5 қазақ сыныбы қазақ тілі саяхат және туриз бөлімі бойынша жұмыс парағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 қазақ сыныбы қазақ тілі саяхат және туриз бөлімі бойынша жұмыс парағы

Материал туралы қысқаша түсінік
5 қазақ сыныбы қазақ тілі саяхат және туриз бөлімі бойынша жұмыс парағы №1
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушыны ___________________ Қазақ тілінен жұмыс парағы

Бөлім: САЯХАТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанға саяхат

1-тапсырма. Сұрақтардың жауабын мәтінді тыңдай отырып тап.

  1. Оңтүстік Қазақстан өңірінде нелер бар?

  2. Тарихи кесенелер қайда орналасқан?

  3. Облыс аумағынан не өткен?

  4. Қызылорда облысы туралы не айтылған?

Оңтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын қамтиды. Алматы облысын осы өлкедегі басты өзендердің санына қарай «Жетісу» деп те атайды. Басты өзендері – Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі. Ең ірі көлдері – Арал теңізі, Балқаш, Алакөл және Сасықкөл. Ең таулы аймақтар – Жоңғар қырқасы мен Іле Алатауы да осында жатыр.

Егер сіз Жамбыл облысына келсеңіз, Тараз қаласына тақау тұрған Айша Бибі кесенесіне баруыңызға болады. Аңыздардың бірінде айтылғандай, оны өзінің сүйіктісіне ескерткіш ретінде қаланың билеушісі Қарахан салғызған.

Ерте замандарда Түркістан облысы аумағымен Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлкені ежелгі қалалар елі деп батыл айтуға болады.

Қызылорда облысы – әйгілі Қызылқұм шөлі мен Арал теңізі орналасқан аймақ. Бір кездерде теңіз балыққа бай еді. Соңғы жылдары ол қатты тартылып, кішірейіп, саяздап кетті. Сосын бұл облыста Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Ол 1955 жылы салына бастаған. Біздің ғаламшардың тарихындағы тұңғыш жасанды Жер серігі осы Байқоңырдан ұшырылды.

«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» энциклопедиясынан


2-тапсырма. Тыңдалым мәтінін негізге алып, Оңтүстік Қазақстан туралы ой бөлісіңдер.

3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай тақырып қой.

______________________________

Алматы – Іле Алатауының етегіне салынған әсем қала. Ақбас Алатау баурайында адамдар өте ертеден тұрып келеді. Оған қала аумағынан табылған сақ дәуірінің қоныстары мен обалар куә.

1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы Алматы болған. Ол – еліміздегі ең үлкен қала. Онда бір жарым миллионға жуық адам тұрады. Мұндағы тау биігінен орын тепкен «Медеу» мұзайдынын шетел азаматтары да жақсы біледі. Көктөбеде Қазақстандағы ең биік телемұнара орналасқан.

Бұл жер – ежелгі мәдениеттің мекені. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи, Таразда Айша Бибі, Қарахан, Бабажа хатун кесенелері, Жетісуда сақтардың бірегей мазарлары бар. Оңтүстік өңір – «Байқоңыр» ғарыш орталығы орналасқан жер.

«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» энциклопедиясын


ТІЛДІК БАҒДАР

Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері

Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөздің алдынан не сызықша қойылады, не төл сөз тырнақшаға алынады да, төл сөзден кейін не үтір, не сұрақ белгісі, не леп белгісі қойылады. Мысалы: Әйтілес қарт:

Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз, – деп бастады әңгімесін.

Немесе

Әйтілес қарт: «Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз», – деп бастады әңгімесін.


4-тапсырма. Тілдік бағдарды ескере отырып, берілген сөйлемге автор сөзін қосып жаз.

Үлгі: Мұғалім бізге: «Байқоңыр ғарышайлағы – Қызылорда облысының басты көрнекі орны, бүкіл әлемнен туристерді тартатын жер», – деді.

Байқоңыр ғарышайлағы – Қызылорда облысының басты көрнекі орны, бүкіл әлемнен туристерді тартатын жер. Оңтүстік өңір – «Байқоңыр» ғарыш орталығы орналасқан жер. Алматы облысын осы өлкедегі басты өзендердің санына қарай «Жетісу» деп те атайды.


5-тапсырма. Берілген мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыр.

1-мәтін
   – Ееее, достым, сен білесің бе, Оңтүстік Қазақстан – тарихи және мәдени мұра ескерткіштері шоғырланған аумақ қой! Жылда атаммен бірге саяхаттап қайтамын. Ұзақ жыл бойы осы жерлермен Қытайдан Еуропа мен Таяу Шығысқа Ұлы Жібек жолы арқылы керуендер өтіп тұрған екен.

2-мәтін
    Оңтүстік Қазақстан –  тарихи және мәдени мұра ескерткіштері шоғырланған аумақ. Бұл жерде ежелгі қалалар, кесенелер, ғибадат орындары орналасқан. Ғасырлар бойы осы жерлермен Қытайдан Еуропа мен Таяу Шығысқа, атақты Жібек жолы арқылы керуен жолдары өтіп тұрған.

Тақырыбы






Мазмұны










Тілді құралы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2024
274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі