: Салт дәстүрім қайта оралды, аты да аңыз!
Сұрамаймыз алғыста, ақылда біз
Үй дастархан даламыз, сахнамыз
Ұлы мейрам қуанышқа шақырамыз! Ортада
«Атамекен»
тобы! Қарсы
алыңыздар!
Жүргізуші: Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халықыпыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз! Алдыларыңызда «» тобы
Жүргізуші: Ақ сандығым ашылды, ішінен шашу шашылды, - деп бірінші кезеңіміз сәтті аяқталды. Олай болса, сайыскерлеріміз екінші кезеңнін сынына дайын сияқты.
Жүргізуші: Екінші кезеңіміз «Шешендік сөз» - сұрақ – жауап жарысы, және бұл жерде топ басшылары жеке тапсырма орындап шығуы тиіс, сондықтан бұл жарыстағы ұпай саны дұрыс жаупта еселенеді, жауап дұрыс болмаса ұпай саны кемиді. (сайыскерлер қоржыннан сұрақтарды алып жауап береді- ақылдасуға 1 мин уақыт беріледі). Қоржынның екінші басында топ басшыларының сұрақтары жасырылған.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы екі кезеңнін ұпайларын есептегенше ән шашуын қабыл алыңыздар! Жұмабай Асылайдың орындауындағы ән шашуды қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар, екі кезең бойынша ұпай сандарын естіп, келесі сайысқа ширақ қимылдап, ұпйаларыңызды арттыруға жұмыла орындауға дайын болыңыздар! Жүргізуші:
Жүргізуші: Үшінші кезеңнін тапсырмасы «Полиглот» деп аталады, сайыскерлер жұмбақтың шешімін үш тілде жауап берулері шарт.
Жүргізуші: Бірінші «Ашамай» тобының жұмбақтары (топ жауап бере алмаған жағдайда басқа топтың жауап беріп, ұпайларын арттырып алуға мүмкіндіктері бар):
1. Тау – тау ақ қар ерімейді ыстыққа ( мақта, вата, cotton)
2. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің барын кезді
(Ине, иголка needle)
3. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды
(алжапқыш, фартук apron)
Жүргізуші: Келесі «Атамекен» тобы дайын тұр жұмбақтарын шешуге 1.Тұмсығы мықты, қырмен ойды тегістеп шықты
(үтек, утюг, iron )
2. Біреуге кейін дейді, ал өзі кейінбейді
(тігін машинасы, швейная машина, sewing machine)
3. Кіруге адам батпайды, аман – есен сақтайды
(сандық, сундук, box )
Жүргізуші:
1.Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ, горох, peas)
2.Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
(Қол, рука, hand)
3.Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.
(Қамшы, плетка, whip )
Жүргізуші: Төртінші кезеңге келіп жеттік. ”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де,
ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды
бастайық. «Жалғасын тап»! (мақал- мәтелдің жалғасын табу)
1.Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)
2.Өз елім... (өлең төсегім)
3.Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)
4.Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)
5.Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)
6.Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)
7.Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)
8.Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)
9.Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)
10.Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)
11.Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)
12.Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)
13.Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)
14.Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)
15.Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)
Жүргізуші: Топ басшыларының сайысы жалғасады “Ең тапқыр көшбасшы” деп аталады! Тірек сөздермен мақал-мәтел құрастыру. (үлестірме қағазға орындалады)
-
дос -теңге.Жауабы: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
2.Ақыл –кен Жауабы:Ақыл-тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен.
3.Оқу – ине Жауабы: Оқу инемен құдық қазғандай.
4. Еңбек – береке Жауабы: Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке.
5. Тіл-ой Жауабы:Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой, тәрбие көзін қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған. Үй тапсырмасын орындауға келіп қалдық!
Жүргізуші: Бұл кезеңде сайыскрлер «Ойлан тап» ! Бұл кезең бүгінгі сайысқа қатысушы топтар бір-біріне жасырын түрде бір дәстүрге байланысты қысқаша көрініс жасайды, бірінші болып тапқан топ ұпайға ие болады!
Жүргізуші: Білімдері бойларында жеткілікті
Сыр- сымбатта бір мін жоқ, кіл көрікті.
Сайысуға толық әзір келіпті.
Білімменен дарыннан кем қалғанба?
Барлық кезде көзге түсер алдында
Қарсылас топтар алдарыңда
Бар өнеріңді ортаға сал қалыспа.
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы жана
ма?
Білім мен өнер
жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар
ма? – дей келе топтар сайысы «Өнер
жарысымен» жалғасады! Үш топтың өнерін
тамашалайық!
Жүргізуші: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманым.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Жүргізуші: Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Жүргізуші: «Ақ бата –асыл мұра» бата беру кезеңінде сайыскерлер тоқтамай әділқазылар берген ұақытта неше бата айтып үлгеретіндігі есептеледі.
Жүргізуші:Бәрекелді! Тамаша сайыс болды!
Ниет, ықылас
білдіру,
Әр адамға
аманат!
Ата – баба дәстүрі
–
Батаны біл
жамағат.
Жүргізуші:Сайыскерлеріміз барлық кезеңдерден сүрінбей өткен сияқты, бірақ сайыс болған жерде жеңімпаздарды анықтау шарт. Сондықтанда әділқазылар алқасы ұпайлардан шатыспасын, жанкүйер боп еш топты қолдамасын, бағаларын әділ қойып, есептеп, біздерге жеңіпаздарды анықтап берсін!
Жүргізуші: Әділқазылар қорытынды шешімдерін шығарғанша тағыда бір ән шашуын қабыл алыңыздар! Абдулдина Нурайдың орындауындағы ән шашуды қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Егеменді еліміздің ертеңі - жас жеткіншектер, халықтың рухани қазынасын, өнерін қастерлеп, аталар даналығынан толық сусындап өсіңдер, дей отырып, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі!
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар осымен біздің бүгінгі «Салт- дәстүрім – асыл қазынам» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүрейік, Сау болыңыздар!
Топ басшылардың тапсырмалары
-
дос -теңге. Жауабы: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
2.Ақыл –кен Жауабы:Ақыл-тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен.
3.Оқу – ине Жауабы: Оқу инемен құдық қазғандай.
4.Еңбек – береке Жауабы: Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке.
5.Тіл-ой Жауабы:Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
«Ашамай» тобы: Осы сөздерге қатысты мақалды жазып шық
-
Дос -теңге.
2.Ақыл –кен
3.Оқу – ине
4.Еңбек – береке
5.Тіл-ой ____________________________________________________________
«Атамекен» тобы: Осы сөздерге қатысты мақалды жазып шық
1.Дос -теңге.
2.Ақыл –кен
3.Оқу – ине
4.Еңбек – береке
5.Тіл-ой _______________________________________________________________
«Алтын асық» тобы: Осы сөздерге қатысты мақалды жазып шық
-
Дос -теңге.
2.Ақыл –кен
3.Оқу – ине
4.Еңбек – береке
5.Тіл-ой
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз