400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«5 санымен танысу.Сол жақта,ортасында,оң жақта»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Өткен сандарды қайталау,5санымен таныстыру;заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену(сол жақта,ортасында,оңжақта ). Балалардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып , ойын барысында ой- өрістерін, тілдік қорларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 24.01.18

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: «5 санымен танысу.Сол жақта,ортасында,оң жақта»

Мақсаты: Өткен сандарды қайталау,5санымен таныстыру;заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену(сол жақта,ортасында,оңжақта ).

Балалардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып , ойын барысында ой- өрістерін, тілдік қорларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,дидактикалық ойын,үлестірмелі материалдар

1-ден 5-ке дейінгі сандар.

Әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс- әрекеті.

Балалардың іс- әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы күш .

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де,сіз,

Кішіге де,сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

-Өте жақсы балалар орнымызға отырамыз.

-Бәріміз тақтаға қарайықшы тақтадан не көріп отырмыз?

-Дұрыс айтасыңдар,кәне бәріміз санайықшы

-Дұрыс осы бес санның әрқайсысының біздерге дайындаған тапсырмалары бар екен.Орындаймызба,балалар?

-Олай болса 1санының тапсырмасы «Адасқан сандар»деп аталады.

Шарты:адасқан сандарды тура және кері санайтындпй етіп орналастыру.

-2 санының тапсырмасы: «Көршісін тап!»ойыны.

Шарты:айнала отырган балалар көздерін жұмып отырады,бір баланың алдына санды қойып,бала сол санның көршісін табады.

-Өте жақсы енді біраз серігіп алайық

Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Су өтеді қолғаптан

-3 санының тапсырмасы: «Қандай пішін?»

Шарты:балалар қолдарындағы пішіндердің қандай пішін екенін,түсінің қандай түс екенін айтады, сол пішіндерден үй құрастырады.

-4 санының тапсырмасы: «Оң жақта,сол жақта,ортасында»ұғымы туралы суреттер арқылы түсінік беру.

Тақтадағы жолақшаларға үш қоянды орналастырып және бір қоянды қосу арқылы 4 саны туралы балаларға түсінік беру.4санының құрамы туралы,қандай сандар көршісі екенін айыра білуге үйрету.Балаларға қоян қандай тамақты ұнататыны туралы сұрап,қояндарға сәбіз тарату. Үлестірмелі материалдар арқылы тісінік беру.

«Алма ағашы» дидактикалық ойыны.Балалар сурет арқылы алма ағашының оң жағында неше алма екенін, сол жағында неше алма екенін айыра білуге үйренеді.

-5 санының тапсырмасы:ойын арқылы балалардың ойлауын дамыту, миға шабуыл,логикалық сұрақтар арқылы есептер шығару.

1.Ұлпа жүнін қыздырып,

Күншуақта 1 күшік.

Отыр еді маңына,

Келді тағы бір күшік.

Нешеу болды сен сана.

2. Жанып тұрған 4 шамның,

Сөніп қалды 2еуі.

Қалды енді нешеуі?

3.Мысықта қанша құлақ бар?

Мысықта қанша аяқ бар?

Мысықта қанша құйрық бар?



4.Ағашта 4 алма,

Піскен екен тимей құрт.

Самат алып 1 еуін

Қалдырған екен нешеуін?



5.Табақта 2 алма

Қолымда 3 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

-Міне,балалар,сендер бүгінгі өткен оқу іс-әрекетімізге өте жақсы қатыстыңдар.бүгін біздер 5 санымен таныса отырып,бұрын үйренген сандарға да шолу жасадық.

Балаларды мадақтау.

Қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 цифрын,қыс мезгілінің ерекшеліктерін;

Игереді: Математикалық жұмбақтарды шешуді,заттың орналасқан орнын сөзбен баяндауды(сол жақта,оң жақта,ортасында )

Меңгереді: 5 саны мен цифры туралы түсінікті.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі