400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 сынып "Бос уақыт" қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта "Уақыт алтыннан қымбат" мәтіні бойынша оқушыларға тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды оқушылар топтаса, жұптса отыра орындады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Қазақ тілі

Бөлім: Бос уақыт және хобби

Тақырып: Бос уақыт

Мектеп: Махамбет атындағы орта мектеп


Күні: 13.12.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Кайрлиева Ардак Тулеуовна

Сынып: 5 «ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

ӘТН/2 Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіндерді оқиды және ақпараттағы негізгі ойларды түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін негізінде үндестік заңдылықтарына сәйкес айтады, мәтіннен табады

Бағалау критерийлері:

Білім алушы:

-Оқылым мәтініндегі көтерілген мәселені анықтайды.

- Оқылым тапсырмаларын орындау барысында үндестік заңдылықтарын сақтауды назарда ұстайды.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі сөз ішіндегі, сөз аралығындағы үндестік заңдылықтарына сәйкес ажыратады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ілгерінді, кейінді ықпал

Диалог құруға /шығарма жазуға пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Не себепті «Уақытты алтыннан да қымбат» деп ойлайсыз?


Құндылықтарға баулу

Экономикалық тәрбие

Пәнаралық байланыс:

математика

Алдыңғы оқу:

Уақыт туралы не білемін?

Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басы

1 минут

1.Ұйымдастыру.

Стикерге жазылған сөздер арқылы 3 топқа бөлу


«Сағат», «Минут», «Секунд»

сөздері жазылған қима қағаздар

Ортасы









10 минут












7 минут














1 минут

















6 минут

















10 минут

  1. Оқылым кезеңі "Сыдырма" әдісі арқылы мәтінді кезектесіп оқып шығады

«Уақытыңды бағалай біл»

Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Ол алтыннан да қымбат. Уақыт – әркімнің өмірлік капиталы. Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Кісінің іскерлігі уақытты бос жібермеуден басталады. Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биікке жетеді. Саналы адам уақыттың өмірді жасайтын негізгі құрал екенін жақсы түсінеді. Адам уақытты сезгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты. Өз уақытын пайдалана білген адам бір істі жоспарлауға үйренеді. Уақыттың ысырап болуы – шығын. Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ. Алтындай уақыттың бағасын біл. Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұста. Өзіңді-өзің тәрбиеле.

2. «Тізбекті ой» әдісі (Үш топ орындайды)

Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт


Shape1


Shape4 Shape3 Shape2 себебі


Shape5

сShape8 Shape7 Shape6 онымен қатар тағы да




Нақты мәлімет алуға арналған сұрақтар:

-Уақыттың адам үшін маңызы қандай?

- Адамның іскерлігі неден басталады ?

- Өз уақытын пайдалана білген адам нені үйренеді?

3. «Жұдырық-алақан» әдісі (Сергіту)

Сұрақтар

Жұдырық

( дұрыс)

Алақан

( дұрыс емес)

Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт.

+


Кім уақытын бағалай білмесе, сол ғана биікке жеткді


+

Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты.

+


Уақыттың ысырап болуы – шығын

+


Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын бар


+

Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұста

+


Кісінің іскерлігі уақытты бос өткізуден басталады



3.Топтық жұмыс. «Жұптас. Ойлан» әдісі

3 топқа да бірдей тапсырма беріледі

- Мәтіннен ілгерінді, кейінді ықпалды табу, кестеге орналастыру

айтылуы

жазылуы

Ықпал түрі





Грамматикалық норма:

Үндестік заңы дегеніміз не?

Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал дегеніміз?

Дескриптор:

-Мәтіннен үндестік заңдылықтарына сәйкес жазылған

сөздерді табады, ажыратады.

- Ықпал түрлері бойынша теориялық материалды қайталайды.

Қ.Б

4. « Көршіме айтамын » әдісі Жұптық жұмыс

«Сағат» тобы- «Менің 1 күндік уақытым...»

( уақыт кестесін шығару)

«Минут» тобы- Мәтіндегі «Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биікке жетеді» деген сөйлемнің мағынасын ашу.

«Секунд» тобы- «Уақытыңды бағалай біл» ауызша ойтолғау

Дескриптор:

- Мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша өз ойын айтады.

-Оқылым мәтінінде берілген сөйлемнің мағынасын ашады.

Қ.Б Өзара бағалау.





Оқылым материалы


































кесте













А4 қағазы


Соңы

3 минут



2 минут


Қорытынды «Бастағы қалпақ» әдісі

Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Қалпақ кімнің басында сол бүгінгі сабақтан нені меңгергенін, түйген ойын айтады


Кері байланыс «Блоб ағашы» әдісі

Т.Серіков «Уақыт» әні



Аудиожазба





Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Тыңдалған мәтіндегі негізігі мәселені және мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында жетекші сұрақтар қоямын.

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Шығармашылық жұмыс

“Уақыттың ысырап болуы –шығын” (мәтін құру)

“Уақыттан қымбат сыйлық жоқ” ( өлең шумақтарын құрастыру)

“Өзіңді-өзің алдама, уақытты салма саудаға...”

( ой жалға)


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Бас бармақ»

«Бастағы қалпақ»

Топтық бағалау

Жұптық бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

Математика пәні

Аудиожазба материалы.

Экономикалық тәрбие












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
3558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі