жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
5 саны мен цифры
Тобы |
«Ертөстік» ересек тобы |
Білім беру саласы: |
Таным білім беру саласы |
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
Математика негіздері
|
Тақырыбы: |
5 саны мен цифры |
Мақсаты: |
Тәрбиелік: Балалар өз достарын құрметтеуге, сыйлауға, өзара тіл табысуға, командада жұмыс жасауға тәрбиеленеді Білімділік: 5 саны және цифрының құрамымен танысады. 5 санын ажыратып,орнын табуға қалыптасады. Дамытушылық: Сыни ойлауға, 5 санын ойын тапсырмалар арқылы ажырата білуге дағдыланады. |
Күтілетін нәтиже: |
Жаңғыртады: 5 саны және цифрын таниды Түсінеді: 5 санының құрамын біледі Қолданады: 5 санының орналасуын түсінеді |
Ресурстар:әдіс-тәсілдер: |
АКТ, флипчарт, 5 саны, жұмыс дәптері, бағдаршам әдісі, дидактикалық ойын, сергіту сәті, логикалық тапсырмалар, кері байланыс, таратпа материалдар |
Интеграция: |
Қоршаған орта |
Жоспарланған уақыт: |
Жоспарланған іс-әрекеттер: |
Ресурстар: |
Кіріспе |
|
Жұптасып ойнайды
|
Негізгі бөлім |
-Балалар сендер ойын-сауық орталығына барғыларың келема? -Әрине -Олай болса «Happy town» ойын-сауық орталығына барайық Саяхатқа шығамыз дорбамызды аламыз Ой бұл кім? Ой бұл не? Бұл құм, астынан өте алмаймыз Үстінен өте алмаймыз Кеттік тура
-Балалар «Happy town» ойын-сауық орталығы екінші қабатта, жоғарыда орналасқан екен. Жоғарыға немен шығамыз. -Баспалдақпен Ойын: «Баспалдақ» 1 2 3 4 5 Балалар тақтаға шығып санның қасына заттарды орналастырады. -Ал балалар 4-тен кейінгі сан бұл 5 саны 5 санында 5-бірлік болады. 5-саны сандық қатарда 5-і тұрады. 5санының кіші көршісі-4 Үлкен көршісі-6 Билингвалды компонент: Бес-пять -Міне балалар «Happy town» ға да келдік. Ішіне кіру үшін бізге не керек? -Арнайы карточка -Оны алу үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек. Лупамен ойын: «Жасырынған сандарды табу» Бос торкөздерге тиісті цифрды тауып орнына қою. 1? 3 3?5 ?45 2?4 12? 34? «Happy town» суреті шығарылады. -Балалар қараңдаршы «Happy town»-ның сол жағында қандай ойындар орналасқан? -Автомат ойындары -Оң жағында қандай ойындар орналасқан? -Батут ойындары -Алдымызда қандай ойындар тұр? -Машина аттракционы -Балалар бұл ойындармен ойнау үшін біз топқа бөлінеміз І.Автоматтар тобы ІІ. Батут тобы ІІІ. Аттракцион тобы Топтарға бөлініп ойын-тапсырмаларды орындайды. І.Автоматтар тобы – Автомат ойынынан шыққан суреттен 5-айырмашылықты табу ІІ. Батут тобы- Интеллектум ойыны: Кубиктерден 5-цифрын құрастыру ІІІ. Аттракцион тобы- 1-ден 5-ке дейінгі цифр жазылған ұшақтарды қисық, толқын, ирек, түзу сызықтармен байланыстыру. Сергіту сәті: Балалар шаршап қалған боларсыңдар «Happy town» ойын-сауық орталығының кейіпкерлерімен сергіп алайық «» Логикалық тапсырмалар І. 3 бала 3 машинаға мініп ойнап жүр еді, олардың қасына тағы да 2машина мінген бала қосылды. Барлығы қанша машина болды. Дидактикалық ойын: «Қанша?» Педагог жетекшілігімен ойнатылатын ойын Мақсаты: Заттың санын цифрмен сәйкестендіруді және сандарды ажырата білуге үйрету, нақты жауап беруге дағдыландыру. Шарты: Берілген суреттерді санап санмен сәйкестендіру. |
Флипчарт
Интеллектум ойыны
Видео
Таратпа материалдар Сандар
Картотека №27
|
Қортынды |
Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау модулі. Шарты: Әр балаға қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер беріледі. Қызыл-нашар түсіндім Сары-орташа түсіндім Жасыл-өте жақсы түсіндім Қортындылау. -Жарайсыңдар балалар тапсырманы жақсы орындағандарың үшін Спортокус сендерге смайлик беріп жіберді. |
Рефлексия
Кері байланыс қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелек
мадақтау смайлик |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген