Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5 ке көбейту және бөлу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Санды 5-ке көбейту және бөлу
Жарияланды 10-04-2013, 13:03 Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Санды 5 - ке көбейту және
бөлу.
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Санды 5 - ке көбейту және бөлу кестесімен
оқушыларды таныстыру, меңгерту.
2. Дамытушылық мақсаты: Жаңа меңгерілген білімді өз бетімен жұмыс
істеуде пайдалана білу, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, табиғатты
қорғауға тәрбиелеу, экологиялық, экономикалық тәрбие беру.
Сабақ әдістері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, өздік жұмыс,
іздендіру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, Ана тілі, экономика.
Көрнекілігі: Күзгі орман суреті, қыстап қалатын құстар (қарға,
сауысқан, тоқылдақ, суықторғай, шымшық, торғай, кептер), ұя,
жемшашар, жемістер (мандарин, апельсин, алма), аңдар (тиін,
қоян,
түлкі, қасқыр), саңырауқұлақтар, кесте, тест сұрақтары, қима
қағаздар, тақия.
Техникалық құрал: Магнитофон.
Жүрісі:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгінгі математика сабағы ерекше сабақ.
Өйткені, аудан мектептерінен көптеген апайлар қонаққа келіп
отыр.
Қонақты жақсы қарсы алып, ризалап шығарып салу халқымыздың бұлжымас
қағидасы іспеттес.
Олай болса сабақты жақсы өткізуге атсалысайық.
II. Үй жұмысын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге 6 - тапсырма, теңдеу құру және шешу
2, 3, 4 - тің көбейту кестесін жаттау.
6. а: 4 = 5 Бөлінгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлгішке
көбейтеміз
а = 5*4
а = 20
-----------------
20: 4 = 5
5 = 5
Х*4 = 16 --- Көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі
Х=16: 4 --- көбейткішке бөлеміз
Х=4
----------------
4*4=16
16=16
Ұлттық ойын: «Тақия тастамақ» арқылы 2, 3, 4-тің көбейту, бөлу
кестесін тексеру. Тақия кигізіп, өрнек айтамын, бала көбейтіндінің
не бөліндінің мәнін айтады.
III. Жаңа сабақ:
а) Балалар бүгінгі сабағымыз – саяхат сабақ. Ойша күзгі орманға
саяхат жасаймыз. Туған өлкемізде орман болмаса да, кітаптан
оқығанымыз бар, ойға түйгеніміз бар, теледидардан көргеніміз бар
күзгі орманды көз алдымызға елестете аламыз деп ойлаймын.
Мақсатымыз таза ауамен демалу, кездескен жануарларға қамқорлық
жасау.
- Күзгі орманды кім суреттейді?
- Күзгі орманның сырт бейнесі сұп – сұр. Ішіне енгенде құстар үні
мен бұтақтар сыбдыры естіледі. Аяқ асты жұп – жұмсақ, сарғыш қоңыр
кілем төселгендей. Шырша мен қарағай жазғы өңін өзгертпеген,
жапырағы сиреген ақ қайыңдар ағараңдайды. Қалың бұтақтар арасынан
сұрғылт аспан көрініп қалады.
Күзгі орманды жақсы суреттегені үшін бүгінгі өтетін тақырыпты ашу
құрметіне ие болды.
Дәптермен жұмыс: Күннің жадын жазамыз.
Тақырып: Санды 5-ке көбейту және бөлу.
Көркем жазу: 0 – ден бастап санды 5 бірлікке арттырып жазу.
0, 5, 10, 15, 20, 30, 35, 40, 45, 50
Осы сан қандай сандар?
5 - бөлінетін саннан басталып, 5 бірлікке арттырылған немесе 5
бірлікке кемітілген сандар 5-ке бөлінеді. Бұл сандар 5-тің көбейту
кестесінің мәні де бола алады.
Кітаппен жұмыс:
1 - Мысал. 5-ке көбейту және бөлу кестесі.
Көрнекілік және есеп шот арқылы түсіндіру.
Санды 5-ке көбейту тәсілі
5*1=5 4+5
6*1=6 4+6
7*1=7 4+7
8*1=8 4+8
9*1=9 4+9
Санды 5-ке көбейту
5*5=25
6*5=30
7*5=35
8*5=40
9*5=45
Санды 5-ке бөлу
25: 5=5
30: 5=6
35: 5=7
40: 5=8
45: 5=9
- Көбейтіндінің мәнін 1 - көбейткішке бөлсе не шығады?
- Екінші көбейткіш.
IV. Жаңа сабақты пысықтау:
Қима қағазбен жұмыс.
6*5
8*5
5*5
7*5
9*5
Мәнін тауып, кері амалмен теңдік құру.
Кітапта келтірілген кестелерді үйде жаттау.
Ә) Саяхатымызды жалғастырамыз
- Күзгі ормандағы құстар тіршілігі туралы кім айтады?
(Магнитофоннан құстар үнін қосып қою)
- Орманда қыстап қалатын құстар ғана қалған. Олар ала қарға,
сауысқан, тоқылдақ, суықторғай, шымшық, торғай, кептерлер.
- Оларға күздің соңғы айында жем тауып жеу қиынға түседі.
- Жаздағы бунақденелер, жеміс – жидектер әлде қашан жоқ болған.
- Дұрыс, балалар, құстарға күздің соңғы айында жем тауып жеу қиынға
түседі. Сондықтан құстар елді мекенге жақындайды. Қыстап қалатын
құстарды «отырықшы» құстар деп те атайды. Құстарға ұя іліп
қамқорлық көрсетелік.
Ол үшін 2- есепті шығаруға тиістіміз.
2 – есеп. - Шарты оқыту, талдау, түсіндіру.
Мектеп асханасына әрқайсысы 8 кг 5 жәшік мандарин және 16 кг
апельсин әкелінді.
- Көрнекілікке назар аударту.
- Есептің сұрағын оқыту.
- Есеп неше амалды есеп?
- Неге олай деп ойлайсыңдар?
Әуелі мандарин қанша килограмм екенін табамыз. 8 килограммнан 5
жәшік деген соң 8-ді 5-ке көбейтеміз. Екінші мандаринге апельсинді
қосып, асханаға әкелінген барлық жемісті табамыз.
Шарты:------------- Шешуі:
1ж – 8 кг ----------- 8*5=40
5ж -? кг ------?-------- 40+16=56
Және – 16 кг ------------ Жауабы: Барлығы 56 кг жеміс
- Есепті қалай шығардық?
- Амалдап.
- Кім екі амалды бір өрнек құрайды?
8 5+16=56
Жауабы: Барлығы 56 кг жеміс
Дәптерге жаздыру.
Құстың ұясын ілу.
Балалар, құстарға жемшашар да іле кетейік, жемшашарда достарымызға
арналған дәміміз бар. Ол үшін 3 – тапсырма кестемен жұмыс
жүргізелік.
3. Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шығар.
Бір жәшіктің массасы Жәшіктер саны Барлық жәшіктің массасы
9кг 5?
? 5 45кг
9кг? 45кг
а) Алма салынған бір жәшіктің массасы 9 кг. Осындай 5 жәшік бар.
Барлық жәшіктің массасы қанша килограмм?
9*5=45
- Барлық жәшіктің массасын қалай табамыз?
- Барлық жәшіктің массасын табу үшін бір жәшіктің массасын жәшіктер
санына көбейтеміз.
ә) Алма салынған бір жәшіктің массасы 45 килограмм.
Бір жәшіктің массасы қанша килограмм?
45: 5=9 (кг)
- Бір жәшіктің массасын қалай табамыз?
- Бір жәшіктің массасын табу үшін барлық жәшіктің массасын жәшіктер
санына бөлеміз.
б) Алма салынған бір жәшіктің массасы 9 килограмм. Осындай бірнеше
жәшіктің массасын 45 килограмм.
Жәшіктер саны қанша?
45: 9 =5 (ж)
- Жәшіктер санын қалай табамыз?
- Барлық жәшіктің массасын бір жәшіктің массасына бөлеміз
- Бұлар өзара кері есептер болып табыла ма? Неліктен?
- Бірінші есептегі ізделуге тиісті шама екінші, үшінші есептер де
белгілі шама және екінші, үшінші есептердегі ізделінді шама бірінші
есепте белгілі шама.
Берілген үш дерек әр есепте қайталанып тұр.
Бірінші амал көбейту, оған екі кері амал бөлу амалы орындалып
тұр.
Экономикалық тәрбие:
- Көтерме сауда базарында 9 килограмм бір жәшік алма 450 теңге
тұрады. Егер базарда алманың бір килограммы 50 теңге болса, сату
үшін бір жәшік алма алғаным тиімді ме, жоқ па?
- Жоқ, алмаңыз. Себебі, сіз бір килограмм алманы 50 теңгеге алғалы
тұрсыз. Сіз одан пайда таппайсыз, түсіріп алу керек.
- Дұрыс, балалар. Сауда тиімді жағы қарастырылуы керек. Қазақта
мынадай мақал бар.
6-ға алып,
5-ке сатпас болар.
Біздің шығарған есептеріміз жемістерге байланысты болды.
Жемістер – күз байлығы.
Құстарға арнап жемшашарды да ілдік.
Құстар туралы ой қорыту:
Құстар – біздің досымыз.
Құстар – табиғат сәні.
Құстар – өсімдік қорғаны.
Б) – Күзгі ормандағы жануарлар тіршілігі туралы кім айтады?
- Күзгі ормандар жануарлар сиреген. Ағаш бұтақтарында отырып, қысқы
азығын жинаған тиімді кездестіруге болады. Ол бүршік жарып, жаңғақ
дәнін жинайды.
Саңырауқұлақ жиып, бұтақтарға іліп, кептіріп қояды.
(Бұтаққа тиімді орналастыру).
Ойын: «Тиіндерге саңырауқұлақ сыйлаймыз»
4 – жаттығу. Ауызша
9*5 -------- 5*8
45: 5 ------- 40: 5
45: 9 ------- 40: 8
5*9 --------- 8*5
Әр өрнектің мәнін дұрыс тапқан бала тиінге саңырауқұлақ сыйлай
алады. Саңырауқұлақтар да ілінді.
- Қай теңдіктер 5-ке көбейту кестесінде келтірілген?
9*5=45
8*5 =40
- неге?
- Себебі, үлкен санда кіші санға көбейту оңай.
Тиін саңырауқұлақ сыйлағанымыз үшін «рахмет» айтты.
В) – Автобуспен ауылға ораламыз, жолда қандай аңдарды
кездестіруіміз мүмкін?
- Туған өлкеміздің жазық даласынан қоян, түлкі қасқырды
кездестіреміз. Қасқыр мен түлкі жүні қалыңдаған, ал қоян жүні ақ
сұр түске енген. Қысқа қарай қоян жүні ақ түске енеді. Бұл
жауларынан қорғану үшін керек.
Сыныпқа келдік. Таза ауада жақсы демалып, ойымыз да, сергіді. 5
санына байланысты ой қозғау.
5 қаруды кім айтады?
5 асыл іске не жатады?
5 дұшпанды санамала?
5 арысты ата?
5 санына байланысты кім мақал біледі?
● Бесік баласы бес түлейді.
● Айдағаның бес ешкі,
Ысқырығың жер жарады.
● Бес саусақ бірдей емес.
● Ер қаруы – бес қару.
5 санына байланысты тұрақты сөз тіркестері де бар екен.
Бетінің кірі бес елі.
Бетінің кіріне бес ит тойғандай. (Бұл бетін жумайтын балаға
айтылған).
Алты аласы, бес бересі жоқ.
(Танымайтын немесе қатысы жоқ адам дегенді білдіреді)
Г) – Кім орман туралы ой қорытады?
- Орман – табиғатымыздың көркі еліміздің байлығы.
Жан - жануарлар мекені мен азығы, таза ауа, жанға сая.
5 – жаттығу
Бұл есепті шығару жолдары бұрыннан таныс.
- Кітапқа қарап, кім не айтады?
- Көбейтінді берілген.
- Көбейтіндінің мәнін екінші көбейткішке бөлген.
- Көбейтіндінің мәні бірінші көбейткішке бөлген.
- Көбейткіштердің орнын ауыстырған
Өрнектің мәнін тауып кім оқиды?
6*5=30
30: 5=6
30: 6=5
5*6=30
Өздік жұмыс.
Алдыңғы бағанға қарай отырып, өрнек құру мәнін табу.
1 – қатар ----------- 2 - қатар ----------- 3 - қатар
7*5 ------------ 8*5 ------------ 9*5
Тексеру.
а) Көбейткішті қалай табамыз?
ә) бөлінгішті қалай табамыз?
б) бөлгішті қалай табамыз?
6 – жаттығу
5 – жаттығуға ұқсас. Талдап, үйге қалдыру
Экологиялық тәрбие
- Өсімдіктің ауаны тазартуға қандай үлесі бар?
- Өсімдік көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, таза ауа оттегін береді.
Шаң – тозаңды тұтып қалады.
- Олай болса, балалар көктемде үйіміздің мектебіміздің жанына жас
талдар отырғызалық. Мекенімізге көрік қоссын.
7 – жаттығу
Салыстыруға берілген өрнектер
Таңбаларды өрнектеу арқылы тексеріледі.
Әр қатардағы дұрыс емес жауаптар саналады, жекелеген оқушылар өрнек
мәнін тауып, салыстырады.
Ғ) Орман адам игілігіне қызмет етеді. Алысқа бармай – ақ
сыныбымыздың ішіне көз салайық. Жиһаздар, есік – терезе, тақта,
оқулықтар, оқу құралдары – бәрі де ағаш өнімдері яғни орман
өнімдері. Оларды күтіп ұстау парызымыз.
Тест алу:
Теледидардан өртеніп жатқан орманды көріп қаламыз.
- Оған кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
- Адамдар. Орманға барғанда от жақсаң сөндіріп кету керек, қоқыс
тастамау керек.
- Дұрыс, балалар өртенген орман елімізге үлкен шығын әкеледі. Орман
кейде табиғат құбылысы әсерінен де өртенуі мүмкін. Мысалы: Найзағай
түсуі т. б
-
Д) Шығармашылық тапсырма:
Еркін әкесі 36-ға келгенде туған болатын. Қазір оның жасы әкесінің
жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?
1. Мына сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді.
а) 32
ә) 29
б) 27
2. 50 – 20: 2 мәнін тап.
а) 60
ә) 10
б) 30
3. Теңдеуді шеш:
Х*6=24
а) х=18
ә) х=4
б) х=30
4. Периметрі 16см шаршының қабырғасы неше см?
а) 5см
ә) 7см
б) 4см
Оңай тәсілмен есептелік:
Әкесі Еркін
45 ----9
Әкесі 45 жаста, Еркіннің жасы 9 - да.
V. Қорыту.
Оқушылар назарын тақтаға аудару. Тақырыпты оқыту. Көркем жазудағы
құрған сандық қатар арқылы санды 5-ке көбейту, бөлуді бекіту.
VI. Бағалау:
Балалар, өскенде барлығымыз да бір – бір мамандық иесі боламыз.
Мүмкін біріміз экономист, біріміз эколог болармыз. Біздің адал
еңбегіміз Отанымызға қызмет ету мен өлшенеді. Олай болса бәріміз
бірігіп Шәмші Қалдаяқов ағамыздың «Менің Қазақстаным» әнін
орындайық.
Сабақты аяқтау.
Қонақтармен қоштасу.
Материал рейтингісі:
-
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Санды 5-ке көбейту және бөлу, бастауыш сынып, математика, ашық сабақЖариялаған Orazaeva Оқылды: 6261 (рет) | Пікірлер: 0 Баспаға шығару
Басқа жаңалықтарды оқу: