Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Берел ауылы «Берел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық тәрбиешісі – Садуова Бакытгуль Шаяхметовна
5 саны мен цифры
Мақсаты: балалардың 4 –ке дейінгі реттік сандарды ауызша санау және 4 санының цифрлық таңбасын ажырата білулерін бекіту; 5 саны қалай пайда болатынын түсіндіре отырып балаларды 5 санымен таныстыру; логикалық ойлау, тез қабылдау, есепке деген қызығушылығын арттыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: жұмыс дәптер, сиқырлы қалам, теледидар, текшелер, үлестірмелі материалдар.Барысы
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Ал енді бәріміз бүгінгі күнмен және қонақтармен амандасып алайық.Шаттық шеңберіШеңбер болып тұрайық,Алақанды ашайық,Күннің нұрын шашайық.Таза ауаны жұтайық,Жүрекке жылу сыйлайық.Жиналған жылы шуақтыҚонақтарға шашайық.Тәрбиеші: Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық.Балалар, мен сендерге бір ой тастайын. Күн, жаңбыр, құстар деген сөздерді естігенде қай мезгіл деп елестетесіңдер?Балалар: Күз мезгіліТәрбиеші: Не себепті күз мезгілі?Балалар: Күзде күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Тәрбиеші: Балалар, жылы жаққа ұшып кетіп бара жатқан құстар бізбен қоштасып, тапсырмаларын беруге келіпті.(Құстың аузындағы қыстырылып тұрған хатты алып тәрбиеші оқиды).Құрметті айгөлек тобы бүлдіршіндері! Біздің қалдырған тапсырмаларымызды дұрыс орындауларыңды сұраймыз.Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар біздің сендерге деп қалдырған сыйлықтарымызды қабыл алалсыңдар.Тапсырмаларды орындау үшін орнымызға отырамыз. Тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?Балалар: Дайынбыз.
1-тапсырма. «Кім жылдам?»1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санаймыз. Әр суретте қанша зат бар екенін сана және оларды сәйкес цифрмен байланыстыр.
2-тапсырма. «Кім жүйрік?»Шанада отыр үш бала,Жай қарап тұр бір бала.Айта қойшы, ойнап жүрҚанша бала далада? (4)Қаптап кетті бұл бақа,Әр төсекте бір бақа.Санада бес төсекті,Шығар енді есепті(5)Үшеу еді қызғалдақ,Екеу еді түймедақ.Қанша болды көріп ал, Санадағы теріп ал.(5)3-тапсырма. «5 цифрын тауып боя»Бұлттарда жасырылған сандардың ішінен бес санын тауып бояңдар.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге 5 саны мен цифрына байланысты өлең жолдарын оқып берейін.(Сурет арқылы өлең жолдарын айтып береді).
Бір қолда бар бес саусақ,Жұлдызда бар бес тармақ.Батырда бар бес қару.Сабақта жақсы бес алу.Сергіту сәті:«Қара жорға» биленеді.Тәрбиеші: Сендер құстардың берген барлық тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар. Ой, мына конверттің ішінде тағы бір нәрсе бар сияқты. (Күнді алып шығады, балаларға таратып береді).
Қорытындылау-Бүгінгі оқу қызметте қандай санмен таныстық?-Қандай тапсырмалар орындадық?-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!