Материалдар / 5 сынып Дәрігердің қабылдауында сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып Дәрігердің қабылдауында сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
орыс мектептеріне сабақ беретін мұғалімдер үшін өте пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2023
501
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:96 ЖББМ

Бекітемін:

Күні: 11.01.22ж

Мұғалімнің аты-жөні: Меңліхожаева А.О

Сынып: 5 «Д,»Е,Ж

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:

Сабақтың  тақырыбы:

Дәрігердің қабылдауында

Оқу  мақсаттары:

5.Т4 Фольклорлық және шағын көлемді мәтіндердің мазмұнын түсіну.

Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу.

5.Т3.Күнделікті жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

5.Т6.Тыңдалым материалдары негізінде сұрақтарға жауап беру.

5.А2.Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді түсініп оқиды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақтарға жауап беріп, сұрақ құрастыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыптың мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын түсінеді, талдау жасай алады, өздігінен тапсырмаларды орындай алады.

Тілдік  мақсаттар


Пәнге қатысты  сөздік қор мен терминдер:

Емхана, тексеру, жүрек, қан тапсыру, дәрігерлік кеңес

Құндылықтарға баулу

Өз  Отаның тарихын құрметтеуге, оны дәріптеуге баулу.

Пәнаралық  байланыс

Қазақ әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Түсіндіру, кеспе қағаз, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, «Кроссенс» әдісі, , ПОПС формуласы

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Балалардан  алдыңғы тақырыптан «Абай Құнанбайұлы» туралы не білетіңдерін анықтау.









Сабақ  барысы:

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы

жоспарланған   жаттығу   түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут













Психологиялық ахуал

Дайынсың ба сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа

Бәрі бар ма орнында?

Қалам, дәптер, кітап та.

«Жүректен жүрекке»

Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.



Үй тапсырмасын сұрау. 11-тапсырма. Қалай ойлайсыңдар? Абайдың өлеңінен адам болудың ережесін дайындауға болама? Абай адам болудың қандай шарттарын айтады?






жүрекше








Сабақтың

ортасы


25 минут















































1 минут

Кроссенс технологиясы арқылы «Дәрігерлер» туралы мәліметтер біліп, тақырыпқа түседі.



1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1.Үйіңнің жанында емхана бар ма?

2.Сен емханаға соңғы рет қашан бардың?

3.Емханаға кіммен, не үшін бардың?


2-тапсырма. Диалог. Суреттерге қара. Тірек сөздерді пайдаланып, диалог құрыңдар.

Тірек сөздер: емхана, отбасылық дәрігер, тіс дәрігері, жүректі тыңдау, қан тапсыру, кеңес беру және т.б.



Мезгіл және мекен үстеулер

Үстеу – Қимыл мен іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сыны, себебін, амалын білдіретін сөз табы.

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? Қайдан? Қалай қарай? Деген сұрақтарына жауап береді. Мысалы. Тауға қарай (қайда?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды.

Мезгіл үстеуі қашан? Қашаннан? Деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытты білдіреді. Мысалы. Таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) т.б.


Сөздік жұмыс: Емхана, тексеру, жүрек, қан тапсыру, дәрігерлік кеңес


3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым. Бірінші қабатта қан тапсырды. Сосын жоғары көтерілді. Емханада отбасы дәрігері, тіс дәрігері, көз дәрігері бар. Отбасы дәрігері мені жақсы таниды. Себебі ол бізді жыл сайын тексереді. Дәрігер менің жүрегімді тыңдады. Дәрумен ішуге кееңс берді. Ет, балық, сүт, жеміс-жидектің пайдалы, фастфуд тағамдарының зиян екенін айтты.


Сергіту сәті

«Мен не сыйлаймын?»

Мен бір әріпті көрсетемін, оқушылар сол әріптен келетін сыйлық ойлап табу керек. Мысалы: А – әрпі. Мен досыма айна сыйлаймын.

Әріптер: А, С, Т, Д, Е, Қ, М, Б, Р, Ә

Кроссенс технологиясы




кеспе қағаз














диаграмма




















Сөздік дәптер




оқулық






әріптер

Сабақтың соңы

15 минут


«ПОПС» формуласы бойыша оқушыларға өз ойларын айтқызады. Қорытынды пікір айту.

Менің ойымша, ... »

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »


Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Өздеріңе қандай ақпараттар алдыңдар?

Сендерге не қиын болды?



Мен білдім

Маған ұнады

Мен түсінбедім






Үйге тапсырма: 4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. Сөз екпінін қойып оқы. Мәтінді екінші жақтан баянда. Мысалы: мен емханаға бардым. Сен емханаға бардың.

«ПОПС» формуласы
















Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!