400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 саны мен цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1.1.2 бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру . 1.5.2.2. «+» , «-» , «=» , «<» , «>» таңбаларын , цифырларды қолдану .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : Математика

Күні :

Сынып : 1

Мектебі :

Мұғалімнің аты – жөні :


Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны :

Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры





Оқу мақсаты



1.1.1.2 бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру .

1.5.2.2. «+» , «-» , «=» , «<» , «>» таңбаларын , цифырларды қолдану .

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар : 10 көлемдегі сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

Көптеген оқушылар : натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсінеді.

Кейбір оқушылар : бір таңбалы сандарды оқоқиды ,жазады және салыстырады.

Жетістік критерилері

  1. 10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді .

  2. 10 көлемінде тура және кері бағытта санайды .

  3. Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды .

Дескриптор

Берілген сандардың құрамын толықтырып жазыңыз.

Білім алушы - 4 санының құрамын анықтайды; ; - 5 санының құрамын анықтайды; осы сандарды қосады , азайтады , салыстырады.

Тілдік мақсат

Бес- пять - five ; қосу ; азайту ; тең

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс


Сауат ашу ,дене шынықтыру , музыка

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта , аудио материалдар

Бастапқы білім

5 саны тура келетін заттарға санамақ жүргізу


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы








Білу





Түсіну

Психологиялық дайындық
Математика сабағын
Мен меңгеріп аламын
Қазір есеп шығарып
Ата – анамды қуантып

(қолдарынан ұстап оқушылар, бір - біріне жақсы тілектер тілейді)
Берілген сандардың құрамын толықтырып жазады.

Білім алушы - 4 санының құрамын анықтайды; ; - 5 санының құрамын анықтайды; осы сандарды қосады , азайтады , салыстырады.

Оқушылар мен жаңа сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.
Бас бармағым - әкем
Балан үйрек - анам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - әпкем
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз
Сұрақ – жауап әдісі
Сендер 5 санын білесіңдер ме?
Енді балалар мен сендерге мынандай жұмбақ жасырайын.

Атамда менің 5 алма
Апамда менің 5 алма
Бәрін қосып санасақ
Болады сонда қанша алма (10)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық, сабағымыздың тақырыбы: : 5 саны және цифры


Сандарды оқу, цифрды оқу , цифрдың атауын және заттардың тиісті санын сәйкестендіру (1-ден 5-ке дейін, сандардың құрамы), Сандар мен цифрлар ұғымы. 1 саны және цифры.

(С) Сандық сәуледе санды көрсет, ол қандай сан екен ?

Оқушыларосы санға дейін санай аласыңдар ма ? Тура және кері реттеп санаймыз .


(Д) Цифрлар жазылған карточкаларды көрсетемін , осы сандардың атауды қандай ?

Оқушылардың санды заттардың тиісті санымен байланыстыра алуын , сәйкестендіруін тексеру.

Оқушыларға жаттығу мүмкіндігін беремін. (Д, қ) Сәйкестікті табу тапсырмасын орындау үшін нұсқары, кішігірім текшесі бар айналмалы дискті, домино текшесін қолданамын. Оқушылар цифрларды және суреттердің көмегімен тақырыптардың контексіндегі заттардың санын санау.


Қолдану

Оқушылар дәптерлерінде 4 және 5 цифрларын жазуды үйренеді, кесіндіні сызады. Санның құрамы бойынша жұмыс жасайды , «Санның құрамы» кестесін толтырды.

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы  10 көлеміндегі біртаңбалы сандардың құрамын анықтайды.

Тапсырма

Кел, ойнайық!



Шаттық шеңбері




















Сыныптық бөлме бойы керілген жіп, 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған бөлек карточкалар, киімге арналған қысқыштар немесе жіпті қысуға арналған қыстырғыш. АКТ –ны қолдану , слайдтар көрсетемін. Санауға арналған ресурстар: түймелер, бұршақ, тиындар, кішігірім ойыншықтар

Сабақтың ортасы

Сұрақ - жауап
5 саны қандай сан?
Оқушыларға осы тақырыпқа байланысты киелі сандардың бірі 5 санының құдіреті жайлы таныстырып өту.
5 саны
5 қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
5 жақсы: қара нар, жүйрік ат, қалың кілем, алмас қылыш, бұлғын ішік
5 қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
5 өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.

Оқулықпен жұмыс:
«Теңге алу ойыны»
5+1
5 - 2
5+5
5 - 4
5 - 3
5+4
5 - 1

2 - тапсырма. Слайд арқылы түсіндіру.
Бір сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен, содан соң кему ретімен, содан соң кему ретімен атау



Сабақтың соңы

Шығармашылық жұмыс
Асқардың, Талғаттың, және Дәулеттің әкелері – дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?

Жауабы : Асқардың әкесі - дәрігер
Талғаттың әкесі - ұшқыш

Дәулеттің әкесі - мұғалім

Сабақты қорыту

Венн диаграммасы бойынша сабақты қорытындылау


Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетді

КВыноска-облако 4

1 2 7

357


ел, ойнайық! Бұлттардың арасынан есептің шешуін табайық.

«Кім тапқыр» ойыны
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)

Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2 - ні
Неше екен шешуі (7)

Выноска-облако 1

5 1 2

3 4






Денсаулық және қауіпсіздік техникасының ережелерінің сақталуы



Бағалау

Кері байланыс

Рисунок 1 Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Бағдаршам арқылы бірін –бірі бағалау

Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Екі қолды жинасам
Болады сонда он саусақ
(қимылмен көрсету)


Жалпы баға


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне неге?
























О.Қ.О Шымкент қаласы

№ 49 жалпы орта мектебінің

Бастсуыш сынып мұғалімі Есентаева Г.С






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі