400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-сынып бойынша І-жарты жылдықта өткен тақырыптарды қайталауға арналған тест тапсырмалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға оқушылардың білімін қорытуға, бағалауға пайдалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 «Б» сынып 2020-2021 оқу жылы

І-жартыжылдыққа арналған тест

1.Тәуелдік жалғаудың жұрнағын дұрыс қой.

Сенің отбасы...

А) -м

Б) -ың

С) -сы

Д) –ң


2. Жалпы зат есімді белгіле

А) Алматы, Айару, Ақтөс

Б) қала, қыз, ағаш, гүл, ит

С) А.Құнанбаев, Б.Соқпақбаев

Д) Динара, Марат, Ақмарал


3.Көптік жалғаулы сөзді белгіле. Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты.

А) қазақ

Б) дәстүрлер

С) байланысты

Д) тыйым


4.Жалқы есімді белгіле

А) кітап, қалам, дәптер

Б) киіз үй, жаңа үй

С) ата, әже, бала

Д) Ақмола, Жақсы ауданы


5. Сөйлемді толықтыр. Атам ... берді.

А) жақсы

Б) қасиетті

С) бата

Д) төр


6. Күрделі сын есімді белгіле.

А) қызыл жасыл

Б) жақсы

С) білімді

Д) сұлу


7. Зат есімнен жасалған қатыстық сын есім.

А) қысқы, жазғы

Б) сары, жасыл

С) кең, тар

Д) жақсы, жаман


8.Бердібек Соқпақбаев кім?

А) ақын, жазушы

Б) батыр адам

С) балалар жазушысы

Д) қоғам қайраткері


9. «Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет қай жылы шықты?

А) 1948

Б) 1924

С) 1978

Д) 1845


10. «Менің атым-Қожа» повесі кімнің шығармасы?

А) Қадыр Мырзалиев

Б) Бердібек Соқпақбаев

С) Абай Құнанбаев

Д) Әбділда Тәжібаев


11. Аюдың сипатын белгіле.

А) құйрығы ұзын, қу

Б) терісі ақ, сұр, қорқақ

С) кішкентай, сары, жаңғақ жейді

Д) маймақ, балды жақсы көреді


12. «Менің атым-Қожа» повесінің басты кейіпкерлері кімдер?

А) Сары Қожа, Жантас

Б) Қожа, Жанар

С) Бердібек Соқпақбаев

Д) Анфиса Михайловна


13.Қазақстан қай гүлдің отаны деп аталады?

А) раушан

Б) қызғалдақ

С) түймедақ

Д) бәйшешек


14.Сөйлемді аяқта. Орманда көңілді тиін ... .

А) дүниеге келді.

Б) ашуланады.

С) өмір сүреді

Д) жалынады.


15.Сілтеу есімдігін белгіле.

А) барлық оқушы.

Б) кім барады?

С) мен баламын.

Д) осы мектеп.


16. Өлеңді аяқта. Сақтарды егер іздесең,

«... халық!»-деп ізде!

А) тарихи

Б) дос

С) жаужүрек

Д) дана


17.Жинақтық сан есімді белгіле.

А) бесеу

Б) бес

С) бес-бестен

Д) бесінші


18.Су қандай?

А) жасыл, жұмсақ, арзан, өмір

Б) мөлдір, түссіз, ащы, тұщы

С) қара, жақсы, қымбат, көне

Д) бағалы, тарихи, таза, қорғау


19.Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі...

А) Каспий

Б) Арал

С) Балқаш

Д) Іле


20.Әбділда Тәжібаевтың өлеңін белгіле?

А) «Ғылым таппай мақтанба»

Б) «Сырдария»

С) Бата-тілек

Д) «Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда...»


21. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалға. Су... пайдасы.

А) -ға

Б) -пен

С) -дың

Д) –ды




22. Болымсыз етістіктерді белгіле.

А) келген жоқ, айтпа, мақтанба

Б) бар, кет, мақтан, айтып жүр

С) сөйле, кеткен еді, барады, оқы

Д) көр, тап, белгіле, аудар, жаз


23. Абай Құнанбаевтың шын аты кім?

А) Мағауия

Б) Құнанбай

С) Ибраһим

Д) Оспан


24.Жақсы адам болу үшін неге асық болу керек?

А) талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Б) ашулы, ызалы, кекшіл, қайырымсыз

С) күлкілі, жаман, ақымақ, қайғы

Д) өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ


25.Синонимнің сыңарын тап. Ірі кітапхана-

А) шағын

Б) кішкентай

С) үлкен

Д) мол


Қазақ тіліне аудар.

Светлая комната –

Мой адрес-


Сөздердің антонимін тауып жаз.

қара-

кіші-


Сан есімдерді реттік сан есімге айналдыр.

бес... тоғыз...

алты... жеті...


Жапырақ гүл

А._____________________________________

І.с_____________________________________

Б.с_____________________________________

Т.с____________________________________

Ж.с____________________________________

Ш.с____________________________________

Кс. ____________________________________


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
1134
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі