400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 сабаққа жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


№4cабақ

Мектеп №10

Мерзiмі:

Тақырып:Салауаттылық - өмір негізі

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:Нурахметова Д.М

Сынып 9

Сабақ мақсаты: Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділік Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

Дамытушылық Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

Тәрбиелік Денсаулықты бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Оқушылардың денсаулық сақтау, нашақорлықтан аулақ болу туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқушыларға Р.Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» атты әңгімесін оқып, талдауға ұсынады. Бұл мәтіндегі негізгі ой өмірдегі барлық нәрсе, соның ішінде денсаулықты нығайтуда, салауатты өмір сүруде әр адамның өз қолында екенін ұғындыру болып табылады. Өз сеніміңе берік болуды ұғындырады.

Қателіктің арты өкініш

Р.Пернеханқызы

Ғабит неліктен өкінішті жағдайға тап болды?

Ғабитке қандай кеңес берер едіңіз?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Сабақта қаралып отырған мәселені түйіндеу мақсатында мұғалім немістің көрнекті жазушысы Т.Карлейль:

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

  • Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?

  • Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?

  • Өзіңіз саллауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсыз?

  • «Салауаттылық - өмір негізі» деген ойға көзқарасыңыз қандай?


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Денсаулық сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тиянақтап, жинақтау мақсатында оқулықта берілген ақпаратпен танысып шығу ұсынылады.

Мұғалім оқулықта берілген ақпаратты оқушылардың өз ойларымен толықтыруын сұрайды. Ол қарастырылған мәселені оқушылардың жауаптарымен байланыстыра, салыстыра талдауға мүмкіндік береді. Оқушылар зиянды әдеттерге әуес болудың салауатты өмір сүруге тигізетін әсерінің қандай болатынына жаңа ақпаратпен танысу арқылы сурет салады

7.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 2,3-тапсырманы орындау.


8.Топпен ән айту. 3 мин. «Көңіл көктемі»

Сөзі мен әнін жазған М.Ы.Ыбыраев


9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Мәтінді оқу.


10.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Ғабит неліктен өкінішті жағдайға тап болды?

Ғабитке қандай кеңес берер едіңіз?

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі