400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

«5-ке дейін санау»

Материал туралы қысқаша түсінік
болашак мамандак керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным.

Оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы:5-ке дейін санау

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Үштілділік компонент: бір-один-one,екі-два-two,үш-три-three,төрт-четыре-four,бес-пять-five,қыс-зима-winter,көктем-весна-spring,жаз-лето-summer, күз-осень-autumn,қызыл-красный-red,ақ-белый-white,сары-желтой-yellow,жасыл-зеленый-green.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар. Құрал жабдық ретінде суреттер, шар, сандар, үлестірмелі материалдар.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің әс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық-қозғаушылық кезең








Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.





































Рефлексивті-түзетуші кезең

- Сәлеметсіндер ме! - Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық! Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге, Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой. Амандасып аламыз. Ал қанекей бәріміз. Сәлем!- дейік үлкенге Жылулық шеңбер. - Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы. - Балалар, мынау ненің суреті? - Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Кәне, бізде қайырлы таң тілейік. - Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!

- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!

- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!! Көздерін, құлақтарын уқалайды. Шапалақтайды.

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып. - Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы оқу - іс әрекеті. Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын мына шарларды ала келдім. - Бір жылда неше мезгіл бар? - Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шардың түсі қандай?

- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? Қыс. қыста жер қандай болады?

Сары шарды көрсету Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді. - Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды.

Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. - Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.. Ағаштар бүршік жара бастайды.

Қызыл шарды көрсету. - Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.

- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады. Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына смайликтерді сендерге таратып беремін. 1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау үш тілде санау. 2 - тапсырма. (1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)


Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан». 3 - тапсырма. Логикалық есептер - Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? - Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету) 4 - тапсырма Жұмбақтар. Адамға серік, күзетке берік. ? Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

Сергіту сәті:

Father finger, father finger, where are you?
Here I am, hereI am. How do you do?

Mother finger,mother finger, where are you?
Here I am, here I am. How do you do?

Brother finger, Brother finger, where are you?
Here I am, here I am. How do you do?


Sister finger, Sister finger, where are you?
Here I am, here I am. How do you do?

Baby finger, Baby finger, where are you?
Here I am, here I am. How do you do?

Қорытынды: 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санадық.


Жұмбақтар шештік.

- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық.

Сәлеметсіз бе!


















(күннің)


(winter,spring,summer,autumn) (қыс,көктем,жаз,күз)





(ақ)




(ақ)



(күз)



(көктем)

(жаз)









(1)


(ит)


(қой)



Күтілетін нәтиже:

- түстерді ажырата алу және 1-ден 5-ке дейін тура және кері сандарды санай білу.

Білуі керек: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.

Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді; есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі