400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Мектебі:


Мұғалімнің аты –жөні:


Жайбергенова Меруерт

Тақырыбы:


10-бөлім. 6-сабақ

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі


5– сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:10

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/Ж 4 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

5. Б/С 2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Сабақ мақсаттары






Барлық оқушылар: Әңгімені мазмұндай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Кейіпкерлерге мінездеме береді.

Кейбір оқушылар:

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

Бағалау критерийі

1. Әңгіме желісі бойынша ойларымен бөліседі.

2. Әженің бейнесін салыстыра сипаттайды.

3. Арнау өлең шығарады.

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады:

        • Әңгімені мазмұндай алады.

        • Әңгімеден үзінді жаттай алады.

  • Кейіпкерлерге мінездеме бере алады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қос тентек, ертегі, қайтар жол, дастархан басы, елден келген шешей, нағыз әже.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Әженің киген киімі, нағыз әже, қиялдағы әже

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Не себепті әже Аяның көңілінен шықпады?

2.Неліктен елден келген шешейді ұнатпай қалды?


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясы арқылы оқушылардың патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті арттыра отырып, ұлттық тәрбиеге баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі – тіл шеберлігін арттырады, тарих – ата-баба жолын біледі, өзін-өзі тану – адамгершілікке баулиды.

Алдыңғы оқу:

«Нағыз әже қайда?» әңгімесімен таныс.

Жоспар

Жоспарланған уақыты

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


5минут



































3 мин




6 мин


Шаттық шеңбері:

«Сатамын және сатып аламын» тренингі, шартын түсіндіріледі.

Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін шар арқылы сатып, оның жақсы қасиетін гүл арқылы сатып алады. Мысалы, «Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлығыңызды сатып аламын.

«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлу

Мақсатым: Сурет арқылы әр кезеңдегі әжелердің бейнесін көрсетіп, тақырыпқа шолу жасау.




Жеке жұмыс.

1-тапсырма. «Нағыз әже қайда?» әңгімесінен оқушыларға ұнаған жерлерінен үзіндіні жатқа сұрау.

2-тапсырма. «Сұхбаттасайық» әдісі арқылы әр

топқа бір сұрақтан беріліп, ойларымен бөліседі.

Мақсатым: оқушыларды еркін сөйлеуге үйрету.

1. Әңгімені оқыған соң қандай сезімде болдыңдар?

2. Кейіпкерлердің қонаққа барғанға дейінгі көңіл күйлері мен қонақтан қайтқан кездегі көңіл күйлерінің өзгеру себептері қандай?

3. Егер жазушы болсаңдар, әңгімені қалай аяқтар едіңдер?


Кері байланыс (ҚБ)



Көңілді әуен





Шар мен гүл

















10 мин






















7 минут















6 мин


























5 мин














3-тапсырма. «Салыстыра сипаттау» әдісі

Мақсатым: Оқушыларды салыстыра білуге үйрету, қиялын жетілдіру.


Cалыстыру аймағы

Сырт келбеті, киім кию мәнері

Мінезі

Іс-әре-

кеті

Балалардың қиялындағы әже




Қонақта көрген әже





Кері байланыс (ҚБ)


«Асыл әже» видеосын көру.

4-тапсырма.Бес жолды өлең«Синквейн» әдісі

Мақсатым: Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).

3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).

4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.

5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады

Сергіту сәті: «Биле, биле»

Мақсатым: Дене бойымызды сергітіп, сабақты ары қарай белсенді жалғастыру үшін, тапсырмалар қатарымен оқушыларды жалықтырмау мақсатында орындалады. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.


5-тапсырма. «Попс» формуласы.

Мақсатым: Оқушылар өз ойларын дәлелдей отырып жеткізе алу.

Сендердің ойларыңша, нағыз қазақ әжесі қандай болу керек?

Бірінші сөйлем. Менің ойымша...

Екінші сөйлем. Себебі оны мен былай түсінемін...

Үшінші сөйлем. Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын.

Төртінші сөйлем. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.


Бағалау критерийлері


Дескрипторлар


1.Әңгіме желісі бойынша ойларымен бөлісе алады.

2.Әженің бейнесін салыстыра сипаттай алады.

3.Арнау өлең шығара алады.



1.Әңгіме желісі бойынша ойларымен бөліседі.

2.Әженің бейнесін салыстыра сипаттайды.


3.Арнау өлең шығарады




Рефлексия

Мақсатым:Смайликтер арқылы оқушылардың сабақты қалай меңгергені, көңіл-күйлерін анықтау.

Прямоугольник 1







Кесте








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2021
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі