жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
5 саны мен цифры. Неге ұқсайды? Кеңістікті бағдарлау
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 5 саны мен цифры. Неге ұқсайды? Кеңістікті бағдарлау.
Мақсаты : 5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды. Кеңістікті бағдарлай алады.
Көрнекілік құралдар: В. Воскобовичтің дамытушы ойындары: « Жұмсақ төртбұрыштары», « Геовизор», Гео балақайдың суреті, фетрдан жасалған поезд,
«Танграм» ойын (пішіндер), сандар суреттері.
Қолданған технологиялар: Ашық-жабық сұрақтар , ойын технологиясы,
4К модель командада жұмыс, АКТ технологиясы.
Тәрбиеші: Балалар біздің табиғат бұрышындағы ағашымыз неліктен аппақ болып тұр?
Балалар: Себебі ағаштың үстінде қар жатыр. Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: -Қыс мезгілінде қанша ай бар?
-Үш ай – желтоқсан, қантар. ақпан.
-Аптада қанша күн бар?
-7 күн бар. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
-Ал балалар сендер балабақшаға қанша күн келесіндер?
-5 күн (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма)
Негізгі бөлім: Балалар арамызда досымыз Гео балақай көрінбейді ғой.
(Осы кезде телефон даусы шығады. Тақтада слайд, Гео балақай күлгін орманда жүргенін көрсетеді.)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Гео балақаймын, балабақшадан ұзай бергенде жолдан адасып күлгін орманға тап болдым. Сендерге қалай жететінімді білмей отырмын.
Тәрбиеші: - Балалар Гео балақайға қол ұшын созайық, күлгін орман алыс шығар? Бір амалып табуымыз қажет.
Ғажайып сәт:
Поездің даусы естіледі.
Тәрбиеші: Балалар мынау ненің дауысы?
Балалар: Поезд.
Бізге қонаққа сиқыршы келді.
Сиқыршы :Сәлеметсіздер ме, балалар. Достарың Гео балақай адасып кетіпті ғой, мен соны естіп сендермен қосылып көмектесуге келдім.
Күлгін орманға жетуіміз үшін, бірнеше тапсырмаларды орындауымыз қажет.
Тәрбиеші: - Балалар досымызбен табысуымыз үшін тапсырмаларды орындаймызба?
Балалар: Ия. Орындаймыз.
Тәрбиеші: Ал ендеше бірінші тапсырманы орындауға кірісейік.
№ 1 – тапсырма.
Балалар үстел үстіндегі қалаған сандарды алып атайды және ретімен тұрады. Тақтаға назар аударайық видео арқылы сандарды ретімен санайды, кері санайды (қазақша , орысша)
Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, алғыр, білімді , шапшаң екенсіңдер.
Досымыз Гео балақайға сыйлық дайындайық, қуанып қалсын .
№ 2 – тапсырма.
Педагог жетекшілігімен ойын: «Тәтті кәмпит»
Шарты: Жұмсақ төртбұрыштардан астындағы және үстіңгі бұрыштарын ішке қарай бүктеу арқылы кәмпит жасау.
Тәрбиеші: - Балалар, кәмпитті қандай пішіндерден жасадық?
Балалар: - Үшбұрыш және төртбұрыш пішіндерінен.
Тәрбиеші: - Қандай керемет, кәмпитерін өте әдемі болып шықты.
Гео балақай риза болатын болды.
№ 3 – тапсырма.
Құрылымдалған ойын: «Танграм»
Шарты: Үлгі бойынша сандарды (1, 2, 3, 4, 5) құрастыру.
( 1 топ-1 саны, 2 топ – 2 саны, 3 топ – 3 саны, 4 топ - 4 саны, 5 топ - 5 саны)
Сиқыршы: Тапсырмаларды аса белсенділікпен, өте мұқиятшылықпен орындап жатырсыңдар жарайсыңдар.
№ 4 – тапсырма.
Сергіту сәті. (Видео)
№ 5 – тапсырма.
Педагог жетекшілігімен ойын: « Геовизор»
Балалар « Геовизорда» жұмыс жасайды. Берілген координаталары: (В4, О4, Ж4, З4, Г4, С4, В4), балалар « Геовизор» бетінде берілген нүктелерді белгілейді. Белгіленген нүктелерді қосады.
Тәрбиеші: - Балалар, ненің бейнесі шықты?
Балалар: Үй
Тәрбиеші: - Балалар, үйдің қанша бұрышы бар екен?
Балалар: Үйдің 5 бұрышы бар екен.
Тәрбиеші: «Геовизор» арқылы жасаған үйлерің көрнекті, көзге жағымды көрінеді.
Осы сәтте жүзіне қуаныш жиналған Гео балақай келеді. Балаларға деген рахметін айтады.
Қорытынды:
-Біз бүгін кімге көмектестік?
-Бізге қонаққа кімдер келді?
-Тапсырманың қай түрін орындау қызық әрі қиын болды ?
Балалар енді өз-өзімізді бағалайық.
Сиқыршы: Балалар сендерге ризамын, уақытым көңілді өтті. Сендерге әкелген сыйлығым бар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген