жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
5 саны және цифры
Пәні: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Натурал сандар және 0 саны. Сынып:1 |
Мектеп: «№ 22 орта мектеп» Мұғалімнің аты – жөні: Байкулова Шынар |
|||
|
||||
Сабақтың тақырыбы |
5 саны және цифры |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама сына сілтеме) |
1.1.1.2 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау.
|
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық білім алушылар орындай алады : 5 санын таниды; тура және кері санайды, 5 цифрын жазуды меңгереді. Білім алушылардың басым бөлігі орындай алады: 5 санын бір таңбалы сандармен салыстырады, ретін біледі. Кейбір білім алушылар орындай алады: 5 санының құрамын біледі, 1-10 дейін санай алады. |
|||
Бағалау критерийі |
5 санының құрамын анықтайды, 10 көлеміндегі сандарды салыстырады. |
|||
Тілдік мақсат |
Тілдік дағдылар: Тақырыпқа байланысты атауларды қолданады. 1-ден 5-ке дейінгі сандардың атауы, артық, кем, тең, қосу, азайту.
|
|||
Терминология: бес-пять-five
|
||||
Құндылық тарды дарыту |
Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастырады. Ынтымақтастық топтық жұмыста, жұптық жұмыста көрінеді. Өзара сыйласа отырып, жауапкершілікке баулу. Бір-біріне деген құрмет. |
|||
Пән аралық байланыс |
Көркем жазу Музыка Дене шынықтыру |
|||
АКТ қолдану дағдысы Ресурстар |
Интерактивті тақта, слайд, тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық, топтық тапсырмалар, бейнеролик, тапсырмалар, А4 қағазы, 5 санына қатысты ұғымдар |
|||
Алдыңғы оқу |
1-4 дейінгі сандардың құрамын айтқызамын.Сандық сәуле арқылы тура және кері санатамын |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақ жоспарлан ған кезеңдері |
Сабақтың жоспарланған іс – әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5 минут |
Психологиялық ахуал туғызу. Добым, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап. Қызыл, жасыл, сары, көк Ойнайтын сенімен бала көп.
Топқа бөлу Доптың түсіне қарай топқа бөлінеді. Миға шабуыл. «Шеңбер карталары» әдісі. 5 ұлдың аты, 5 қыздың аты, 5 жақсыны ата |
|
||
Сабақтың ортасы 5минут Тыңдалым
2 мин.
7 мин
10 мин Айтылым Оқулықпен жұмыс
3 мин
5 минут Жазылым
|
1.5 санының сандық сәуледе орналасуы: - сандық сәуледе 5 саны 4 санынан кейін тұрады.Сабақ барысында оқушыларды 5 санының құрамымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру қажет. Тура және кері санатамын.
«Жалғастырып сана» әдісі: 1-топ-тура санайды кері санайды 2-топ- үш тілде айтады 3-топ-5санының құрамын айтады 4-топ-көршілес сандарды айтады Дескриптор: натурал сандар қатарындағы 5 санының орнын анықтайды, тура, кері санайды, үш тілде айта біледі, 5 санының құрамын айтады. Қ.Б. Жұлдызша арқылы ынталандыру.
2. (ҰЖ) Жұмбақ шешу: Бала біткен соғады, Жеңіл шарды домалақ. Ұрсаң жоғары, Жерге түсер домалап (доп) -Балалар, доппен ойнайтын қандай спорт түрлерін білесіздер? - -Допты біздер қай жерде ойнаймыз? - «Кім шапшаң» әдісі 1-топ: 5 доптың суретін салады 2-топ: Сандарды салыстырады. 4<? 5 ? 5 5>? 3-топ: Сандарды салыстырады. 3<? 2<? 5>? 4топ: Амалдарды орындау 4+1 3+2 3+1 Дескриптор: Санай алады. Амалдарды орындай алады, салыстыру амалын біледі. Қ.Б. Қол шапалақтау арқылы ынталандыру. Мұғалімнің сыйы: Санына байланысты атаулармен танысу: Олимпиада жеңімпаздары туралы мультфильм көрсету
Т.Ж. Белсенді оқу: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Мақсаты:Топпен жұмыс істеу барысында оқушылар арасында диалог орнату, тілдік дағдыларды дамыту.Ашық сұрақтар қою арқылы жаңа сабаққа енеміз.
3. Орындап көр: «Ойлан, тап» әдісі 1-топ: Доптарды санату. 5 санының құрамын санату 1+4=? ? +1=5 4+ ? =5 2 топ:Суретте берілген қысқы спорт түрлерінің құралдарын санату. 3-топ: Ойын қандай есеппен аяқталды.Қақпаға неше гол соғылды.Сурет арқылы сөйлету. 4- топ:Түсіп қалған санды тап.Суретпен жұмыс. ? 2 ? 4 ? Дескриптор: 5 санының құрамын біледі,есептерді шығара біледі, қысқы спорт түрлерінің құралдарын таниды,санай алады, суретте қақпаға неше гол соғылғанын айтып,түсіндірді, жоқ сандардың орнын таба алады; Қ.Б. Бас бармақ арқылы ынталандыру Сергіту сәті. «Санау әні» бейнеролик.
https://youtu.be/RuAgdgXVvUA 4. Ж.Ж. Дәптермен жұмыс: 5 цифрының жазылу үлгісін ауада көрсетемін. Содан кейін үлгі бойынша дәптерге 5 цифрын көркем жазамыз. 1-ден 5-ке дейінгі сандар тізбегін жазамыз.
Дескриптор: 5 санын үлгі бойынша көркем жазады. 1-ден 5-ке дейінгі сандар тізбегін жазады.
Қ.Б. «Жетістік баспалдағы» (суреттер интернеттен алынған) |
Суреттер
Суреттер
Постерлерге берілген тапсырмалар А4 қағазы, маркерлер
Мультфильм
Интербелсенді тақта Бейнеролик
|
||
Сабақтың соңы 3 минут |
Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі» әдісі
-Бүгінгі танысқан санымыз неше? -4 санынан кейінгі санды ата -Осы санды 3 тілде айтыңыз. -Біз аптаның неше күнін оқимыз? -5 саны қандай сан? -5 саны сандық сәуледе қай саннан кейін тұрады?
Рефлексия. «Бас бармақ» тәсілі
|
|
||
|
||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
Саралау жұмысы топпен жұмыс, жеке жұмыстар жүреді. Барлық оқушылар: 5 санының орнын сандық сәуледен табады; тура және кері санайды; 5 цифрын жазуды меңгереді. Көпшілігі: 5 санын бір таңбалы сандармен салыстырады, ретін біледі. Кейбірі: 5 санының құрамын біледі. |
«Сұрақ ілмегі» әдісі және «Бас бармақ» тәсілі арқылы білім алушылардың меңгерген білімін анықтадым.
|
Қауіпсіздік техникасының сақталуын, құрал саймандар мен жұмыс жасағанда ережелерді сақтауын қадағалау. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген