Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 санын қосу және азайту 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары. мақсат міндеттері,қолданылатын көрнекіліктер берілген.әр түрлі тапсырмалар берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Математика

Сыныбы:

1

Сабақтың тақырыбы:

5 санын қосу және азайту

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік


Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі






5 cанын қосу,азайтудың тәсілдерімен таныстыру (сандар құрамы, бөліктер бойынша, қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы негізінде)


5 cанын қосу және азайту бойынша жұмыстануға дағдыландыру


5 cанын қосу және азайтуды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың түрі:

Ойын сабағы

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, машықтық

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ойын технологиясы

Оқыту құралдары:

Оқулық, жазу дәптері, компьютер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгендеу;

оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру;

сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту.

Амандасу;

оқу-құралдарын дайындау, кезекшілік міндеттерін атқару;

сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;

көңіл-күйі көтеріңкі болады.


Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


Балалар, бүгін бізге қонаққа сендердің сүйікті кейіпкерлерің Сайқымазақ келді.Сайқымазақ:

  • Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл – күйлерің қалай? Мұғалім:


  • Балалар Сайқымазақтың қолынан не көріп тұрмыз? Сайқымазақ:

  • Балалар мына қолымдағы шардың ішінде сендерге берілген үй тапсырмалары бар. Ендеше, осы тапсырмаларды орындап көрейік. Ойын шарты: Оқушылар Сайқымазақтың қолындағы шарларды бір-бірлеп жарып, ішінен шыққан үй тапсырмасын орындайды.

6 см – 4см * 5 см – 2см

3 см + 1см * 4 см – 2 см

3 см * 10см -4 см

10см * 8 см + 2см




  • Сәлеметсіз бе! Жақсы.


  • Шар және қапшық.


Балалар Сайқымазақтың үй тапсырмасын орындайды. Ойын шартымен танысады.






6 см – 4см<5 см – 2см

3 см + 1см>4 см – 2 см

3 см < 10см -4 см

10см = 8 см + 2см

Қонаққа келген Сайқымазақты көңілді қарсы алады. Сайқымазақ алып келген үй тапсырмасын орындауда алғырлық пен қызығушылық танытады.Өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәлелдейді.

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Мұғалім:

- Балалар Сайқымазақтың қолында тағы не бар екен?

- Дұрыс балалар. Ендеше қоржынның ішінде не бар екенін Сайқымазақтан сұрап көрейік. Сайқымазақ:

- Ия, балалар. Менің қоржынымның ішінде өткен тақырыптарды қайталауға арналған бірнеше тапсырмалар бар.


1 тапсырма. Көршілерін ата.



Shape1


- Қоржын


  • Сайқымазақ сенің қоржыныңның ішінде не бар?






1 тапсырма: Берілген сандардың көршілерін атайды. Ауызша орындалады.

Shape2

Сайқымазақ қоржынындағы тапсырмаларды өткен тақырыптарды еске түсіріп, орындайды.






Сандар қатарын еске түсіреді.


ІV. Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру


- Өте дұрыс.

- Ал енді келесі 2-тапсырма:

- 3+2 қосындысы неге тең?

- 6-1 айырмасы неге тең?

- 4+4 қосындысы неге тең?

- 8-1 айырмасы неге тең?

- 9-3 айырмасы неге тең?

- 5-2 айырмасы неге тең?

3 тапсырма. «Қар жауар» ойыны.

1 + 1 2 + 2 3 + 3 4 + 4

1 + 5 2 + 1 3 + 7 4 + 3

1 + 8 2 + 6 3 + 2 4 + 1


2-тапсырма:

- 5

- 5

- 8

- 7

- 6

- 3

3 тапсырма:

1 + 1 = 2 2 + 2 = 4

1 + 5 =6 2 + 1 =3

1 + 8 =9 2 + 6 =8

3 + 3 = 6 4 + 4 = 8

3 + 7 = 10 4 + 3 = 7

3 + 2 = 5 4 + 1 = 5

Ойлана жауап береді. Ойлау қабілеттері артады.

V. Жаңа материалды мұғалімнің көмегімен бекіту.

1 тапсырма. Ауызша орындалады.

«Кім тез есептейді?» ойыны

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

+5 -5



2 тапсырма. Кестені жаз және жатта. « Кім зейінді?» ойыны.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

*+5 *-5 5+*

*+5*-5 5+*

*+5*-5 5+*

*+5*-5 5+*

*+5*-5 5+*


Сергіту сәті

Ептеп – ептеп жерден тары терейік,

Тергеніңді балапанға берейік.

Тойған балапан томпаң – томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін,

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.

Енді менің әңгімеме құлақ сал.


Балалар, біз тарыны нелерге теріп бердік? Ендеше балапандар туралы есепке назар аударайық. 3 тапсырма:

Ұяда 9 балапан отырды. 5 балапан ұшып кетті. Неше балапан қалды?

Есепті талдау

  • Есепте не туралы айтылған?


  • Есепте не белгілі?


  • Есеп не сұрайды?

  • Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

  • Қандай амал қолданамыз?

  • Енді есептің қысқаша белгіленуін жазайық. Негізгі сөздер қайсысы?

Отырды – 9 (балапан)

Ұшып кетті – 5 (балапан)

Қалды - ?



4 тапсырма.Жаз және есепте. Айырманың астын сыз.

10 – 10 7 + 2 6 – 4 7 – 2

6 + 2 8 – 0 7 + 0 5 + 3

4 – 2 4 + 2 6 + 3 9 – 4




5 тапсырма. Қай жол артық?

1 тапсырма.

1 + 5 = 6 6 – 5 = 1

2 + 5 = 7 7 – 5 = 2

3 + 5 = 8 8 – 5 = 3

4 + 5 = 9 9 – 5 = 4

5 + 5 = 10 10 – 5 = 5

2 тапсырма.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.


1+5 = 6 10 -5 = 5 5+1 = 6

2+5 = 7 9 -5 =4 5+2 = 7

3+5 = 8 8 -5 =35+3 = 8

4+5 = 9 7 -5 =25+4 = 9

5+5 = 10 6 -5 =1 5+5 = 10





Ептеп – ептеп жерден тары терейік,

Тергеніңді балапанға берейік.

Тойған балапан томпаң – томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін,

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

- Балапандарға


3 тапсырма:




  • Есепте ұяда отырған балапандар туралы айтылған.

  • Отырған балапандар мен ұшып кеткен балапандар саны.

  • Ұяда неше балапан қалғанын.

  • Иә.


  • Азайту.

  • Отырды, ұшып кетті, қалды



Отырды – 9 (балапан)

Ұшып кетті – 5 (балапан)

Қалды - ?

Шешуі: 9 – 5 = 4

Жауабы: ұяда 4 балапан қалды.

4 тапсырма.


10 – 10 = 0 7 + 2 = 9

6 + 2 = 8 8 – 0 = 8

4 – 2 = 2 4 + 2 = 6

6 – 4 = 2 7 – 2 = 5

7 + 0 = 7 5 + 3 = 8

6 + 3 =9 9 – 4 = 5


5 тапсырма. Артық жолды табады.



Ойын арқылы жылдамдыққа, зейінділікке үйренеді.





Оқушылардың жазу барысында дұрыс отыруы сандарды әдемі, таза жазуы қадағаланады.











Сергіп демалады.
















Тапсырманы орындау үшін қажетті мәліметтерді атайды. Алған білімдерін қолдана отырып есепті шығарады













VI. Жаңа материалды өз бетімен бекіту.

Өлеңді есептер

Оң қолымда 2алма

Сол қолымда 3алма

Қане бәрін қосқанда

Болды екен неше алма?


Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп үшеуін

Тағы да алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін?


6 алманы бақтағы Кірпі алып жинады. Ең әдемі тәттісін, Тиінге ол сыйлады. Санап көрші кірпі де Қалды алма нешеуі?



2 + 3 = 5








3 + 2 = 5





6 – 1 = 5

Балалардың логикалық ойлау қабілеті артады.

Сабақ бойы алған білімдерін қорытындылайды.



VII. Үйге тапсырма.








Бағалау


5«сиқырлы суреттерді» өз бетінше толықтырып салады. №6 тапсырма заттардың ерекшеліктерін табуға арналған. Алдымен түймелерді өлшемдері, тесіктерінің саны, сызықшаларының орналасуы бойынша салыстырады.


Оқушылардың іс-әрекетін бағалайды. Қойылған бағаларға түсінік береді.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.








Өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді. Өз бағасын мұғалім бағасымен салыстырады. Өз іс-әрекетін бағалайды.


Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады, өз бетімен жұмыстанады.







Өз іс-әрекетінің нәтижесін көреді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
2260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12