Материалдар / 5 сынып Дүние жүзі тарихы. 1 тоқсан ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып Дүние жүзі тарихы. 1 тоқсан ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптың Дүние жүзі тарихы пәні бойынша 1 тоқсанға арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2024
311
3 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар-1

     

Бөлім:

Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін


Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адам қалай пайда болды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1 түрлі теориялар негізінде адамның пайда болуын түсіндіру;

5.1.1.2 адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Адамның пайда болуын сипаттайды;

Адамдар тобырын, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын ажыратады;

Көпшілігі: Адамдар тобырын, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсінеді; Кейбірі: Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, талдайды

Бағалау критерийлері



Адамның пайда болуы туралы теорияларды анықтау;

Адамның эволюциялық даму сатысын суреттер арқылы сипаттау; Адамдардың алғашқы бірлестік формаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: тарихи деректерде баяндалған теориялар мен болжамдар туралы пікірталастарға қатыса алады

Негізгі ұғымдар: Адам Ата, Хауа Ана, Аристотель, Чарльз Дарвин, саналы адам, тобыр, ру, қауым, тайпа

Диалог/жазылым үшін пайдалы сӛздіктер:

Менің пікірімше,.....неғұрлым дәйекті болып табылады, себебі..........;

Менің пікірімше,...... дәлелсіз болып табылады, себебі...... .

Менің пікірімше, егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуының себептері .....

Талқылауға арналған сұрақтар:

Алғашқы адамды кім жаратты?

Не себепті ежелгі адамдар тобырға бірікті?

Адамның пайда болуы туралы қандай теориялар бар? Адамның эволюциясы ненің нәтижесінде жүріп жатты? Адам миының салмағының артуы нені білдіреді?

Рулық қауым мен тайпа бірлестіктерінің ұқсастықтары мен айырмашылық-тары неде деп ойлайсың?

Жазылымға арналған тапсырмалар: «Отты игеру адам өмірін қалай ӛзгертті» әңгіме құрастыру

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыстар

Әлемтану, Қазақстан тарихы

Бастапқы білім

Алғашқы адамдардың пайда болуы, бірлестік формалары туралы ұғымдары бар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Бастапқы ынталандырушы материал

«Ширату»

-«Адам қалай пайда болды?»

«Түртіп алу» стратегиясы

Оқушының жеке іс парағы:

«V» Мен білдім

«+» Мен үшін ерекше 1 жаңалық

«?» Келешекте зерттегім келеді




Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

1 «Ежел гі адамдар» https://www.twig bilim.kz/film/ho mo-sapiens-5455

Жаңа сабақ

1 тапсырма «Тақтадағы граффити» әдісі

өз дәйектерін мына сӛйлемдермен жалғастыруы тиіс:

«Біздің ойымызша, адам..... пайда болды, себебі.....»

«Суретті сипаттау»

«Адам түрлерін анықтау»

«Логикалық тізбекті құрастыру»

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Шәкілмен бағалаңыз? Неліктен?

2-тапсырма «Тарихи кілемше»:

  1. Адамның пайда болуы туралы түрлі кӛзқарас- ты атаңыз

  2. Суретті пайдалана отырып, адамның

эволюциялық даму теориясына сапаттама беріңіз

  1. Суретті пайдалана отырып, адамның даму теориясына сипаттама беріңіз

  2. Венн диаграммасын жасаңыз:

Тобыр Ру Қауым Тайпа ҚБ «Шығыр»

3-тапсырма «Әңгіме құрау»

«Отты игеру адамның өмірін қалай ӛзгертті?»


Оқушылар суретті пайдалана отырып, адамның

эволюция-лық даму теориясына сапаттама береді


Суретті пайдалана отырып, адамның даму теориясына сипаттайды

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ «Шәкілдеу»:


ҚБ «Ең үздік жауап»





ҚБ «Стикердегі жазба»



Слайд 3 Постер Маркер


ҚБ парағы, Оқулық Үлестірмелі парақтар







«Алғаш- қы адамдардың

өмірі» сурет, стикерлер

Қорытынды

Кері байланыс

«Түртіп алу» стратегиясы

«V» Мен білдім

«+» Мен үшін ерекше 1 жаңалық

«?» Келешекте зерттегім келеді





Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

ежелгі адамның, ежелгі құралдардың суретін салып келу






Қысқа мерзімді жоспар-2

     

Бөлім:

Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.1 ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;

5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмыс салтын сипаттайды

  • ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы біледі, оларды ажырата алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

  • Тарихи дереккөздерде берілген теориялар мен гипотезалар туралы дискуссияға қатыса алады.

Құндылықтарды

дарыту

Еркіндік, теңдік, ұлттық ой-сана, патриотизм.

Пәнаралық байланыстар

География, Қазақстан тарихы, экономика, өнер.

Бастапқы білім

Алғашқы адамдардың пайда болуы, эволюция теориясы мен түрлердіңқалыптасуы, континенттердің қалыптасуы мен климаттық өзгерістер туралы біледі.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Сыныптағы жарықты өшіріп, оқушыларды тыныштықта, көздерін жұмып, үңгірге саяхат жасайтынын елестетуді хабарлаңыз. Енді сынып бөлмесін үңгір ретінде қарастырып, электр шамын жас зерттеушілер қалай қолданатындығын сұраңыз. Қараңғы жерге жеткен соң, жасанды жарыққа бейімделу қажеттігін түсіндіре отырып, әңгімені жалғастырыңыз.


Ласко үңгірінің суреттерін көрсетіңіз. Бұл суреттерді Францияда балалар 1940 жылы тапқандығы туралы айтыңыз. Оқушыларға жұпта ақылдасып, келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

  • Не көріп тұрсыз?

  • Нені сезіндіңіз? .

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу





Оқушылардың айтқан болжамдарын тақтаға (флипчартқа) жазып, бүкіл сыныппен талқылайды


ҚБ мадақтау

Ласко үңгірінің суреттері




Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

1 тапсырма

ВЕНН диаграммасы

Аңшылықты бейнелейтін қазіргі уақыттағы суреттерді таратыңыз. Жартастағы және қазіргі суреттерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.

-Қандай аңдарды көруге мүмкін болатындығын сұраңыз.

Сыныпқа, ғалымдардың пікірінше, бұл суреттердің ежелгі тас дәуірінде, осыдан 25000 жыл бұрын салынып, алғашқы қауымдық өнердің алғашқы үлгілері болып табылатындығы туралы айтыңыз.

2-тапсырма Пірікірің қажет!

Суреттерден сол тарихи кезеңде өмір сүрген адамдардың өмірі туралы нені білуге болатындығын талқылап, пікір алмасуға тапсырма беріңіз. Оқушылардың болжамдарын бүкіл сыныппен талқылаңыз.

3-тапсырма Талқыла.

Суреттердің шығу себептеріне байланысты тарихшылардың берген нұсқаларын қарап шығыңыздар. Оқушылардың пікірінше сенімді болып табылатын себептерді (суреттердің салынуына қатысты) талқылаңыздар.

4-тапсырма. С»йкесін тап

Ежелгі діни түсініктер мен олардың анықтамалары жазылған карточкалар мен осы түсініктердің бейнелейтін суреттерді таратып, оларды сәйкестендіруді тапсырыңыз.

Ежелгі адамдардың діни түсініктерінің қалыптасу себептерін сыныппен талқылаңыздар.

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар алғашқы өнер үлгілерін қолдана отырып, алғашқы адамдардың өмірін суреттейді.

Дескрипторлар:

  1. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

  2. Мысалдар келтіреді.

  3. Қорытынды шығарады.

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар ежелгі діни нанымдарды біледі және айыра алады.

Дескрипторлар:

  1. Карточкаларды дұрыс сәйкестендіреді.

  2. Мысалдар келтіреді.

  3. Қорытынды шығарады.



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



ҚБ «Ең үздік жауап»





ҚБ «Алақан-жұдырық»







ҚБ «Жұлдызшалар»




Ласко үңгірі

туралы

бейнебаян




суреттер





ВЕНН диаграммасы





Кесте



сызбалар

Қорытынды

Кері байланыс

«Бұл сабақты оқып, мен…»

Білмеймін .......

Білемін .....

Түсінемін .....

Түсінемін және қолдана аламын ....

Басқа біреуді үйрете аламын .....


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

Ежелгі адамдарды жануарлар дүниесінен ерекшелейтін факторлар




Қысқа мерзімді жоспар-3

     

Бөлім:

Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен адамдар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастады?


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.1 кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда) сипаттау;

5.4.1.2 «неолиттік төңкеріс» ұғымын түсіндіру, оның мәнін ашу;

5.4.2.1 экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда) түсінеді;

«неолиттік тӛңкеріс» ұғымын ашады; шаруашылықтың түрлерін салыстырады.

Көбісі: неолиттік тӛңкерістің ежелгі адамдардың ӛміріне тигізген ықпалын талдайды;

Кейбірі: неолит жетістіктерінің маңызын анықтайды.

Бағалау критерийлері



Кәсіп пен шаруашылық түрлерінің пайда болу жолдарын анықтау. Жаңа тас дәуірінің ерекшелігін анықтау;

Ежелгі адамдарың даму сатысы арқылы шаруашылықтың түрле- ріндегі өзгерістерді анықтау

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: тарихи деректерде баяндалған теориялар мен болжамдар туралы пікірталастарға қатыса алады

Негізгі ұғымдар: садақ пен жебе, мыс, қола, қолӛнер, меншік түрлері, егіншілік, баспана, мал шаруашылығы, неолиттік тӛңкеріс Диалог/жазылым үшін пайдалы сӛздіктер:

Менің пікірімше,.....неғұрлым дәйекті болып табылады, себебі..........; Менің пікірімше,...... дәлелсіз болып табылады, себебі...... .

Менің пікірімше, егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуының себептері .....

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ӛсімдіктерді ӛсіру мен жануарларды қолға үйретудің маңызы қандай?

Адамдардың шаруашылықтарының ең маңызды айырмашылығы неде?

Неолиттік тӛңкерістің мәні неде?

Адамдардың ӛмірі неолит дәуірінде қалай ӛзгерді?

Жазылымға арналған тапсырмалар: Терминдермен жұмыс, «Венн диаграммасы», кесте толтыру

Құндылықтарды

дарыту

өзгелердің мәдениетіне және кӛзқарастарына құрметпен қарау

Пәнаралық байланыстар

Математика, Дүниетану, Сурет

Бастапқы білім

терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы,

металл ӛңдеу, айырбас сауда

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ұйымдастыру кезеңі

(Ж) Бастапқы ынталандырушы материал

«Ой толғау» әдісі

Балалар, адамдар күнде немен кӛректенеді? (Тағам түрлерін ұсынып, құрамын, қалай жинал-

ғаны, өндірілгені туралы сұрау)

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ҚБ мадақтау

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

1-тапсырма Иллюстрациямен жұмыс. Аңшылық, терімшілік, мал шаруашылығы мен егіншілікті көрсететін иллюстрациялар слайдын көрсету.

«Автобус аялдамасы» әдісі

1-аялдама. Мәтінді оқу, танысу

2- аялдама: Өсімдіктерді өсіру мен жануарларды қолға үйретудің маңызы қандай?

3-аялдама. Сәйкестендіру кестесін толтыру

4-аялдама. Неолиттік тӛңкерістің мәні неде?

5-аялдамаАдамдардың өмірі неолит дәуірінде қалай өзгерді?

2-тапсырма. Шаруашылық түрлерін сипаттай отырып, оқушылар ежелгі адамдардың әрекеттеріндегі айырмашылықтарды анықтау керек. Шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерінің айырмашылықтарын ажыратуға тапсырма беріңіз. Оқушыларға бейнеролик көрсетіп, оны ауызша талқылатыңыз.

3-тапсырма

  1. Ежелгі кәсіп және шаруашылық түрлерінің пайда болуын кестеге жазыңыз:

  2. «Неолит тӛңкерісі» ұғымына сипаттама беріп, өңдіруші шаруашылыққа көшу себептерін түсіндіріңіз.Шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін

Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз

Оқушылар иллюстрациялармен жұмыс жасайды



Мәтінмен жұмыс жасайды


Дескриптор

- Өсімдіктерді өсіру мен жануарларды қолға үйретудің маңызына талдау жасайды;

-сәйкестендіру кестесімен жұмыс жүргізеді





ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»




«Жұлдызшалар»




Кесте-сызба «Жаңа тас ғасырындағы өзгерістер




Суреттер





Кесте






сызбалар


Қорытынды

Кері байланыс



Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

Еңбек құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуына қандай факторларды жазу








Қысқа мерзімді жоспар-4


Бөлім:

Өзен алқаптары өркениеттері


Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Табиғаттың адам еңбегіне қалай ықпал ететіндігін анықтайды;

Өркениеттің өзен алқаптарында пайда болу себептерін түсіндіреді Көбісі: Месопотамия өркениетіндегі егіншілік, қолөнер мен сауда ның ерекшеліктерін жіктейді.

Кейбірі: Ежелгі өркениеттің шаруашылық жүйесінің ӛзен алқап- тарында дамуын өздігінше тұжырымдайды

Бағалау критерийлері



Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесінің ӛзен алқаптарында

дамуын сипаттайды

Тілдік мақсаттар


Оқушылар тарихи айғақтарға сүйеніп, өз пайымдарын тұжырымдайды Негізгі ұғымдар: өркениет, Қосӛзен, шумер, Аккад, суландыру Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер:

Ежелгі ...... өмір өте ертедегіге қарағанда ауырлау

өзен алқаптарында мекендеді, себебі........

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Месопатамия» сӛзінің мағынасы қандай және ол қалайша ӛркениет ошағына айналды?

Лугал-Заггисидің шумер мемлекетінің тағдырына тигізген әсерін қалай бағалайсың?

Қазіргі заманда тоғандарды қандай мақсатта тұрғызады? Табиғаттың адам еңбегіне ықпалы?

Жазылымға арналған тапсырмалар: Кластер «Өркениеттің пайда болу себептері»

Құндылықтарды

дарыту

Ынтымақтастық, мәдениетті құрметтеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әлемтану.

Бастапқы білім

Қосөзен, қолөнер, сауда, шаруашылық

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ой салу

Алғашқы өркениеттер неліктен өзен алқаптарында пайда болды?

Оқушыларға қыш кітаптың суретін көрсету. Олардан сабақтың тақырыбы жайлы болжамдарын айтуды сұраңыз. Оқушылар өздерінің болжамды жауаптарын береді, мұғалім барлығын тыңдап, қабылдайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу






ҚБ мадақтау

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

Белсенді оқу ортасы

Мәтінмен жұмыс

1 тапсырма «Досыңмен саяхат»

Ежелгі Месопотамияға саяхат жасайды, Гилгамеш дастанын сипаттайды

2 тапсырма

«Бес сұрақ» әдісі бойынша бағалауға арналған тапсырманы жазбаша орындаңыз

Берілген мәтін мен суреттерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз


Вавилон Ур қаласындағы зиккурат

қаласындағы

зиккурат

Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан Евфрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен басталып, Парсы шығананыға құяды. Бұл екі өзенді көбінесе Қосөзен немесе Месопотамия деп атайды.

Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болған екен. Қамыс кӛп өскен. Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады. Бұл аймақ батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болғанымен, мұнда бірнеше дәулетті мемлекеттер өмір сүрді.



3 тапсырма

«Бірге ойлаймыз» әдісі

1. Берілген картаны пайдаланып, Қосөзендіктер айна- лысқан шаруашылық түрлерін атаңыз.

3. Берілген мәтін мен суреттерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

2. Неліктен ежелгі ӛркениеттердің шаруашылық жүйесі өзен алқаптарында дамыды? Кілт сөздерді пайдалана отырып 50-70 сөзден эссе жазыңыз және ойыңызды түйіндеңіз.

Кілт сөздер: өркениет, мәдениет орталығы, қала, шумер, сына жазуы.

Гилгамеш дастанын оқып,сипатама береді






Суретпен жұмыс жасайды










Дескриптор

  • сәулет ӛнері ерекшеліктерін анықтайды;

сәулет ӛнері туындылары үшін қолданған құрылыс материалдарын анықтайды

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»















ЖБТЖ,9-10 бб












Суреттері бар мәтін






Ақпараттық мәтін














Үлестірмелі қағаздар



Қорытынды

Кері байланыс

«Үш жағымды сәт» стратегиясы. Оқушыларға сабақтың барысында орын алған үш жағымды сәтті, яғни, тапсырманы орындауда болған үш жағдайды және келесі сабақта олардың жұмыстарын жақсарта түсуге керек болатын бір әрекетті атау ұсынылады..

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

Гилгамеш дастаны












Қысқа мерзімді жоспар-5

     

Бөлім:

Өзен алқаптары өркениеттері


Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өзен алқаптарындағы өркениеттер туралы қалай біле аламыз?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;

5.2.2.3 ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру

Сабақтың мақсаты

ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін, ежелгі дүниенің өнеріне сипаттайды

Бағалау критерийлері



  • Оқушылар ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттайды. ( білу және түсіну дағдылары)

  • Оқушылар ежелгі дүние өнеріне сипаттама береді (қолдану, талдау дағдылары

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

  • Тарихиайғақтарғасүйеніп, өзпайымдарынтұжырымдайды.Өркениет

Пәндік лексика мен терминологиясуару, арналар, су бөгеттері

  • жәдігер, тасқын, топан су

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

ежелгі … өмір өте ертедегіге … қарағанда ауырлау болды, себебі…

  • Адамдар … өзен алқаптарында мекендеді, себебі…

Құндылықтарды

дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік жәнеүздіксіз оқу. Жаһандық азаматтық

Пәнаралық байланыстар

География-картамен жұмыс

Бастапқы білім

Тақырып осыдан бұрынғы неолиттік төңкеріс кезеңіндегі ауыл шаруашылығын зерттеумен, табылған жәдігерлерден ақпарат алумен, сондай-ақ климат пен ландшафттың ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігіне ықпал етуін зерттеумен байланысты болып табылады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


(Т) Түрлі дереккөздерді қолданып, ежелгі өркениеттің бірін зерттеу Зерттеуге арналған сұрақтар:

  1. Мемлекет қалай басқарылды?

  2. Елдің тұрғындары немен айналысты?

  3. Елде өнердің қандай түрлері дамыды?



Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар берілген мәтін арқылы бір-бірімен сұхбат жүргізеді.


мадақтау

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

1-тапсырма

Ежелгі Месопотамия. Ежелгі Шумер. Ежелгі Шумер

мемлекетінің тарихын түрлі дереккөз материалдары бойынша

зерттеу.

2-тапсырма

Ежелгі Месопотамия. Аккад империясы.
Аккад империясының тарихын түрлі дереккөз материалдары бойынша зерттеу

3-тапсырма

Уақыт сызығын таныстырып, өзен алқабы өркениеттерінің мерзімін белгілеуді ұсыныңыз.

4-тапсырма

«Попс формуласы»: «Ежелгі Қытай – Сары өзен алқабы»

1-қадам: «Менің ойымша...»

2-қадам: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»

3-қадам: «Оны мен мынадай фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

4-қадам: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»


Дерекөз материалдарын қолдана отырып,оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізеді







Уақыт сызығына өзен алқабы өркениеттерінің мерзімдерін орналастырады




Попс формуласы бойынша оқушылар өз ойларын жазады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»






«Жұлдызшалар»




Шумер мемлекеті бойынша дереккөздер:

Ежелгі Шумер Ducksters

Қорытынды

Кері байланыс

Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

Мохенджо-Даро туралы зерттеу






Қысқа мерзімді жоспар-6

     

Бөлім:

Ежелгі Египет

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған?


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау;


Сабақтың мақсаты

Барлығы: Египет тарихын қысқаша түсіндіреді; Египеттіктердің тұрмысы мен шаруашылығын біледі;

Көпшілігі: Неліктен Египет «қара жер» деп алғанын анықтайды; Кейбірі: Египет елінің тұрмысы мен шаруашылығының өз сөзімен тұжырымдайды

Бағалау критерийлері



Нілдің Ежелгі Мысырдағы адамдардың тұрғылықты жеріне әсері анықтайды және түсіндіреді (ПОПС/ ПТМС құрылымы бойынша)

Нілдің адамдардың егін өсіру әдісіне және егіншілікті ұйымдастыруға әсерін анықтайды және түсіндіреді (ПОПС/ ПТМС құрылымы бойынша).

Тілдік мақсаттар


Оқушылар бұл тақырыпты зерделеу нәтижесінде түрлі дереккөздерден ақпарат ала отырып, Ніл өзенінің ежелгі мысырлықтар- дың өміріндегі рөлін біле алады

Негізгі ұғымдар: сфинкс, иероглиф, папирус, перғауын, т.б.

Диалогқа арналған сұрақтар

Ежелгi мысырлықтар Нiл өзенін нелiктен марапаттаған?

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Ежелгі Мысырдың «Қара жер» аталуының себебі неде?

  2. Ніл өзенінің мысырлықтар өміріндегі маңызын сипаттаңдар және Қосөзендік халықтарының өмірімен салыстырыңдар.

  3. Мысырда әлеуметтік жіктелістің күшеюіне не себеп болды?

  4. Бір орталыққа біріккен Мысыр мемлекеті қалай құрылды?

Жазылымға арналған тапсырмалар: 1-2 тапсырмалар

Құндылықтарды

дарыту

Қоршаған айналаның проблемаларын, өзге көзқарастарды көру және ұғыну қабілеттігі, сынға дұрыс жауап қайтара білу; топта жұмыс жасау қабілеттерін иелену, топта түрлі рольдерді орындай білу; бір-бірін тыңдап, өзгелердің жауаптарын толықтыра білу; ежелгі мәдениетті, табиғатты және қоршаған ортаны құрметтей білу.

Пәнаралық байланыстар

Табиғаттану, картамен жұмыс жасай білу.

Қазақстан тарихы, материалдық және рухани мәдениетін анықтай білу.

Бастапқы білім

бөлімінде қарастырылған Ніл алқабында орналасқан ежелгі өрке ниеттердің бірі Ежелгі Мысырды зерттеуге және өткен кезеңдердегі өмірді қалпына келтіру үшін археологиялық мәліметтерді оқып

үйренуге негізделген

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ермексаздан жасалған Ніл өзенінің үлгісін көрсетіп, оны тасығанша су құю керек. Нәтижесінде Ніл өзенінің тасуын оқушылармен талқылаңыздар. Оқушыларға сұрақтар:

  • Сіз не көрдіңіздер?

  • Не болып жатыр?

  • Ніл өзенінің тасуының басқа мүмкін салдары болуы мүмкін?

Асуан суқоймасының суретн көрсетіп, суқойма ХХ ғасырдың ортасында Египетті электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін салынған түсіндіру керек. Айта кетерлігі, суқоймасының салынуымен жыл сайын табиғи циклмен қайталанып, өзен жағасын құнарландыратын Ніл өзенінің тасуы біржола тоқтатылғанын айтып түсіндіріп кету керек.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.








Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ҚБ мадақтау

Тақырыптық суреттер




Үлестірмелі қағаздар

Жаңа сабақ

1-тапсырма: «Таным баспалдағы»

Әр оқушы 1-қадам: мәтінмен жұмыс;

2-қадам: талқылау;

3-қадам: тұжырым;

4-қадам: Өз пікірін қорғау.

оқулықтан тыс қосымша материалдардан Ежелгі Египет ескерткіштері туралы мәлімет тараты- лады. 3 минут уақыт ішінде топ мүшелері мәліметпен танысып, келесі топқа өздеріне берілген мәліметті жеткізеді.

2-тапсырма

  1. Суреттерге сәйкес Ежелгі Мысырдың шаруашылық жүйесін сипаттаңыз және өз ойынызды түйіндеңіз.

  2. Ғылымдардың пайда болып, дамуына шаруашылық пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын дәлелдеңіз.

  • Ежелгі Мысырдағы шаруашылықтың жүйесін сипаттайды;

  • математика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарының пайда болып, оның қоғамға әсерін анықтайды;

Ежелгі Мысыр қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттайды

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»

Ақпараттық

Мәтін






Кесте



карта

Қорытынды

Кері байланыс

  • Бүгінгі сабақ мазмұны түсінікті ме?

  • Не түсініксіз?

  • Нені білгіңіз келеді?

  • Мақсатымызға жеттік пе?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

Мысырдың «Қара жер» атты атауы арасындағы байланыс туралы тұжырым жазу








Қысқа мерзімді жоспар-7

     

Бөлім:

Ежелгі Египет

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Бұл тақырып 1В бөлімінде қарастырылған Ніл алқабында орналасқан ежелгі өркениеттердің бірі Ежелгі Мысырды зерттеугежәне өткен кезеңдердегі өмірді қалпына келтіру үшін археологиялық мәліметтерді оқып үйренуге негізделген.

Бағалау критерийлері



Оқушы ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттайды

Оқушы ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттайды

Тілдік мақсаттар


Негізгі ұғымдар:Мирра ағашы Талқылауға арналған сұрақтар Хатшепсут кім болған?

Ежелгі әлем билеушілері арасында қайсысы әйел болған? Ежелгі Египеттіктер Пунт жерінен қандай тауарлар тасымалдады?

Диалогқа арналған сұрақтар

Бір жағынан, бұл суретте Хатшепсут … сияқты кӛрінеді

Бір жағынан дереккӛздерді зерттей отырып, оның образын түсіну қиын, себебі...

Тутанхамон мазары бізге … туралы айтады

Жазылымға арналған тапсырмалар: карточкалар, суреттер,

«Суретті әңгіме»

Құндылықтарды

дарыту

Өзгелердің мәдениетіне және кӛзқарастарына құрметпен қарау

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

Бастапқы білім

Перғауын, әлеуметтік, шаруашылық

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Қызығушылықты ояту кезеңі.

Бастапқы стимул.

(Б) Уақыт сызығының бір ұшына «б.з.д. 3000 жыл», екінші жағына «Бүгін» деп белгілеңіз. Мысыр картасынан Гиза қаласындағы Хеопс пирамидасының орналасқан жерін көрсетіңіз. Хеопс пирамидасының суретін біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл белгіленген тұсқа орналастырып, Мысырдың әлемдегі еңежелгі өркениет болып табылатынын айтыңыз.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

Мағынаны тану кезеңі.

Осыған дейін 1В бөлімінде қарастырылған Асуан су бөгетінің фотосуретін көрсетіңіз.

1-тапсырма Бұдан бұрын пайдаланылған Мысыр картасынан Асуан су бөгетінің орналасқан тұсын көрсетіңіз. Содан соң картаға Дейр әл Бахари ғибадатханасын орналастырып (белгішемен, стикермен), ғимараттыңфотосуреті мен ғибадатханаға кірер есіктің панорамалық фотосуретін көрсетіңіз.

Ғибадатхана фотосуретінің көшірмесін уақыт сызығында шамамен біздің заманымызға дейінгі XV ғасыр датасының жанына қойыңыз.

Бұл ғибадатхананың Мысыр перғауыны Хатшепсут арнап салынғанын түсіндіріңіз.

2-тапсырма Хатшепсуттың мүсінін көрсетіңіз. Мүсіннен қандай ерекше нәрсені байқағандарын сұраңыз. Мысырдың аз ғана әйел-билеушілерінің бірі болғанын айтыңыз.


3-тапсырма «Меню» әдісі

Пунт елінің орналасқан жерінің сипаттамасы бойынша карточкалар таратылады. Сұрақ:

  • Египеттіктер қай теңіз арқылы жолға шығатын?

  • Олар жолда қашан күн болған?

  • Пунт елінің ӛсімдік және жануарлар әлемі қандай болған?

  • Ежелгі Египеттіктер Пунт жерінен қандай тауарлар тасымалдады?


Оқушылар болжамдарын мәлімдейді, бұдан кейін фотосуретті уақыт сызығында «Бүгін» белгісіне жақын, 1960-1970 жж. аралығына орналастырады






Оқушылар ресурстар тізімінен карточкалар мен Мысырдың әлеуметтік құрылымын сызба бойынша жүйелейді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»











«Жұлдызшалар»




карточкалар








Оқулық, 30-31 бб





ғибадатхана суреттері







ҚБ парағы

Қорытынды

Кері байланыс

«Төрт торша»

  1. Менің сабақтағы көңіл - күйім?

  2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?

  3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?

  4. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?

бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

Ежелгі Мысырдағы діни наным- сенімдерді түсіндіреді








Қысқа мерзімді жоспар-8

     

Бөлім:

Ежелгі Египет

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі Египет пирамидалары қалай салынды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу;

5.2.2.2 Ежелгі Египет ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ежелгі Египет ғибадатханалары мен пирамидаларды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Ежелгі Египеттіктердің діни наным- сенімінің ерекшеліктерін біледі

Кейбір оқушылар: Қарастырып отырған тарихи оқиғалар мен деректер туралы өз пікірін айта алады

Бағалау критерийлері



Ежелгі Мысырдағы діни наным-сенімдерді түсіндіреді. Ежелгі Мысыр пирамидаларын құрылысы сипаттау. Ежелгі Мысыр қоғамының әлеуметтік құрылымын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар


Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты саралап ала алады және анықтай алады; - Берілген критерийлерге байланысты суреттерді жіктей алады; - Оқыған мәтінді түсінгенін көрсете және оның басты мазмұнын айта алады ; - Тарихи оқиғалардың себептері мен салдарын анықтай алады

Пәндік лексика және терминдер Сфинкс, мумия, саркофог.

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер 1. Ежелгі Египеттегі пирамидалары қандай қызмет атқарған ? 2. Перғауындардың пирамидалары қай қаланың маңында орналасқан? 3. Пирамидалар Нілдің қай жағалауында орналасқан? 4. Қалай ойлайсыңдар неліктен? 5.Қандай пирамидаларды білесіңдер атап беріңдерші?

Құндылықтарды

дарыту

Толерантты сана, мәдениет және көзқарастардың әртүрлілігіне деген құрмет

Пәнаралық байланыстар

Геометрия , биология ,Жаратылыстану,

Бастапқы білім


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


"Шаттық шеңберін" құрып тұрғызып, "Көңіл – күй неге ұқсас" тренингін ойнату

ІІ. Ой шақыру.АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып сабақты Египет пирамидаларына виртуалды саяхат жасаумен бастап және суреттерін көрсету арқылы ой шақыру. Талқылауға арналған сұрақтар:

- Не себепті ежелгі Египеттіктер Пирамидалар салған?

- тотемизм, анимизм, фетишизм, магия дегеніміз не?

- Мумия дегеніміз не?

- Египетиктер кімдерді Мумиялаған?

- Неліктен олай ойлайсың?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен танысыңдар./Оқылым/ Кесте толтыру /Жазылым, Айтылым / Кестені ежелгі Мысырдағы діни сенімдер бойынша толтырыңыз:

Құдайлардың аттары

Ненің құдайы?

Қандай құрметке ие болды




Талдау . Тапсырма

« Детальдарын қосу» әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсініу үшін арнайы тапсырмаларды қолдану

1.Сфинкс Сіздер Ежелгі Египетте пирамидаларды қалай салған деп ойлайсындар ? Шығармашылық тапсырма «Эссе жазу» арқылы тақырыпты ашу

2.Жосер Картамен жұмыс. Картаға пирамидалардың орналасқан жерін салыңыз ( Пирамидалар неліктен Нілдің баты жағасында орналасқан ?, Ол египеттіктердің қандай діни наным- сенімімен байланысты?).

3.Хеопс. «Мумиялар қалай жасалған ?» постер қорғау Постермен жұмыс Өз ойларын ортаға салады сабақты талдайды Белгілеген уақыттан соң әрбір топ мұғалім берген тақырыпты қорғайды.

Тапсырма

Оқушыларға Хеопс, Сфинкс,Жосер пирамидасы салынған қимадағы сурете салынған парақтар таратылады. . Оқушылар жеке , алдарына берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырады

Дескриптор : - Оқулықтан өздеріне қажетті ақпаратты табады. - Амон-Ра, Хапи, Тот, Перғауындардың ненің құдайы екендігін анықтайды - -Амон-Ра, Хапи, Тот, Перғауындардың құдайларының құрметтерін біледі

Дескриптор: - Мысырдағы тарихи ескерткішті атайды; - Пирамидаларды кімдер салдырғанын айтады; - Перғауындардың пирамидаларды қандай мақсатта салдырғанын айтады; - Мысырдағы ең үлкен пирамиданың атын атайды; - Перғауындарды не себептен мумиялағанын айтады. - Мысыр жеріндегі ең үлкен пирамиданың биіктігі мен көлемін

атайды; - Пирамида ішінде перғауындардың жерленгенін атайды.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»












«Жұлдызшалар»




оқулық,




қосымша деректер,



суреттер,




плакат, түрлі-түсті қағаздар,




маркер, қарындаш тар

Қорытынды

Кері байланыс

«Сағат тілі» әдісі

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

Жосер перғауынға арналып салынған пирамиданың құрлысының ерекшелігі неде? Зерттеу










Қысқа мерзімді жоспар-9

     

Бөлім:

Ежелгі Египет

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі Египет тұрғындарының өмірі туралы Тутанхамон табытханасы қандай сыр шертеді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: 1. Тутанхамон мазарынан табылған жәдігерлерге сипаттама береді 2. Уақыт сызығында Тутанхамонның билік құрған уақытын анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Неліктен Тутанхамон мазары маңызды тарихи дерек болып саналатынын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Неліктен Перғауынның мазарында сиқырлы белгілер жазулар мен құдай бейнелері салынғандығын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері



өз көзқарасын аргумент арқылы қуаттайды

Тутанхамон моласының ежелгі египеттіктердің өмірін зерттеудегі маңызын берілген терминдерді пайдалана отырып түсіндіреді;

түсіндіру барысында 2-3 дәлел келтіреді.

Тілдік мақсаттар


эссе жазады (жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

мола, перғауын

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Тутанхамон моласының ежелгі египеттіктердің өмірін зерттеудегі маңызы ерекше, өйткені

Құндылықтарды

дарыту

құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды)

Тутанхамон египеттіктерге олардың ескі құдайларын қайтарып берді, бұл мемлекеттің қайта гүлденуіне деген үміт отын жақты

Пәнаралық байланыстар

география (мазмұн арқылы: Тутанхамон моласы қазіргі Египеттің территориясында орналасқан)

Бастапқы білім

алдыңғы өткен перғауындар жайлы біледі

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ұ.Ширату жаттығуы

«Ой қозғау» бөлімі «Айырмашылығы неде?» Оқушыларға екі сурет көрсетіледі. «Хиопс» пирамидасының суреті көрсетіледі. Екіншісі қазіргі замандағы мазардың суреті.


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.



Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

мадақтау

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

1-тапсырма: Түрлі –түсті стикерлерді оқушылардың орындығының артына жабыстыру арқылы гетерогенді топ жасақтаймын.

2 – тапсырма: «Графикалық органайзер» Сәйкестендіру тесті. Оқушыларға жаңа тақырыпты орындамас бұрын жаңа термин сөздермен жұмыс жүргіземін.

Термин Анықтама Патшалар алқабы мазар саркофаг мумия фальга

Жеке тапсырма. Оқушыларға «анимизм», «фетишизм», «магия», «тотемизм» терминдерін пайдалана отырып, «Тутанхамон мазары бізге не туралы айтты?» тақырыбына эссе (50 сөз) жазуға тапсырма беру .


Оқушылар Египеттегі тарихи ескерткіштермен мазарлар жайлы болатындығы туралы айтады



жаңа термин сөздермен жұмыс


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»




«Алақан-жұдырық»



Презентация «Тутанхамон моласы»

Қорытынды

Кері байланыс

1.Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.



Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

Ежелгі Египет тұрғындарының өмірі туралы Тутанхамон табытханасы қандай сыр шертеді?
















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!