чТақырыбы: 5 сынып дегеніміз
не?
Қатысушы: 5
сынып
Мақсаты: 5 сынып оқушыларына
орта буында оқу жағдайына бейімделу кезеңіне психологиялық қолдау
көрсету. Оқушылармен жағымды қарым-қатынас
орнату.
Сабақтың
міндеті:
- 5 сынып оқушысының жаңа
әлеуметтік статусы туралы түсінігін
дамыту;
- өзінің қасиеттерін талдауды
үйрету.
- басқалармен тату өмір
сұрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін
түсіндіру.
Жоспары:
-
«Өзіңді
мақта!»
-
«Сұрақтарға
жауап»
-
«Менің қасиеттерім»
жаттығуы
-
«Менің досым»
жаттығуы
-
Танысу. «Өзіңді мақта!»
жаттығуы
Қазіргі біздер балалар,
шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы
да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп
көмектесеміз. Ойынды мен өзімнен бастайын: «Мен өзімді ақылдымын
және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің
оқушыларыма және олардың ата-аналарына, сонымен бірге басқа
адамдарға көмектесемін». Допты ұстаған адам өзін мақтауы
тиіс.
-
Сұрақтарға
жауап
-
5 сыныпта оқыған ұнайды
ма?
-
Қандай ерекшеліктері
бар?
-
5 сыныпта мақсатың
қандай?
-
Түске дейін оқыған жақсы
ма?
-
Қандай қиындықтар кездеседі
деп ойлайсың?
-
«Менің қасиеттерім»
жаттығуы
Оқушылар параққа өздерінің
алақандарының суретін салады. Алақанның ортасына өзінің атын
жазады. Бес саусаққа бойындағы бес қасиетті жазады. Жазып болған
соң, оқушылар бір-біріне өздерінің парақтарын береді. Әр алдына
келген оқушының парағына сол оқушы туралы екі қасиетін жазады.
Кейін әр оқушы өзінің парағын алып оқиды.
-
«Менің досым»
жаттығуы
Оқушылар кезекпен өзінің досын
және оның бойындағы ұнайтын қасиеттерін атап
шығады.
Қорытынды: бесінші сыныпта
маңызды жауапкершілік, уақытылы сабаққа келу, уақытылы үй жұмысын
орындау. Әр пәнге қызығушылықпен қарау.