5 саны мен цифры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 саны мен цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға 5саны мен цифры туралы түсініктеме беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек «Бота» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Нұр-Сұлтан қаласы

23 «Алтын бесік»

Балабақшасы

Тәрбиеші: Бохай Р

Білім беру саласы «Таным »
Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Өтпелі тақырып: «
Біз күштіміз, ептіміз»
Тақырыбы: 5 саны және цифры. 4 санының жасалуы. Тура және кері санау.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Балалардың зейіні мен логикалық қабілеттерін дамыту;
Оқыту:
5 саны және цифрымен таныстыру, оны дұрыс бейнелеуге үйрету;
Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы, денсаулық технологиясы; Восьмерка технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлестірмелі материалдар; суреттер, 4-5 саны; дәптерлер
Билингвалдық компонент: төрт-четыре-four; бес-пять-five
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ұйымдастырылыған оқу қызметінің барысы:
Балалар кім маған айтады неше жыл мезгілі бар?
Дұрыс төрт. Тақтаға қарап не көріп тұрсыңдар? Дұрыс көбелектер неше көбелек санайықшы
? Төрт саны қалай жазылады? Кім маған тақтаға жазып береді?
2.Негізгі бөлім
Ауада жазып көрейікші.
Назда 4 алма болды оған бір алманы Жандос берді. Неше алма болды Назда?
Дұрыс айтасыңдар бес

Ой  қозғау
«Сан тастамақ» ойыны.
Тура және  кері  санау
 0,1,2,3,4.      4, 3, 2, 1, 0
Үш тілде санайықшы. Жарайсыңдар.
1-тапсырма:
Санамақтар сыры

Ал, санайық, санамақ

Саусақтарға қарап – ап

Қане, барің  саналық,

Санын біліп алайық,

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,

Қолымдағы саусағым нешеу?(5)





2-тапсырма: Жаңа оқу қызметі 5 санымен таныстыру.         
  
5 санын  әуеде жазу және санағышпен жазу.

Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып,санның құрамын анықтау.


Сергіту жаттығуы:
Кел санайық санамақ 
Саусақтарды даралап
Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы
Ортан терек кезекші
 
Шылдыр шүмек көмекші
Шынашағым балапан
Бәріне ортақ алақан


3-тапсырма: Логикалық тапсырмалар.

-Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 4 туысын,
Ертіп ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара? (5)
Алдында үш балапан,

Артында  екі балапан,

Ақ тауық пен балапан,

Айтшы санын, балақан? (5)


4-тапсырма Жұмбақ есептер
1-тапсырма
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Үшеуі – қайың астынан.
Біреуі – терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте, ( 4 )
2-тапсырма
Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала? ( 3 )
3-тапсырма
Әр қолына Нүриден
Екі өріктен бердім мен.
Бала санай білмеді,
Неше өрік ол жеді? ( 4 )



5-тапсырма Дид  ойын: «Кім  жылдам»
Дидактикалық
  материалдармен  жұмыс.
Мыс: Қоянға сәбіз жинау
Тиінға
  саңырауқұлақ жинау
Қай аңға
  көп тамақ жинадық? Басқа аңдармен ойынды жалғастыру.

6-тапсырма: «Сан тастамақ» ойыны алты баланың алдына көрсетіп 0, 1, 2, 3, 4, 5 деген сандарды тастаймын, «Ал балалар қараңдар сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар ретімен тұра қалу керек.
1. Абдолла Айша
2. Балғазы Ерік
- Ал, қалған балалар сол 0-ден 5-ке дейінгі сандарды кері кему ретімен санап береді. 5, 4, 3, 2, 1, 0

7-тапсырма: Восьмерка технолоиясы
Восьмерка технологиясы арқылы балаларға 4-5 сандарын құрастыру үйрету. Балалармен жеке жұмыс.
Дәптермен жұмыс.

3.Қорытынды
- Балалар біз бүгін қандай сандар туралы айттық?
5- саны жаза аламыз ба? Кім маған санамақты айтып береді?
-Қорытындылау. Балаларды мақтап-мадақтау. Көрме жасау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі