400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

5-сынып "БЕСІККЕ САЛУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың жаңаша білім беру бағдарламасы бойынша сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне пайдасы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ: қазақ тілі Мектеп: Ақшұқыр мектеп-лицейі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: ЖанабергеноваМейрамгул

Сынып: 5 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

5-бөлімше: Бесікке салу

Сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша мәтін құрастыру


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Сурет бойынша тақырыпты болжай алады, сұрақтар құрастырады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тірек сөздерді, сөз тіркестерін таба алады, сөйлем құрастырады, өз ойын еркін жеткізе алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сюжетті суреттердің желісі бойынша мәтін құрастыра алады. Бесікке байланысты тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді орынды қолданады.


Бағалау критерийлері

Жетістік критерийі


  1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды;

  2. Тірек сөздерді, сөз тіркестерін таба алады, сөйлем құрастырады;

  3. Сюжетті суреттердің желісі бойынша салт-дәстүрге байланысты сөздер мен сөз тіркестерін таба алады;

  4. Сурет мазмұны бойынша өз пікірін білдіреді;

  5. Сюжетті сурет бойынша 8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Тақырыпты болжайды. Сюжетті суреттердің (фотосуретер) желісі бойынша мәтін құрастырады, өз пікірін білдіреді.

Пән лексикасы және терминологиясы: бесік, бөбек, ана, сәби,шүмек, түбек, тыштырма, шашу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Бесіктің шүмегі, әдемі қолбау, бесік жыры, бесікке салу, бесік той.

Бесіккке салу - нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Сәбиді бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бұл кезде «Бесік жыры» айтылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Бесікке салу» рәсімінде қандай кәделер орындалады?

«Бесікке салу» рәсіміндегі ананың рөлі қандай?

«Бесік жырын» қай уақытта айтады?

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Не себепті сәбиді бесікке ел-жұртына сыйлы, ақылды, дана аналарымызға салғызады?

Ишара: бесікке бөлеу, бесікті тербету, тыштырма жасау, шашу жинау.

Осыған дейін меңгерілген білім

Бастауыштан білім қалыптасты. Бесік туралы түсінік қалыптасқан. Оқушылардың алдыңғы алған білімдері жетекші сұрақтар қою арқылы тексеріледі.





ЖОСПАР

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер:


Сабақтың басы

7 мин

I.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасады. Оқушылардың назарын сабаққа аударады. Сынып оқушыларын «Шашу» тәсілі арқылы 3 топқа (тыштырма, шілдехана, қырқынан шығару) бөледі.

Тыштырма Шілдехана Қырқынан шығару





Сабақтың ортасы

25 мин


1-тапсырма СЖ . «Болжау» әдісі

Сюжетті суреттердің желісі бойынша болжау жасалады.

Бағалау – шашу кәмпиттері.


2-тапсырма. Ж.

Сюжетті сурет бойынша мәтін құрастырады


№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1

Сюжетті суреттің негізгі ойын анықтайды.

Суреттерге сұрақтар құрастырады;

Мәтін бойынша салт-дәстүрге байланысты керекті сөздерді, сөз тіркестерін анықтай алады;

Сюжетті суреттің негізгі ойын анықтай алады.

2

Сюжетті сурет бойынша мәтін құрастырады

Сюжетті сурет мазмұнын сақтай алады;

Мазмұн реттілігін сақтай алады;

8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыра алады.


Бағалау. Оқушылар топ ішінде бірін-бірі критерийлер бойынша бағалайды.


Қалыптастырушы бағалау


3-тапсырма ЖЖ.

Жеке жұмыс қорытындысы бойынша «Айнымалы бекет» әдісі арқылы бірінің мәтінін бірі оқып, үздік әңгіме авторы «Бетпе-бет» бағдарламасына қонаққа шақырылады. «Бесікке салу рәсімінің маңызы» тақырыбында әңгіме талқыланып, жетекші сұрақтар қойылады.


№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1

Мәтіннің мазмұнын ашады

Нақты ақпараттар айта алады



Сұрақтарға жауап бере алады

2

Тұжырым жасайды

Өз пікірін қорыта алады

Қалыптастырушы бағалау



Сергіту сәті

Сыныптағы оқушылар үнтаспаға қосылып, «Бесік жырын» айтады.
























































үнтаспа



Сабақтың соңы

5 мин



































Кері байланыс

3 мин



4-тапсырма ТЖ.

1-топ

Бесіктің жабдықтарын атаңыз?


2-топ Оқулықпен жұмыс

«Кімнің жады мықты?» әдісі.

«Бесік жырын» кім жатқа айтады?



3-топ

«Т кестесі» әдісі бойынша «Қазіргі таңда бесіктің қадіріне жетіп жүрміз бе?»,-сұрағына жауап береді.


№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1

Бесік маңызы туралы негізгі ойды айтады

Бесікке бөлеудің арықшылықтары мен кемшіліктерін айта алады




Бесіктің жабдықтарын айта алады



Бесік жырын жатқа айта алады


Қалыптастырушы бағалау.


Бесіктің жабдықтары бойынша кері байланыс жүргізіледі.

Мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын

Рисунок 1

Мен түсіндім, бірақ барлығын емес

Рисунок 2

Мен ештеңе түсінбедім

Рисунок 3








Пайдаланылған оқулық. Жоба. Ж. Дәулетбекова ., Г.Қосымова,-Алматы: Атамұра, 2017.- 49 бет



























Рефлексия парағы




Қосымша ақпарат

Саралау

«Болжау» әдісі арқылы жаңа сабақты оқушыларға болжаттым. Оқушылар «Айнымалы бекет» әдісінде жазған мәтіндерін алмастыру арқылы, бірінің кемшілігін бірі толтырса, «Бетпе-бет» бағдарламасы арқылы жұптаса жұмыс жасаудың тамаша үлгісін көрсетеді.Топтық жұмыста оқушылардың оқу үдерісіне толық қатысуына жағдай жасадым. Бұл кезеңде оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдауды үйренеді. Қабілеті жоғары оқушыларға «Синквейн» әдісі бойынша бес жолды өлең құрастыртуды көздеп отырмын.


Бағалау

Оқушылар бірін-бірі және өзін-өзі критерийлер бойынша бағалайды. Әрбір оқушы назардан тыс қалдырылмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады. Тапсырмалар «Бесікке салу» рәсімінде шашылатын шашумен бағаланады (бір шөкім шашу,бір уыс шашу, бір табақ шашу). Оқушылардың тапсырмаларды орындау белсенділігі мен берілген дескрипторлар бойынша «Жарайсың», «Сен жетістіктерге жетудесің», «Тамаша» т.с.с. сөздермен қолдау көрсетіп отырамын.


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері бойынша әңгіме. АКТ, «Қазақ әдебиеті», «Өзін-өзі тану» пәндерімен байланыс. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құрмет, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Сабақта отбасындағы дәстүрлер құндылығы туралы айтылады, пікірлері тыңдалады.

Ойлану


Сабақ үдерісі жүйелі жоспарланғандықтан сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Бүгін оқушылар бесікке салу рәсімі туралы сюжетті суреттер желісі бойынша мәтін құрастырып, талдау жұмыстарын жүргізеді.

Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды. Уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары орындалады.

Жалпы баға


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Т кестесі» әдісі.

2. Жұптық жұмыс. «Бетпе-бет» бағдарламасы


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Егер отбасындағы ұлттық құндылықтардың сақталуы туралы бейнефильм көрсетілгенде;

2. Түсіндірме сөздікпен жұмыс жүргізілгенде.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Кей оқушылардың бесіктің жабдықтарын білуі қажеттілігі;

2.ҚБ түрлерін тиімді пайдаланылуы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1750
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі