400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-сынып достаса аласыңба?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг "достаса аласыңба" оқушылармен қарым қатынасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Достаса аласың ба?» 5-ші сынып оқушыларына тренинг

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті:

1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғым туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

3. Оқушыларды сыйластыққа ,әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.

Барысы:

1. Сәлемдесу.

Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметтпен,

Бас иеміз біз.

2. Шаттық шеңбері.

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.(Оқушылар «Досыммен бірге»ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арналған тілектерін айтады.)

3. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз.

Мысалы: «Трансформатор» «Талдықорған» «форма» «қорған» «матор» «тал» т. б.

4. «Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама - қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1 - 2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін келесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.




5. «Көңіл - күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл - күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның соңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл - күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

6. «Достық. Бірлік» үйін құру

-Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.



7. Мақал-мәтелдер

1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

2. Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да –көп.

3. Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

5. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

6. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,

Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.

Қорытынды: «Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру»

-Балалар, шаттық шеңберіне келе қйыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік.Жүрекшелерге жылы сөздер жазып беру.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі