Оқушының аты-жөні ___________________
Қазақ тілінен жұмыс парағы
Бөлім:
САЯХАТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстанға
саяхат
1-тапсырма.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға
жауап бере отырып, көтерілген мәселені
анықта.
-
Солтүстік Қазақстан
облысы несімен әйгілі?
-
Солтүстік Қазақстанның
басты байлықтарына нелер жатады?
-
Басты өзендерін
ата.
-
Көкшетау несімен
ерекшеленеді?
Тыңдалым
мәтіні:
Солтүстік
Қазақстан
Солтүстік
Қазақстан Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарынан тұрады. Бұл
облыстар – еліміздің басты егісті өңірі. Табиғаты тамаша Ақмола
облысы өзінің шипажайларымен де әйгілі. Бурабайдағы алғашқы
демалыс-сауықтыру орны ХХ ғасырдың басында ашылған болатын.
Бұл жерге жыл сайын мыңдаған турист денсаулығын түзеу үшін, көркем
көлдерге сүйсініп, қарағайлы ормандарды аралау үшін
келеді.
Қарағанды
еліміздегі шахтерлер астанасы деп есептеледі. Осы облыста әлемдегі
ерекше көлдердің бірі – Балқаш көлі мен қорыққа айналдырған
Қарқаралы ормандары орналасқан.
Павлодар облысында «Богатырь»,
яғни «Баһадүр» көмір тілігі бар. Ол – дүниежүзіндегі аса ірі
ашық шахта. Екібастұз қаласында жылу электрстансыларының ғаламат
тізбегі жасалған.
Басты өзендері – Ертіс пен оның
Есіл мен Тобыл деген екі саласы. Барынша ірі көлдер – Қостанай
облысындағы Құсмұрын мен Сары Қопа, Ақмола облысындағы Теңіз бен
Қорғалжың, Солтүстік Қазақстан облысындағы Шағала, Шортан және
Бурабай. Көлдер емдік-минералдық тұздарымен және лайларымен
белгілі.
Көкшетеу тауларын, ормандары
мен көлдерін табиғаттың қайталанбас бедері десе де
болады.
«Қазақстан елімен сиқырлы
саяхат» энциклопедиясынан
ТІЛДІК
БАҒДАР
Автор сөзі төл
сөздің ортасында келсе, төл
сөз тырнақшаға алынады немесе
алдынан сызықша қойылады; сызықша автор сөзінің алдынан
да, соңынан да қойылып, төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен
жазылады. Мысалы: «Осы бір тегін адам болмаған шығар, – деді
Жалпақ балуан, – түнейік осы молаға».
Оқылым: Солтүстіктегі көрікті
қала
Астана қаласы Қазақстанның солтүстігінде
орналасқан. Қалада «Атамекен» этно-мемориалдық мұражайы бар. Ол
Есіл өзенінің сол жағасына салынып, Республиканың 10 жылдығы
қарсаңында ашылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында
еліміздің барлық аймағынан әкелінген 100-ден астам экспонат
көрсетілуде.
Даңғылдар бойына өте әсем ғимараттар –
Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия университеті, үлкен де жаңа ықшамаудандар сән
түзеген. Ертегі гүліне ұқсас биік Бәйтерек мұнарасы да осында.
«Астана-Бәйтерек» монументі – қаланың негізгі көрікті жерінің бірі,
сондай-ақ қаланың басты нышаны. Ханшатырдан Президенттің
резиденциясына дейін созылған «Сулы-Жасыл» желекжолы ең әдемі жаяу
жүру аймағы деп есептеледі.
Бейбітшілік және келісім сарайы – Қазақстандағы
достық, бірлік пен бейбітшілік нышаны есептелетін ерекше
орын.
https://kk.wikipedia.org/wiki
2-тапсырма. Тілдік бағдарды
негізге алып, тақырыпқа сай 3 сөйлем құрап
жаз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Оқылым мәтініндегі
тірек сөздерді тауып, көшіріп жаз.