49
«КОММУНИКАЦИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Картотека № 1
Суреттерді орналастыр
Мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз
бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін
дамыту.
Қажетті құралдар: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі
суреттер.
Ойын барысы: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.
Картотека №2
Танып ал да, атын ата
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Ойын барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
Картотека №3
Бірінші дыбысты ата
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп
үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен
белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты,
күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы
дыбысты белгілеп табады.
Картотека
№4
Ұйықтама, сөзді тез ата!
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты
басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен
сәйкестеуін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Қажетті құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3
нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап
үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан
басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді
атаңдар.
Қайтала
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін
дамыту.
Қажетті құралдардар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар
көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан
қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.
Картотека №5
Сөзді аяқтауға көмектес
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін
дыбыстарды жалғастыру.
Қажетті құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады,
содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке
қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз
аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та,
мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л,
ба-л.
Картотека
№6
Дыбыс қайда тығылды?
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту,
сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы
бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал
балалар берілген дыбыстын орнын анықтау
керек.
Картотека
№7
Тізбек
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып
үйрету.
Қажетті құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның соңғы
дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма-
автобус-сабын- нан…
Картотека
№8
Суретті таңда
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Қажетті құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық
суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру.
Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру.
(қалта, ақша, аққала т.с. с)
Картотека №9
Суретті тіз
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Қажетті құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр
дыбысқа бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды,
сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ. Т.б
Картотека
№10
Дыбысты ата
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Қажетті құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық
суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап
барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің
мысалдарын келтіреді.
Картотека
№11
Керікті сөзді көрсет және ата
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту;
балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету
(с - з, с - ц, ш - ж, ч - щ, с - ш, з - ж, ц - ч, с - щ, л - р),
сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
С Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап - жақсы аспап
Картотека
№12
З
Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
Картотека
№13
Кім
жақсы тыңдайды?
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту:
балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті
сөздерді дұрыс белгілеуді үйрету.
Ойын барысы:
1 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырымен
қарап тұрады, сосын тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал
Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын
естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды
санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын
интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж
дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шалқан, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық,
кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды.
Соңында ең зейінді баланы белгілейді.
2 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына
қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады.
Ойынның соңында жеңімпазды атайды.
3 - нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен,
екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала
жеңеді.
Картотека
№13
Сөздерді дауыстап және ақырын айту
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту:
сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға
үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып
жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты).
Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты
дауыспен айтуын ұсынады.
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды,
санамақтарды пайдалануға болады.
Картотека
№14
Қандай дыбыс барлық сөзде бар?
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың
элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы
дыбысты анықтау.
Ойын барысы: Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар,
сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады,
барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын
айтады.
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж;
чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі - с; аяз, қазық,
зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар –
р;
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын
қадағалайды.
Картотека
№15
Сөздегі бірінші дыбысты ата
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай
дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер
беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты
айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ
емес)
Картотека
№16
Сөздегі соңғы дыбысты ата

Қажетті құралдар: суреттер (автобус, жаз, қаз,
тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойын барысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық
суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа,
З дыбысына аяқталатын екінші жаққа
бөлінеді.
Картотека
№17
Асықпай ойлан
Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бірнеше тапсырмалар беріледі, және
сөзде берілген дыбысты анықтаушылығын тексеру
Ойын барысы:
«Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу.
Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай,
тырна, қарға...)
Бірінші дыбысы қ – болатындай, соңғы дыбысы Ш болатындай сөздерді
ойлап тап. (Қарандаш, Қәмәш, қамшы, қайшы…)
Егер ТО-ға бір дыбысты қосса қандай сөз болады? (тон, тор, тоқ,
топ) Барлық сөздер бірдей дыбыстардан басталғандай сөйлем құрастыр:
ж - Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып
жүгірді.
Картотека № 18
Саққұлақ
Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту
Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.
Ойын барысы:Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан шыққанын табуын ұсынады. Дыбыстар бала оларды табу үшін, анық және кезектесіп шығуы керек.
Картотека №19
Ақшақар
Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.
Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Ақша қар, Ақша қар
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды,
Алақаныма қонасың.
Картотека №20
Жапырақтар
Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Картотека №21
Ұш, көбелек!
Мақсаты: Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.
Қажетті құралдар: 2-3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер ( әрбір көбелекке ұзындығы 50 см жіпті байлайды және оларды бір-бірінен 30 см қашықтықта бауға байлайды. Бауды көбелектер баланың бетінің деңгейінде салбырап тұратындай екі тіреудің ортасына кереді).
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға көбелектерге ұшатындай етіп, оларды үрлеуді ұсынады. Баланың тік тұруын, ауаны ішке жұтқанда иықтарын көтермеуін, бір рет дем шығарып үрлеуін, ауаны жұтпауын, ұрттарын толтырмауын, ал еріндерін алға шығаруын қадағалау қажет.Бала басы айналмас үшін, 10 секундтан артық емес үзілістермен үрлеуі қажет.
Қанаттары әдемі,
Қызыл – жасыл көбелек.
Гүлге қонып қалыпты
Бір ғажайып керемет.
Бар даланы жайнатып,
Гүлден – гүлге қонады.
Көбелектің қанаты
Гүлдей әсем болады.
Картотека №22
Аулада
Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.
Ақ тауық ау ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық
Ертемен қыт - қыттайды
Ауламыздан шықпайды.
Балпаң басқан үйрегім
Бұлтыңдайды бүйрегің
Жалпақ тұмсық жем іздеп
Қырқылдайсың,қоймайсың
Тамаққа бір тоймайсың.
Торғай – торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Мяу – мяу, мяу – мяу.
Картотека №23
Ән – жыр
Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.
Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.
Әнші төлдер
Жайылымнан кешкілік
Жамырады бес түлік.
Төңірекке тараған
Төлдер әнін естідік.
«Мә-мә» деген әні бар,
Секірер ор, жары бар.
Селтеңдеген лағым
Секіргіш бір жануар.
«Мәә-мәә» деген әні бар,
Жібек тоны - сәні бар.
Қошақаным момақан,
Сүйкімді бір жануар.
«Бөө-бөө» деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.
«Мөө-мөө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Ойқастаған бұзауым,
Ойнақтағыш жануар.
«Күмбірлеген» әні бар,
Желкілдеген жалы бар,
Желдей өсіп құлыншақ,
Желмен шапқан жануар.
Әдібай Табылдиев
Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.
Картотека №24
Тауық пен балапандар
Мақсаты: Дауысқа еліктеу қабілетін, кеңістікті бағдарлауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қораз бен балапандардың бастарының суреттері салынған баскиімдер (балалардың саны бойынша).
Ойын барысы: Тәрбиеші қоразды, ал балалар балапандарды бейнелейді. «Қораз балапандарымен көгалда қыдырып жемді шұқып жейді» (саусақтарымен еденді тықырлатады).
Қораз:
Мен қоразбын,қоразбын
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып
Елді оятам жар салып.
Ку-ка-ре-ку!-деп нықтап
Айтты өзінше ақылды
Әке-шешең сендерге
Тамақ іздеп кетеді,
Менің күнім «таң атты»,
«күн батты»мен өтеді.
Қызмет етіп теп-тегін
Жүрмеймін босқа,жетеді,
Тым болмаса көңілімді
Көтерсеңдер не етеді?
Балапандар:
Қыт-қыт-қыт-қыт,иә-деп,
Сүйер бар балақан,
Мен-сары балапан.
Енеме еремін
Көгалды шоқып көп
Дән іздеп теремін.
Тәрбиеші балалардың өзінен соң «ку-ка-ре-ку, қыт-қыт-қыт-қыт» дыбыс тіркестерін анық айтуларына қол жеткізуі қажет.
Шөре – шөре
Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.
Өрісте өскен жануар,
Шөкетайым қайдасың?
Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.
Қамбар ата өсірген,
Құла атым қайдасың?
Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.
Зеңгі баба өсірген,
Әукешім менің қайдасың?
Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.
Ойсыл қара баласы,
Ботақаным қайдасың?
Көс – көс деп түйені шақырады.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Картотека №25
Бип, бип, пыш
Мақсаты: Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Паравоздың суреті.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Сосын еліктеу сөздерін қайталап айтады.
Бип, бип, пыш.
Мен паравоз алам.
Саяхатқа бет алам,
Бірте-бірте тездейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Бип, бип, пыш.
Көп қаладан өтеміз.
Қызықтарға жетеміз,
Бип, бип, пыш.
Гук пыш,
Гук, пыш паравоз.
Мықты болсаң басып оз,
Қызық болды кеп қалдық,
Енді жайлап тоқтаймыз,
Бип, бух, пыш.

Картотека №26
Не істеу керек, табамыз
Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.
Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.
Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса,онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді.
Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын қадағалау маңызды.Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.
Картотека №27
«Суретші қай жерде қателесті?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі
сәйкессіздікті таба алға үйрету.
Ойынның мазмұны.
Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады.
Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар
қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде
болатынын айтады.
Картотека №28
Кім алғыр?
Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.
Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда» :
-
Аюды ал және мәшинеге отырғыз.
-
Аюды мәшиненің ішінен ал.
-
Мәшинеге қуыршақты отырғыз.
-
Қуыршақты мәшинемен қыдырт.
Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар қысқа және жеңіл,ал айтылуы ақырын,бірақ айқын болу керек.
Картотека №29
Сыңғыр - сыңғыр
Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қоңырау.
Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.
Картотека №30
Немен ойнап отырмын, тапшы?
Мақсаты: Тұрақты есту қабілетін дамыту, дыбысталуы бойынша аспаптарды айыра білу.
Қажетті құралдар: Дабыл, сылдырмақ, сырнай және т. б.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға кезекпен музыкалық аспаптарды көрсетіп, олардың атауларын нақтылайды және олардың дыбысталуымен таныстырады. Тәрбиеші балалардың аспаптар атауларын ұғып және дыбысталуын есте сақтағанына көз жеткізгеннен кейін, аспаптарды қалқаның артына жинайды. Онда тәрбиеші әртүрлі аспаптарда ойнауды жалғастырады, ал бала дыбысы бойынша анықтайды.
Картотека №31
Қатты - ақырын
Мақсаты: Дауыс күшін алмастыра білуге үйрету: біресе қатты, біресе жай.
Қажетті құралдар: Үлкен және кіші иттер немесе басқа ойыншықтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші екі итті көрсетіп айтады: «Үлкен ит қатты үреді «Аб-аб».Үлкен ит қалай үреді? (бала дауысын қатты шығарып қайталайды). «Ал кішкентай күшік ақырын үреді: «Аб-аб». Кішкентай күшік қалай үреді? (бала ақырын қайталайды)»
Картотека №32
Кел, ойнайық!
Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.
Ойын барысы: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. Мұнда ең маңыздысы балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады
Картотека №33
Қуыршақты оятпа
Мақсаты: Ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Жабылатын көздері бар қуыршақ, төсек орын жабдықтарымен кереует,майда ойыншықтар (текше, доп, мәшине және т. б.) ойыншықтарға арналған қораб.
Ойын барысы: Тәрбиеші ұйықтап жатқан қуыршағы бар кереуетті көрсетіп: « Кәусар көп қыдырды, шаршады, түстенді және ұйықтап қалды. Ал бізге Кәусәрді оятып алмау үшін ойыншықтарды тыныш жинау керек. Маған ақырын айтшы, қандай ойыншықты қорапқа салу керек?». Мұнда баланың ақырын, бірақ сыбырламай айтқанын бақылау қажет.
Картотека №34
Жел соғып тұр
Мақсаты: Кез – келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: 2 сурет, біреуінде жапырақтарды, гүлдерді тербеткен самал жел бейнеленген, ал екіншісінде ағаштарды тербеткен өткір жел бейнеленген.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға самал желдің суреттін көрсетіп, айтады: «Біз жазда орманға серуенге бардық. Самал жел соғып жапырақтар мен гүлдерді тербейді.Ол жай «у-у-у» осылай соғады(дыбыс жай және ұзақ айтылады)». Сонан соң өткір жел бейнеленген суретті көрсетіп, айтады «Кенеттен өткір жел тұрып, ол қатты гуілдеді «у-у-у»(дыбыс қатты және ұзақ айтылады). Бала тәрбиешіден кейін самал жел қалай соғады және өткір жел қалай гуілдейді соны қайталайды. Мұнда тәрбиешіден кейін қайталай отырып бала сол дауыс күшін сақтағаны маңызды.
Картотека №35
Көпіршік
Мақсаты: Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.
Ойын барысы: Ойынды бірнеше адам ойнайды. Олар тығыз шеңбер жасап тұрады және бір-біріне «түтікше» етіп жұдырықтарын қойып, ойдан көпіршік үрлейді.
«Көпіршік, көпіршік үлкен бол үрлен,
Осылай қал, жарылма түрлен».
Сосын үлкен көпіршік үрленеді (балалар «ү-ү-ү-п» деген дыбысты ұзақ шығарады). Ойын қайталанады.
Картотека №36
Кімнің құсы алысқа ұшады?
Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған және айқын боялған құстың пішіндері.
Ойын барысы: Бір-біріне 30см қашықтықта екі құсты үстелдің шетіне орналастырады. Екі бала құстарға қарама-қарсы отырады. «Құстар ұшты!» дабылы бойынша, балалар құстардың пішіндеріне үрлейді. Балалар құстарға үрлегенде ұрттарын толтырмауын, қатты күш салмауын қадағалау керек.
Картотека №37
Кеме
Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығара білуді қалыптастыру. Ерін бұлшық еттерін белсендіру.
Қажетті құралдар: Су құйылған шара және қағаз кемелер.
Ойын барысы: Су құйылған шара балаға кемені үрлеуге ыңғайлы болып тұруы керек. Тәрбиеші кеме қозғалу үшін, оған бірқалыпты және ұзақ үрлеу қажеттігін түсіндіреді.
Картотека №38
Сағат тықылдайды
Мақсаты: Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «т» дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.
Қажетті құралдар: Үлкен және кіші сағаттар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға сағаттарды көрсетіп, айтады: «Бұл – сағаттар. Олар жүрген кезде «тк-тк, тк-тк» деп тықылдайды. Сағаттар қалай тықылдайды? (балалар жауап береді).Үлкен сағаттар жүрген кезде «тк-тк» деп қатты және баяу, ал кіші сағаттар «тк-тк» деп жай және жылдам тықылдайды (балалар әрқайсысына айырмашылығын ажыратып жауап береді). «Т» және «к» дыбыстарының дұрыс және анық айтылуын қадағалау керек.
Картотека №39
Құлыншақ
Мақсаты: «И» дыбысын анық айтуға үйрету.
Қажетті құралдар: Ойыншық ат.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншық атты көрсетіп, оның «и-и-и» деп дыбыс шығаратынын түсіндіреді және балаға 2-3 рет қайталап айтқызады.
Баптайын ылғи, бағайын,
Арқаңнан сипап қағайын,
Бәйгеге мініп шабайын,
Тұлпар боп өсші құлыным!
Картотека №40
Мәшине
Мақсаты: «Б» дыбысын дұрыс және анық айтуды қалыптастыру, жеке дыбысқа еліктеп қатты және жай айтуды , кеңістікте бағдарлана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған (бала санына байланысты) тұтқа, үлкен және кіші мәшинелер.
Ойын барысы: Тәрбиеші мәшинені көрсетеді және оның қалай гүрілдейтінін сұрайды(«бң-ң, бң-ң). Сосын үлкен мәшинені көрсетіп, айтады: «Үлкен мәшине қатты гүрілдейді тыңда , былай «бң-ң, бң-ң»( дыбысқа еліктеуді әдеттегіден қатты айтады), ал кіші мәшине жай гүрілдейді (сыбырлап ақырын айтады) «бң-ң,бң-ң».Балаға дыбыс тіркестерін біресе қатты, біресе жай қайталау ұсынылады. Содан соң тәрбиеші балаларға өздері мәшинемен қыдыруды ұсынады. Балалар жүргізушілерді бейнелеп, қолдарында тұтқа топ ішінде «бң-ң, бң-ң» деп айтып бытырап жүгіреді.
«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Картотека №1
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Қажетті құралдар: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді (ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с.) пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды:
а)дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар (үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді);
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар (бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді);
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер (дөңгелекті көрсетеді)және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.
Картотека №2
Дәл осындай пішінді тап
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден Қажетті құралдарған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
Картотека №3
Үйдің есігін жабайық
Мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: үйдің, есіктің суреттері.
Ойын барысы: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
Картотека №4
Вагондарға дөңгелек таңдау
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
Картотека №5
Үй құрлысының ретін көрсет
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
Картотека №6
Бет орамалға лайық жамауларды табу
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Ойын барысы: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
Картотека №7
Жұбын тап
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Ойын барысы: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
Картотека №8
Әдемі кілемшелер
Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
Картотека №9
Таныс пішіндер доминосы
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Картотека №10
Гараждар
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша суреті бар меңгіріктер (рульдер), дәл сондай суреті бар гараждар.
Ойын барысы: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар меңгіріктерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, меңгіріктің суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.
Картотека №11
Өз үйіңді тап
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылжам тауып, тұра қалу.
Картотека №12
Зейінді бол
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы) суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.
Картотека №13
Мынау қай пішін
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
Картотека №14
Қандай пішін шықты?
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Қажетті құралдар: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?
Картотека №15
Біркелкі пішіндерді сана
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)
Ойын барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.
Картотека №16
Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыра білу.
Қажетті құралдар: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Ойын барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыру.
Картотека №17
Қандай пішін жетіспейді?
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.
Картотека №18
Пішіндерді боя
Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету. 2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер
Ойын барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді іліп қояды. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.
Картотека №19
Сиқырлы суреттер
Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
Картотека №20
Сиқырлы қапшық
Мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Қажетті құралдар: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.
Ойын барысы: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
Картотека №21
Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта
Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.
Ойын барысы: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады. Ойын бірнеше рет қайталанады.
Картотека №22
Зейінді бол
Мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
Қажетті құралдар: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.
Ойын барысы: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
Картотека №23
Ұзын – қысқа
Мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойын барысы: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табу.
Картотека №24
Шамдар
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Қажетті құралдар: бала саны бойынша әртүрлі шамдар
Ойын барысы: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.
Картотека №25
Қолымда не бар?
Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.
Қажетті құралдар: ұсақ тастар, жаңғақтар.
Ойын барысы: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
Картотека №26
Қуыршақ қонаққа дайындалуда
Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.
Ойын барысы: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.
Картотека №27
Тапсырманы орында
Мақсаты: үлкен және кіші заттарды ажыратуға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Ойын барысы: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп береді. Ойын осылай жалғаса береді.
Картотека №28
Қай қолымда көп
Мақсаты: аз және көп заттарды ажыратуға,
салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар,
түймелер
Ойын барысы: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.
Картотека №29
Сипаттамасы бойынша тап
Мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: ойыншықтар жануарлар, құстар.
Ойын барысы: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.
Картотека №30
Көп және біреу
Мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Қажетті құралдар: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
Картотека №31
Ұзын және қысқа

Ойын барысы: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға беру.
Картотека №32
Кеңістік
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.
Қажетті құралдар: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.
Картотека №33
Жоғарыда – төменде
Мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.
Қажетті құралдар: құстардың, жануарлардың суреттері.
Ойын барысы: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.
Картотека №34
Оң және сол
Мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойын барысы: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп береді. Ойын осылай жалғаса береді.
Картотека №35
Тәулік бөліктері
Мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: суреттер
Ойын барысы: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
Картотека №36
Сипаттамасы бойынша тап
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
Ойын барысы: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншық қойылады. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, мысалы: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
Картотека №37
Қалай жүріп, нені тапқың келеді?
Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-мәшина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында мәшина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?
Картотека №38
Жоғарыда – төменде, биік – аласа
Мақсаты: жоғары - төмен, биік - аласа ұғымдарын пысықтау.
Қажетті құралдар: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.
Ойын барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.т
Картотека №39
Карточкада қандай сан жазылған?
Мақсаты: балаларды санның құрамын таба білуге үйрету.
Қажетті құралдар: Суретті карточкалар.
Ойын барысы:1 нұсқа: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді.
2 вариант: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді. Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.
Картотека №40
Автобус
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
Қажетті құралдар: Сандық карточкалар.
Ойын барысы: Алаңға бормен тікбұрыш (автобус) сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы 5 болатын (жол ақысы) балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады (2 және 3, 3 және 2,5, 1 және 4, 4 және 1). Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.
Картотека №41
Сан құрастыр
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
Қажетті құралдар: Суретті карточкалар.
Ойын барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с.
Картотека №42
Ою құрастыру
Қажетті құралдар: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.
Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.
Ойын барысы: 1-нұсқа. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады.
2 нұсқа. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады. Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады.
Картотека №43
Поезд құрастыр
Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.
Қажетті құралдар: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.
Ойын барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.
Картотека №44
Заттарды сана
Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру.
2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту.
Қажетті құралдар: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау.
Картотека №45
Дыбыс арқылы санды тап
Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
Қажетті құралдар: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.
Ойын барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді. Тез ойла
Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.
Қажетті құралдар: Топтағы заттар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Картотека №46
Қанша? Қандай?
Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту. 2. бірінші, екінші ұғымдарымен таныстыру.
Қажетті құралдар: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)
Ойын барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.
Картотека №47
Әрі қарай кері сана
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
Қажетті құралдар: Доп, сандық карточкалар.
Ойын барысы: Тәрбиеші 10 көлеміндегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, допты лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.
Картотека №48
Жазылмай қалған сандарды ата
Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
Қажетті құралдар: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.
Картотека №49
Қуыршақтың сыйлықтары
Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Қажетті құралдар: Қуыршақ, шарлар.
Ойын барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.
Картотека №50
Жәндікте неше аяқ бар?
Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу
дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту.
3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын
арттыру.
Қажетті құралдар: Жәндіктердің суреттері
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.
Картотека №51
Нешінші?
Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.
Ойын барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.
Картотека №52
Қай қолымда көп?
Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.
Қажетті құралдар: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.
Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.
«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Картотека №1
Доппен ойнау
Мақсаты: «Жоғарыда-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: доп.
Ойын барысы: 1-нұсқа. Балалар екі топқа бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала (әр топтан) бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.
2-нұсқа: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.
Картотека №2
Ойыншықты тап
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Қажетті құралдар: Топтағы ойыншық.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.
Картотека №3
Қол соғу
Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек.
Ойын барысы:1-нұсқа: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.
Картотека №4
Қанша болса, сонша
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)
Ойын барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету, тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.
Картотека №5
Керісінше айт
Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.
Қажетті құрал: доп
Ойын барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.
Картотека
№6,7
Бес
санына шапалақта
Мақсаты: Беске дейін санап және тәрбиешінің ұсынысы бойынша
әрекетті орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші
балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5-ке дейін санаймын
«бес» деген кезде сен бір рет
шапалақтайсың.
Картотека
№8
Бұл не қылған дыбыс?
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы
дыбысты ажыратып үйрету.
Қажетті құралдар: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің
аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел
басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды.
Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет.
Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна,
ааалма.
Картотека
№9
Тында да айт!
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге
үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар
стақан, қоңырау, кілттер.
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға
болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алдымен балалар үстелдегі
заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал
тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық
жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.
ІІ-нұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты
дыбысынан таниды.
Картотека
№10
Зейінді тыңда!
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін
дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Дөңгеленіп отырады.
Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды,
содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады.
Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын
айтады.
Картотека
№11
Шапалақта
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша
нұсқауы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге
болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді
естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын
шатастырып санайды, балалар тек қане «он» сөзіне шапалақтауы қажет.
Қателескен бала ойыннан шығады.
Картотека
№12
Естігенде шапалақта
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге

Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу.
Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын
арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің,
сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен
білгілеу.
Картотека № 13
«Құм және топырақ»
Бұл ойын командамен әрекертету іскерлігі мен зейінді керек етеді. Балалар екі топқа бөлінеді. «Құм түйіршіктері» және «Топырақ». Бір топ еркін тұрады да, екінші топ бір-бірінін қолдарына ұстап тұрады. Музыка ырғағымени «Топырақ» тобы тобымен қозғалады да, «құм түйіршіктері» тобы бір-бірінің қасында қозғалады. «Жел!» деген пәрмен берілген кезде «Құм» түйіршіктері тобы жан-жаққа таралып кетуі тиіс, ал «Топырақ» тобы топталып жиналуы тиіс.
Картотека № 14
«Қақпақтар»
Мақсаты: Балалардың түстер туралы түсініктерін
қалыптастыру. Ойын шарты: Балалар қақпақтарды түстері бойынша екі
түсті қорапқа жинайды.
Картотека № 15
«Дұрыс көрсет, ажырат»
Мақсаты: Балалардың тағамдар мен ыдыстар туралы
түсініктерін қалыптастыру, олардың атауларын меңгерту. Ойын шарты:
Балалар берілген суреттер арқылы ыдыстар мен тағамдарды бөлек
жинап, атауларын айтып үйренеді.
Картотека № 16
«Түсіне сәйкесін тап»
Мақсаты: Балалардың түстер туралы білімдерін
жетілдіру.Ойын шарты: Балалар тәрбиеші көрсеткен түсті қайталап
көрсетеді, атауларын атауды
үйренеді.
Картотека №
17
«Балықша жүземіз»
Мақсаты: Балаларды ептілікке баулу.Ойын шарты: Балалар
шеңбер болып тұрып, әуен басталғанда балыша жүзіп қимыл жасайды,
әуен тоқтағанда тоқтап қалады.
Картотека №
18: «Тез көрсет»
Мақсаты: Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, түстер
туралы білімдерін жетілдіру.Ойын шарты: Тәрбиеші кішкентай доптарды
балаларға ұсынады, балалар айтылған түсті допты
көрсетеді.
Картотека № 19
«Көкөніс пен жемістер»
Мақсаты: Көкөніс пен жемістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ойын шарты: Балалар көкөніспен жемістерді ажыратады.
Картотека № 20
«Не артық»
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін
қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ойын шарты: Балалар
ойыншықтарды ажыратады
Картотека № 21
«Кім жылдам»
Мақсаты: Балалардың дене мүшелері туралы
түсініктерін қалыптастыру, атауларын меңгерту. Ойын шарты: Балалар
көз, құлақ, мұрын, қол, аяқ түсініктерін
меңгереді.
Картотека № 21
«Құстардың қимылы»
Мақсаты: Әуеде ұшып жүрген құстардың қанаттарын қақтырып,
жерден тары шоқытып, көлден су ішкізіп, еркін қимылдату. Ойын
шарты: Балалар тәрбиешінің соңынан қайталап құстардың қимылдарын
көрсетеді.
Картотека № 21
«Қонжықты киіндір»
Мақсаты: Балаларға киіну әдебі туралы қарапайым дағдыларды
меңгерту. Ойын шарты: Балалар тәрбиешінің көмегімен ойыншық
қонжықты киіндіреді.
Картотека № 21
«Не жоқ?»
Мақсаты: Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде меңгерген
дағдыларын қолдан отырып, киімдерді дұрыс айтуға ынталандыру. Ойын
шарты: Балаларды киімдермен таныстырып, көзін жұмған кезде қай киім
жоқ екенін тапқызу.
Картотека № 22
«Кім тез атайды?»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін қалыптастыру, барлық тіршілік иесіне қамқор болуды үйрету. Ойын шарты: Балалар үй жануарларын көрсетеді, үй жануарларын атайды.
Картотека № 23
«Бұл қандай ойыншық?»
Мақсаты: Тәрбиешінің өтінішімен ойыншықтарды тауып
көрсету, олардың қолданылуына сәйкес атауға үйрету. Ойын шарты:
Балалар ойыншықтарды көрсетіп, қандай ойыншық екенін
айтады.
Картотека № 24
«Шыршаны безендіреміз»
Мақсаты: Балаларды тіршілік иелеріне қамқор болуға үйрету, әсемдікке баулу. Ойын шарты: Балалар шыршаны ойыншықтармен әсемдейді.
Картотека №25
«Дауысынан таны»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен үй құстарының дыбыстауларын ажыратуға баулу. Ойын шарты: Балалар құстар мен үй жануарларының дауыстарын ажыратады.
Картотека № 26
«Бағдаршам»
Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын оятып, түстерді атай
білуге дағдыландыру. Ойын шарты: Балалар үш түсті дөңгелектердегі
қызыл, жасыл, сары түстерді кезек-кезек
атайды.
Картотека № 27
«Кім тез табады?»
Мақсаты: Балаларға туыстық қатынасты меңгерту. Ойын шарты:
Балалар отбасы мүшелері туралы ана, әке, ата, әже сөздерін
меңгеріп, туыстық байланысты түсінеді.
Картотека № 28
«Үйін тап» Мақсаты:
Балаларды танымдық және қозғалыс белсенділікпен
қамтамасыз ету. Ойыншықтармен бірнеше іс-әрекеттер орындау. Ойын
шарты: Балалар ойыншықтарды өз ұяшықтарына
орналастырады.
Картотека № 29
«Ойлан тап»
Мақсаты:
Балаларды табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыру. Ойын
шарты: Балалар қыс мезгілі туралы суреттерді тауып
көрсетеді.
Картотека № 30
«Ненің баласы екенін тап»
Мақсаты: Берілген суреттен қонжықты табу. Балалардың
сөздік қорын молайту. Ойын шарты: Балалар суреттен қонжықты
табады.
Картотека №31
«Тауық нені жақсы көреді?»
Мақсаты: Үй құстарына қамқорлыққа баулу, оларды күтіп-баптау ерекшеліктерімен таныстыру. Ойын шарты: Балалар тауықтың азығын табады.
Картотека №
32
«Кесеге қасығын апар»
Мақсаты: Балалардың берілген тапсырмаларды мұқият орындауға үйрету. Ойын шарты: кеселердің қасықтарын табады.
Картотека № 33
«Төлін ата» ойыны
Ойынның шарты бойынша балаларға жануарларының енелерінің аты аталады, ал олар жаңылыспай төлдерін атаулары керек.
Картотека № 34
«Үй жануарлары хоры»
Мақсаты: топтағы балаларды төртке бөледі. Бірінші топ сүт беретін, екіншісі – үйде ұсталатын, үшінші топ – жұмыртқа беретін, ал төртінші топ – қымыз беретін жануарлар. Әр топ өз дауыстарын салады
Картотека № 35
«Жүнінен таны»
Екі топ балаларының алдына төрт түлік малдың жүндері қойылады. Балалар ұстап көру, иіскеу арқылы қай үй жануарына тиісті екенін табуы қажет.
Картотека № 36
«Бұл қай құс?»
Балалар үй құстарының суреттеріне қарап, олардың атаулары мен балапандарын ажыратып, жаңылыспай атауы керек. Нәтижесінде балалар өз топтарының атауларына сай хормен тақпақ айтады.
Картотека № 37
Дидактикалық ойыны
«Ормандағы қыстайтын құстар»
Балаларға бірнеше үй және қыстайтын құстардың суреттері беріледі. Олар соның ішінен тек қыстайтын құстардың суреттерін пайдаланып, тақтадағы «Қыстық орман» суретіне жапсырып, коллаж жасайды.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Картотека №1
Тақырыбы: «Балық, құс, аң»
Мақсаты:
Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
-Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
Картотека №2
Тақырыбы: «Мақал жарыс»
Мақсаты: Мақалдардың мағынасын түсіндірумен бірге тәрбиелік жағын аша отырып, баланы ауыз әдебиетін оқуға, шешендікке баулу. Әр сөзді орынды қолдануға шақыру.
І нұсқа
Балаларды екі топқа бөлеміз. Жүргізуші әр топтың алдына келіп бір сөзді айтады. Сөздер алдын-ала дайындалады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақалдарды көп тапса солар ұтады. Мысалы: «тіл» деген сөзді қатыстырып мақал айту. «Тіл –тас жарады, тас жармаса бас жарады», т.с.с.
ІІ нұсқа
Қағазға жазылған әр түрлі мақалдар тең етіп екі топқа таратылады. Жүргізуші бір тақырыпты айтады. Сол тақырыпқа қатысы бар мақалы бар бала ортаға шығып, дәлелдер келтіріп, түсіндіруі керек. Қай топтан көбірек, әрі «дәлелі түсінікті» жауаптар болса, сол топ ұтады.
Картотека №3
Тақырыбы: «Тапқыштар»
Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
Картотека №4
Тақырыбы: «Айна»
Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру.
Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» - жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.
Картотека № 5
«Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты:Бидайды қалай өсіру және одан нанды қалай жасау жөніндегі балалардың білімдерін толықтырып жүйелеу. Диқаншылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Сөздік қорын толықтыру:майдалау,себу,диқаншы,комбайын,элеватор,диірмен.
Ойын шарты:Жүргізушінің белгісінен кейін бос тор көздерді жарыса отырып,қажетті суреттермен толықтыру.
Картотека №6
«Бұл қандай құс?»
Мақсаты: белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстардың суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу.
Ойын барысы: Жүргізуші қарлығаш пен тоқылдақтың суреттерін балаларға көрсетіп,әр қайсының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшелігін суреттеп, аттарын атайды. Бұл құстарды тағы қалай атауға болады? Олардың қандай пайдасы бар?(тоқылдақ орман дәргері,қарлығаш адамның досы)
Картотека № 7
«Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға,олардың қимылын,қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттер,оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Ойын барысы:Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі,олардың қалай аталатынын,қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап,үй жануарлары туралы білетін жұмбақтарын шешкізеді.
Картотека № 8
«Жалпы атауын ата»
Мақсаты:Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ен соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.
ойын барысы: Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.
Картотека № 9
«Телефон»
мақсаты:Естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру,диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.
Ойын барысы:Телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіндер. Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуымыз керек, егер телефон үзіліп қалса,телефонды үзген бала айыбын төлейді.(мақал,тақпақ т.б. айтады)
Картотека № 10
«Қайсысы ұнайды?»
Мақсаты:Суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын,не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Ойын барысы:Әр түрлі суреттерді көрсетіп,олардың қайсысының ұнайтыны туралы сұралады, олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін тақпақтарын айтқызуға болады.
Картотека № 11
«Біздің көңіл күйіміз»
Мақсаты:Балаларды сурет бойынша бет әлпеті ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету. Көңіл-күйді бейнелейтін сөздерді дұрысайтқызу. Оны өздері сала білу.
Ойын барысы: Бет-әлпеттің мимикасына қарап,сөйлем ойланады.оның ішінен бет-әлпеттің мимикасын білдіретін сөздерді бөліп айтады. Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін сәттердісалу.
Күліп тұрған бала.
Ренжіп тұрған бала.
Аузын ашып тұрған т.б.
Картотека № 12
«Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты:Балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру,еңбекті құрметтеуге дағдыландыру,өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.
Ойын барысы: суреттер тақтаға іленеді. Бала өзі қалаған мамандығын қарап алады да,сол мамандық туралы әңгімелейді. Неге ұнататынын,қандай жақсылығы барлығын әңгімелейді.
Картотека № 13
«Не артық?»
Мақсаты:Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Ойын барысы:Үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден не артық екенін табады. Берілген суреттерді топтастырып,оларды жалпы атауын айтады.
Неліктен артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.
Картотека № 14
«Сандық»
Мақсаты:Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуге баулу.Ойын шартын түсініп,ондағы мақал-мәтел,жұмбақ дұрыс анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып,тапсырманы орындауда достық,жолдастыққа тәрбиелеу.
Ойын барысы: сандық ішіне салынған түрлі-тісті асықтар. Асықтар қызыл,жасыл,сары түске боялған. Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Ол тапсырмалар конвертке салынады:жасыл асық алған бала-жұмбақ жасырады,сары түсті алған бала -мақал-мәтел айтады,қызыл түсті алған бала тақпақ айтады.
Картотека № 15
«Сән ательесі»
Мақсаты:Балаларға суреттен көрген киімдердің аттарын атап,киімдер мен ұлтық киімдерді ажыратып топтастыруға баулу, мата түрлерін ажырата алуға үйрету,қайсынан қандай киім тігеді жайлы түсіндіру.
Ойын барысы : бірнеше матаның қиықтары алып,қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып,суретке бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.
Картотека № 16
«Қарап ал да есіне сақта»
Мақсаты:Балаларды көрген суреттерді есіне сақтап,көз алдына елестете отырып әрқайсысын ретімен атап шығуға жаттықтыру.
Ойын барысы:Әр түрлі суреттерді көрсетіп ретімен атауға сұрайды.
Картотека № 17
Жер,су,ауа
Мақсаты:балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге,жерде ,ауада,суда не болатынны дұрыс айтуға төселдіру,қоршаған ортаға қамқорлық сезімен тәрбиелеу.
Ойын шарты:балалар дөңгелеіп отырады.Бір бала ортаға шығып балалардыі кез келгінене асық лақтырып жібереді де жер су ауа деген сөздің бірін айтады.Егер бала жер десе асықты қағып алған сезмен тәбиелек.Біл бала отатаға шығып,балалардың кез келгеніне асықта лақтырып жібреді де жер се ауа деген сөздік бірін айтады.Егер бала жер десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды,адамдарды,өсімдіктерді атайды.Ал су сөзі айтылса,балық балардың аты аталады.Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.
Картотека № 18
Бұл қай кезде киеді?
Мақсаты:әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндату арқылы сөздік қорларын молайтып,ауыз екі сөйлеуге баулу.
Ойын шарты:суреттегі киімдерді қай мезгілде киетіндігін айтқызу.
Картотека № 19
«Бізге күз не әкелді?»
Мақсаты:Күз бізге не әкелгені туралы білімдерін бекіту. Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына пайдасы туралы ұғымдарын бекіту. Ойын арқылы түстерді, жемістер мен көкөністерді ажырата және атай білуге үйрету.
Ойын шарты: суреттерін көрсетіп,олардың бір-бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында олар туралы балалардың білетін тақпақтарын айтқызуға болады.
Картотека № 20
«Кімге не керек?»
Мақсаты:Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.
Ойын шарты: суреттегі мамандықтарты атау және оларға жұмыс барысында қандай құралдар керек екеннің табу.
Картотека № 21
«Қайдан сатып алуға болады?»
Мақсаты: Азық - түлік, көкөніс, жеміс - жидек
атауларын еске түсіру мен оларды ажырату білу .
Алма, нан, сүт, ірімшік, қияр, пияз, орамжапырақ, таңқурай,
бүлдірген, құлпынай, май, қаймақ, шұжық, алма, жүзім, алмұрт,
сәбіз, қызылша
Азық – түлік дүкені
көкөніс дүкені
жеміс - жидек дүкені
Ойын шарты:
Әр тағамды өз дүкеніне орналастыра алады.
Мысалы: Мен әжеммен азық-түлік дүкеніне
бардым. Әжем нан, май, сүт, ірімшік сатып алды. Кейін біз көкөніс
дүкеніне бардық.
Онда біз орамжапырақ, қартоп, қияр, қызанақ сатып
алдық.
Картотека №22
«Жануарларды қалай күту қажет?»
Мақсаты: Балаларды жануарларға қайырымдылықпен қарауға тәрбиелеу.
Балалардың үй жануарлары туралы білімін тереңдету және жүйелеу. Балаларды сипаттау арқылы жануарларды білуге үйрету. Өз көңіл-күйін білдіруге, басқаның көңілін түсінуге баулу. Білімдерін бекіту.
Ойын шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын білдіреді.
- Жануарларға қалай қарау керек, қандай қарым-қатынаста болу ережесін құрайық:
Жануарларды жақсы көру керек.
Жануарларды күту керек.
Уақытында тамақтандырып, серуенге шығарып отыру керек. Олармен ойнау керек.
Оларды ызаландыруға, аяқпен тебуге, ауыртуға болмайды
Картотека № 23
«Гүлдерді күтеміз»
Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді.
Ойын шарты: гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.
Картотека № 24
Өзі және отбасы
Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті
туралы түсінік беру, бақытты жанұяның қандай болу керектігін
кеңінен түсіндіру.
Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен
бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні
мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға
тәрбиелеу.
Ойын шарты: суреттер бойынша әнгіме жүргізу.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Анам, әкем, апам, атам және мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз. Балалар санамақты тыңдап, тәрбиешінің артынан қайталайды.Саусақтарымен санап көрсету арқылы санамақты қайталайды.
Санамақта ата, апа, аға, әпке, бауыр туралы айтылған. Осы айтылғандардың бәрін отбасы деп атаймыз.
Отбасындағы ата мен әже, ата - баба болып келеді, әкең мен шешең, ата - ана. Ал әпке, аға, ата - ана, балалар отбасының мүшелері болады.
Картотека № 25
«Жақсы әдет» «Жаман әдет»
Мақсаты:Балаларды «жақсы» «жаман» сөздерінің мағынасы мен оларды орынды қолдануға үйрету. Бала бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және де басқа жақсы әдеттердің орнығуына барынша мүмкіндік жасау.
Ойын шарты: Столдың үстінде бірнеше суреттер жатыр. Сол суретті алып, суреттегі іс - әрекетің не туралы екенін айтып «жақсы» немесе «жаман» іс - әрекетін ажыратып айтады.
Картотека № 26
«Құстарға қалай көмектесеміз?»
Мақсаты:Балаларға құстар туралы білім беру,білімдерін жетілдіре түсу. Суреттер бойынша есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Ойын шарты:суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Балалар сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады. - Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесеміз?
- Құстар ұяны не үшін салады?
- Құстардың денесін не жауып тұрады?
Картотека № 27
«Жол әліппесі»
Мақсаты:балаларды алдын-ала көшеде жүру ережесімен жүргізушілерге арналған жол және белгілермен таныстыру , жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Ойын шарты: Көлік жүргізушілер мен жүргіншілер жолда қалай жүру керек екенін суреттер бойынша көрсетіп,әнгімелейді.
Картотека № 28
«Үйдегі жиһаздар»
Мақсаты:Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін сөзбен дұрыс айтуға (дөңгелек үстел, түсі көк , төрт аяғы бар) үйрету. Бөлменің ішіндегі жиһаздар туралы айта білуді жаттықтыру.
Жиһаздары күтуге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.
Жиһаздар дүкеніне барайық.
Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қуыршақтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?
Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.
1.Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден. (үстел)
2.Мен жәйлімін, жұмсақпын,
Мені табу қиын емес-
Ұнатады әжелер мен сәбилер
Отыруға, жатуға.(Диван)
3.Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді
Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)
Сурет арқылы әңгіме құрау, жиһаз түрлерін атап өз ойларын айтады.
Картотека № 29
« Қазақ халқының салт -дәстүрлеріне саяхат »
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып, сын тұрғысынан ойлауға, талқылауға үйрету. Салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ойын шарты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдарын суреттер бойынша айтқызу және әнгімелету (ұлттық мерекелер,ұлттық ойындар,ұлттық киімдер,зергілік бұйымдар,ұлттық ою....).
Кигіз үй туралы айтып оны құрастыру.
Картотека № 30
«Менің сүйікті ертегім»
Мақсаты: ертегі кейіпкерлері бойынша ертегілерді атау, жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Достыққа, адамгершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.
1)Ойын шарты: сурет бойынша ертегілердің аттары мен мазмұнын айту.
2)Шарты: педагог балаларға қазақтың халық ертегілерінде кездесетін кейіпкерлерді атайды. Мысалы: хан, уәзір, қарға, кірпі, т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып, жаңа ер - тегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып, ойынды жалғастырады.
Картотека № 31
«Өзара айырмашылығын тап»
Мақсаты:Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
Шарты:Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
«ӘЛЕУМЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Өзін-өзі тануға арналған ойындар:
Картотека №1
Тақырыбы: «Жақсы сөз - жарым ырыс»
Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу.
Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.
Картотека №2
Тақырыбы: «Мамандықтар таңдау»
Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.
Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.
Картотека №3
Тақырыбы: «Мен кіммін?»
Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.
Картотека №4
«Ақ сүйек» ойыны
Балалар екі топқа бөлінеді. Ойын бастаушы сүйекті
қолына алып, алысқа сермеп лақтырады. Теріс қарап тұрып балалар
жапа тармағай жүгіріп сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тапқан адам
басқа топтағыларға көрсетпей сөреге қарай жүгіруі керек. Сол кезде
екінші топ оны сезіп қойып, артынан жүгіріп жетіп ұстап алса, ол
сүйекті қайтадан лақтырады. Қай топтың адамы сүйекті бірінші тауып,
сөреге жеткізетін болса, сол топ жеңіске
жетеді.
Картотека №5
«Санамақ» ойыны
Ойынға барлық оқушылар қатысады. Ойынның шарты:
ойын бастаушы ойынға қатысушы бір баланы ортаға алып шығады. Ол
оқушы бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей атап жүріп, айтып
шығуы керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер
қателессе, ойыннан шығады. Мысалы, жаңылмай бір дыбыстан басталатын
он адамның немесе ақынның атын атауы керек: немесе тағам аттарын
атайды.
Картотека №6
«Тымпи – тымпи» ойыны
Ойынды бастаушы өз орындарында отырған
оқушылардың ортасына шығып: «Тым-тырыс, тымпи - тымпи»,- дейді. Осы
сәтте қалған оқушылар үндемеуі тиіс. Ортаға шыққан оқушы әртүрлі
әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып, отырғандарды күлдіруге
тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді
күлдіре алмаса, жеке оқушының жанына барып, соны күлдіруге күш
салады. Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, ауызы - мұрнын
қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет
етеді.
Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы
оқушының сұрағына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса,
айыпкер саналады. Айыбы үшін тақпақ, өлең айтып, би билейді. Айыбын
өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып
кетеді.
Қоршаған ортамен танысу бойынша
Картотека №7
«Не қайда өседі?»
Мақсаты: балалардың өсімдіктер жөніндегі білімін бекіту, заттар арасындағы кеңістік байланыстарын анықтау дағдысын дамыту, өсу орнына қарай өсімдіктерді топтастыру. Балалардың өз бетінше ойлау қабілетін ж»не белсенділіктерін дамыту.
Картотека №8
«Пайдалы - пайдасыз»
Мақсаты: пайдалы-пайдасыз азық –түлік жөнінде балалардың түсініктерін дамыту қалыптастыру.
Ойынның барысы: Үстелдің үстіне азық – түліктің суреттері қойылады. Балалар бір-бірден келіп бір сурет алып, ондағы тағамның пайдалы немесе пайдасыз екенін айтып түсіндіріп, екініш стөлге қояды. Балалар пайдалы және пайдасыз тағамдарды екіге бөліп қоюлары керек.
Картотека №9
«Көкөністерді жина»
Мақсаты: қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын қалыптастыр, балаларға көкөністер туралы білімдерін толықтыру, оларды атай білуге үйрету.
Ойының барысы: үстел үстінде көкөністердің суреттері шашылып жатады. Балалар сары шелекке сәбізді жасыл шелекке қиярды, ал қызыл шелекке қызанақтарды топтастырып жинайды және түстерін айтып береді.
Картотека №10
«Бөлмеде не бар?»
Мақсаты: Тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздарын дұрыс атау және қолдану ептілігін жетілдіру.
Барысы: Тақтада үлкен сурет ілініпп тұрады. Үстел үстінде жиөаздарадың суреттері жатады. Балалар бір-бірден тақта алдына шығады. Суреттерді алып, көлеміне пішініне қарап, үлкен суреттегі ойылған жерге орналастырады.
Картотека №11
«Дұрыс бағытты таңда»
Мақсаты: үй жайда кеңістікті бағдарлау дағдыларын бекіту. Тәрбиеші тұрмыстық заттардың суреттерін балалар отырған бөлмеге орналастырады.г есімі аталған бала сол суреттегі заттың өзінің қозғалысына қатынасын түсіндіреді. Мысалы: «тоңазытқыш», ол есіктен үстелдің ортасында тұр.
Картотека №12
«Тегіңді ата»
Мақсаты: тегінің пайда болғаны туралы білім беру, өзінің тегін дұрыс атауға және есте сақтауға үйрету.Тәрбиеші балаларға тегі мен есімімен басқа да әкесінің аты да болады. Балаға әкесінің аты беріледі. Мысалы: әкесінің аты Сержан, ол Сержанұлы болады. Егер қыз бала болса, ол Сержанқызы болады.
Картотека № 13
«Менің ата-аналарымның мамандықтары»
Мақсаты: балаларды ата-аналарының мамандықтары туралы білімдерін кеңейту. Тәрбиеші балалармен отбасындағы ересек адамдардың мамандықтары мен атқаратын іс-әрекеттері туралды әңгімелеседі. Ол ерекше зейінді ересектердің балаларына қамқорлығын айтады.
Картотека № 14
«Жолды анықта»
Мақсаты: үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау, әңгіме құрастыра білуді үйрету. Тәрбиеші балаларға үйден балабақшаға дейінгі жолда қандай үцлерді көретінін, қандай көшелермен келетінін, қай жаққа бұрылатыны туралы әңгімелеуді сұранады.
Картотека № 15
«Кім ережені бұзды?»
Мақсаты: балаларды жолдағы жағдайлар мен оларды талдау арқылы жол ережемін сақтауға үйрету. Тәрбише балаларға жол қозғалысының инспекторы болуды ұсынады. Барлық балаларға жолдағы түрлі жағдайлардың суреті бейнеленген карточкалар ұсынылады. Ал балалар суреттегі бейнелерді сипаттап берулері қажет.
Картотека № 16
«Бұл мен, бұл мен, бұл менің барлық достарым»
Мақсаты: жолда және көшеде жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды, егер олар тұжырыммен келісетін болса, онда «Бұл мен, бұл мен, бұл менің барлық достарым»? деп жауап береді, ал егер келіспесе, онда – үндемейді.
Картотека № 17
«Елтаңба мен ту құрастыр»
Мақсаты: ҚР мемлекеттік рәміздерін есте сақтауға ықпал ету. Балалар көк түсті парақтан елтаңба және көк туды құрастырады (бөліктерден немесе пазлдар түрінде)
Картотека № 18
«Сен білесің бе?»
Қазақстан туралы сұрақ-жауап
Мақсаты: Қазақстан туралы білімдерін нақтылау және бекіту.
Картотека № 19
«Тілеймін саған, Туған жер»
Мақсаты: патриоттық сезімді қалыптастыру, туған дерге, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Тәрбиеші балаларға Отан туралы мейірімді сөздер айтуды, ұсынады.
Картотека № 20
«Жұмбақты шеш, түсіндір»
Мақсаты: электротұрмыстық техникалық заттардың қызметтерінің қолданылуын түсіндіруге үйрету. Балалар тәрбиешінің көмегімен жұмбақтарлы шешеді және ол заттардың не үішн қызмет ететінін түсіндіреді. Қуыршақ Әселдің ойын бөлмесінен заттық суреттер мен ойыншықтарды табады.
Картотека № 21
«Сыңарын тап»
Мақсаты: адамдардың тұрмыстық мақсаттағы замануи электротехникалары мен заттардың бұрынғы кезеңде қолданғандарымен арақатынасын ажырата білуге үйрету. Тақтаға заттар бейнеленген суреттер ілінеді. Балалар сыңарларын топтастырады.
Картотека № 22
«Көлік түрін анықта»
Мақсаты: көлік құралдарын көліктердің түрлеріне байланысты ажырата білуге үйрету. Балалар көлік құралдарының суреті бар карточкаларды тақтаның арнайы бөліктеріне атын айтып орналастырады.
Картотека № 23
«Заттарды қызметіне байланысты топтастыр»
Мақсаты: байланыс құралдары мен көліктер туралы түсініктерін бекіту, заттарды қызметіне байланысты топтастыруға үйрету, жеңіл көліктер құралдары, арнайы техника, тұрмыстық техника, байланыс құралдары.
Картотека № 24
«Суреттер мен мерекелерді байланыстыр»
Мақсаты: балаларға Қазақстандағы атаулы мерекелер туралы түсінік беру және білімдерін бекіту. Балалар суреттерді алып, онда не бейнеленгенін сөзбен әңгімелейді және қандай мереке екенін айтады.
Картотека № 25
«Бір шеңберге жина»
Мақсаты: ҚР көпұлтты мемлекеттігін түсіндіру. Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерін ажырата бүлуге үйрету. Балалар қазақстанда тұратын әр түрлі ұлттардың суреттерін «Достық шеңбері» үстелдіне орналастырады.
Картотека № 26
«Бір және көп»
Мақсаты: балабақшада мамандықтар туралы блімдерін бекіту, мамандықтар атауларына байланысты көп сандарлды атауға үйрету. Тәрбиеші мамандықтарды жекеше түрде айтады, ал балалар көпше түрде айтады. Мысалы: кір жуушы-кір жуушылар
Картотека № 27
«Тосып ал, атын ата»
Мақсаты: соғыс ардагерлері туралы түсініктерін бекіту, олардың ерліктерін сипаттайтын сөздік қорларын кеңейту. Балалар шеңбер болып тұрады, ал тәрбиеші шеңбердің ортасында қолына доп алады. Тәрбиеші доп лақтырған бала жауынгерлерге қатысты сөздер айтып, допты қайта лақтыруы тиіс.
Экология негіздері бойынша
Картотека № 28
«Сызбаны құрастыр»
Мақсаты: балаларды белгілердің көмегімен бақылаудың тқортындысын шығаруға және бақылау обьектілері арасындағы байланыстарды ұғынуға үйрету. Балалар құрастырма суреттерде белгілердің көмегімен табиғаттыің суретін құрастырады: күн, ағаш, құстар т.б.
Картотека № 29
«Қара, әңгімеле»
Мақсаты: сызбаны қолдана отырып, өсімдіктер қауымдастығы жөнінде, сызба үлгі арқылы өсімдіктер жайлы салыстырмалы әңгіме құрастыруға үйрету.
Картотека № 30
«Жылы сөзбен айт»
Мақсаты: табиғат обьектілері жайлы білімдерін бекіту, оларды жылы сөздермен атай алуға үйрету. Тәрбиеші бір сөөзді айтады, ал балалар оған жылы сөз айтады.
Картотека № 31
«Жан-жануар бұрышындағы мекендеушілер жайлы жайлы әңгімеле»
Мақсаты: жан –жануарлар бұрышындағы мекендеушілер үшін қажетті жағдайларды анықтауға үйрету, жоспар бойынша сипаттам беру, құрдастарының алдында сөйлеу, жануарлар мен өсімдіктерді күту жолдары н көрсету.
Картотека № 32
«Ереже құрамыз»
Мақсаты: балаларға қорытынды шығаруды және жан-жануарлар бұрышында тіршілік иелерін бақылау негізінде қауіпсіздік мінез-құлық ережелерін құруды үйрету.
Картотека № 33
«Жанды-жансыз»
Мақсаты: жанды және жансыз табиғаттың нысандары ммен материалдары жайлы балалардың білімдерін бекіту. Тәрбиеші нысан немесе материалдар атын атайды, ал балалар аталған нысан «Жандыға» жататын болса, алақандарымен шапалақтайды, «Жансызға» жататын болса, тізерлеп отырады. Мысалы: кун, ағаш, құм, аю және т.б.
Картотека № 34
«Су кімге қажет?»
Мақсаты: балаларға барлық тіршілік иесінің сумен байланыстылығы, түсіндіру, судың тіршілік үшін қажетті элемент екендігін ұғындыру. Балалар карточкаларды таңдап, судың не үшін қажеттілігі екендігін анықтайды.
Картотека № 35
«Қане өзенге көмектесейік»
Мақсаты: балалардың экологиялық ой-өрістерін кеңейту, табиғатқа бар күшімен көмек көрсетуге баулу. Тәрбиеші іс-әрекеттерді орындау тәртібін балаларға түсіндіреді. Балалар өзенге макетіне жақындайды.
Балалар қараңдаршы, суда балықтар неге аз? Олар неге ұсақ?
Өзенге қалай көмектесеміз?
Қараңдаршы өзеніміз қандай болды?
Қане балықтарды бәріміз өзенге жіберейік!
Картотека № 36
«Егер де мен сиқыршы болғанда»
Мақсаты: балаларды қоршаған ортаны сүюге баулу. Балалар егер сендер мейірімді сиқыршы болғанда орман үшін не істер едіңдер?
Қане елестетіп, көрейікші! Сендер барлықтарың сиқыршыға айналдыңдар! Әрқайсысың орманға қандай сыйлық жасайсыңдар? Қане кім бастайды?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
5 сала бойынша дидактика. Картотекалар

шағым қалдыра аласыз