Материалдар / «5-сынып деген не?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«5-сынып деген не?»

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың өз-өздерін тануға,психологиялық-педагогикалық көмек көрсету,оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл-күйін сыныптың ұжымдастығын ,психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
919
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «5-сынып деген не?»

Мақсаты: балалардың өз-өздерін тануға,психологиялық-педагогикалық көмек көрсету,оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл-күйін сыныптың ұжымдастығын ,психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

Сабақтың түрі: талқылау,ойын сабақ

Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар,маркер,суреттер,ватман.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.

Тренинг «Жүректен-жүрекке»

2.Кіріспе сөз.

5-сынып дегеніміз не?

5-сынып дегеніміз-бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады.Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді.Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге ,бір кабинетке яғни тұрақты қалыпқа үйренген.ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді.Сабақ кестесінің ауысуы,жаңа сыныптастарымен ,жаңа ұстаздарымен қарым-қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді.Балада мазасыздық пайда болады,сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды.Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен ,мұғалімдерімен қарым –қатынасына көмектесу керек.

4-сынып 5-сынып

Shape1

Бір ғана мұғалім,бір кабинет.

Shape2

Бірнеше мұғалім сабақ береді, сабақ кестесі ауысады,жаңа ұстаздар











1.Топтық жұмыс «Гүлге қонған көбелек»

Барысы: әр оқушы орта буында оқып жүргенде қандай ерекше жағдайдың болғанын арманын қағаздан қиылған көбелекке жазып,тақта алдындағы гүлге апарып қондырады.

2.«Біздің 5-сынып »суретті жаттығу.

Керекті құралдар: ватман,түрлі-түсті қарындаштар.

Мақсаты: оқушылардың сынып туралы ойларын білу,қарым-қатынасын анықтау.Топтық суреттер арқылы оқушының ойын білу. Оқушылар топ болып отырады.Топқа жұмыс беріледі.Оқушылар өздерінің ойларын білдіріп ,презентация жасайды.

1-топ «Менің бесінші сыныбым»

2-топ «5-сынып оқушысы қандай болу керек?»

Оқушылар салған суреттері бойынша түсінік жүргізіледі.

3. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.

Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады.Жазбаша орындау керек.

«Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны....»

«5-сыныпта мен (менің)......»

Оқушыларға 5-сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелеу ұсынылды.

5-сыныпта қандай қиындықтар болды?

Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?

Қандай қызықты оқиғаларболды?

4.«Көңілді қырықаяқ » жаттығуы

Балалар қазір біз көңілді қырықаяқ жаттығуын орындаймыз. Бірінен кейін бірін сапқа тұрыңдар,орталарыңда шарды біреуің кеудеңмен, біреуің арқаларыңмен ұстауларың керек,қолмен шарды ұстамаймыз.Қырықаяқ жылдам-жылдам әр жақтарға қимылдап, қозғала бастайды,Сендердің мақсаттарың: шарды түсірмей,жармай жеткізу.

5. «Мен не істеймін егерде.....» жаттығуы

1-жағдай. Мен сыныбымның класына келсем класым жоқ басқа сабақ жүріп жатыр. Мұғалімнен сұрап едім білмейтінін айтты.Мен не істеймін?

2-жағдай.Бізде сабақ кестесі өзгеріп кеткен , мен оны білмегендіктен бұрынғы сабақ кестесі бойынша дайындалып келдім.Мен не істеуім керек?

3-жағдай. Мен үй тапсырмасын (тақтадан жазуға үлгермедім,ұмытып кеттім,қай жерде жазылғанын көрмедім)жазған жоқпын және оны үйде орындамадым ,мұндай жағдайды не істеуім керек?

4-жағдай.Мен кластастарымнан қалып қойдым, келесі сабақ қай кабинетте болатынын білмеймін.Ал жоғары класс оқушыларынан сұрауға ұяламын.Мен не істеймін?

5-жағдай. Егер мен өзімді нашар сезініп жүрсем мен не істеуім керек?

6-жағдай. Мен сабақ беретін мұғалімнің атын ұмытып қалдым, мен не істеуім керек?

7-жағдай. Кейбір сабақтардан үлгере алмай жүрмін,түсінбей жүрмін мен үшін ол сабақ қиын. Кімнен кеңес сұраймын?

8-жағдай. Мені кластағы балдар көп ренжітеді.Мен не істеймін?

6. «Түймедағы гүлі»жаттығуы

Мақсаты: оқу мотивациясын анықтау.

Нұсқау Түймедағы гүлінің суретін сал,әрбір күлтелеріне өтілетін сабақтарды жаз.

  1. Ең қызықты өтетін,саған ұнайтын сабақты қызыл түспен боя.

  2. Саған оқуға қиын пәнді көк түспен боя.

  3. Кызықсыз өтетін сабақты сары түспен боя.

  4. Саған ұнамайтын сабақты қоңыр түспен боя.


Қорытынды. Рефлексия

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!