400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 санын қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
ондықтан аттап бес санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру; бес санын қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, есептеулермен байланысты іс -әрекеттерде қолдануға машықтандыру; екі амалмен шығарылатын есептерді шығару.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: « 5 санын қосу және азайту.

Сабақтың максаты:

1) білімділік: ондықтан аттап бес санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру; бес санын қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, есептеулермен байланысты іс -әрекеттерде қолдануға машықтандыру; екі амалмен шығарылатын есептерді шығару.

2) дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, танымдық қабілеттерін, логикалық ой- өрісін дамыту;

3) тәрбиелік: тиянақтылыкка, шапшаңдылыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.

Көрнекілігі: ойын материалдары, сабаққа дайындалған презентация.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Түрі: ойын сабақ.

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

Біз мектепке барамыз

Біз оқушы боламыз,

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз


2. Үй тапсырмасын тексеру: № 7 (ә)

Мұғалім: - Ал, балалар өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап арқылы «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» ойынын ойнайық.

1. 1 дм - де неше см?

2. 1 сағатта неше минут?

3. 1 тәулікте неше сағат?

4. Қосудың, азайтудың компонеттерін ата?

5. Біздің мектептің №?

6. 73, 89 сандарында неше бірлік, неше ондық бар?

3. Жаңа сабақ:

  1. жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу:

Біз ақылды баламыз

Есеп, жұмбақ, ойынның

Жауабын тез табамыз.

а) сөзжұмбақ шешу:

б) жұмбақтардың жауабын тауып, жасырын санды анықтау (5)


Алма бағы жайнаған

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп үшеуін,

Тағы алдым екеуін,

Алдым сонда нешеуін? (5)


Мұғалім: Бүгінгі сендермен өтетін жаңа тақырыбымыз « 5 санын қосу және азайту».

2) жаңа тақырыпты түсіндіру: графикалық схема бойынша 7+5, 8+5, 11-5 жағдайларын қарастыру және оларды дәптерге жазу;

3) жаңа тақырыпты пысықтау:

а) 1( ә)- мысал- 12-5, 8+5, 13-5, 9+5, 14-5 өрнектердің мәнін түсіндіре отырып, шығару: балалар тапсырманы тақтада орындайды;

ә) 2- мысал.

б) математикалық диктант:

3-мысалдағы тапсырма бойынша өрнектерді жазу және олардың мәнін табу;

7 мен 3 сандарының қосындысына 2-ні қос;

12 пен 2 сандарының айырмасынан 3-ті азайт;

8 бен 2 сандарының қосындысына 3-ті қос;

13 пен 3 сандарының айырмасынан 2-ні азайт;

9 бен 1 сандарының қосындысына 4-ті қос;

14 мен 4 сандарының айырмасынан 1-ді азайт.

в) сергіту сәті:

г) 4-есепті шығару:

Мектеп стадионында 24 қыз келді. Ал ұл олардан 4-еуі кем болды. Стадионға барлығы неше бала келді?

ғ) топтық жұмыс (ауызша орындалады)

д)6- есепті шығару: Өз бетімен жұмыс

е) Шығармашылық тапсырма

ж) Кел ойнайық! «Сөз құрастыр»

4. Сабақты қорытындылау:5 санына байланысты ұғымдар туралы әңгімелеу.

5. Үйге тапсырма: 5-есеп.

6. Оқушыларды бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі