400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

5-сынып Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті? тақырыбындағы оқу мақсатына сай жасалған тақырыптық тапсырмалар дұрыс жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып. Дүниежүзі тарихы. (Алматы. «Атамұра» баспасы, 2017 ж. Авторлары:

Т.Ә:Төлебаев, Л.Б.Момынтаева, Л.А.Төлбаева)



Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті?

5.2.3.1 ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру



Тапсырма 1 Картамен жұмыс

  1. Қытай елінің көршілес елдері

  2. Өзендерін ата

  3. Астанасы

Тапсырма 2 Мәтінмен жұмыс

Мемлекеттегі өзгерістер

Қажетті сөздер: Б.з.б. IV ғасырда, Шан Ян, салық жинау, өзгерістер, әскері, Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің, Ин Чжен

_______________шағын Цинь мемлекетінде бірнеше заң шығарылды. Оларды патшаның _____________атты қызметкері жүзеге асырды. Заң бойынша жерді сатуға жане сатып алуға рұқсат берілді. Сөйтіп, Цинь билеушілері жерді сату және одан ____________арқылы мол қаржы жинап алды. Әскерде де үлкен __________жасалды. Цинь патшасынын __________басқа шағын патшалықтардан әлдеқайда мықты болып шықты. _______________орта және төменгі ағысы бойындағы мемлекеттерді бағындырды. Елді біріктіру ісін жүзеге асырған ________________атты Цинь патшасы болды.

Тапсырма 3 Сурет бойынша жұмыс

Ұлы Қытай қорғанын сипатта

Тапсырма 4 Кестемен жұмыс

Жорықтар

Жорықтар

Басшысы

Мақсаты









Тапсырма 5 Тұлғаны таны

  1. К онфуций кім
    2. Жинағы қандай?


Тапсырма 6 Топтастыру

Shape1

Лао Цзы

















Дұрыс жауаптары

Тапсырма 1 Картамен жұмыс

1. Қытай елінің көршілес елдері Қытай 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Үндістан, Қазақстан, Солтүстік Корея, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Мьянма (Бирма), Непал, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам. Сонымен қатар, ол Бруней, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Филиппин және Тайваньмен теңіз шекарасын бөліседі.

  1. Өзендерін ата—Хуанхэ, Янцзы

  2. Астанасы - Пекин қаласы

Тапсырма 2 Мәтінмен жұмыс

Б.з.б. IV ғасырда шағын Цинь мемлеке тінде бірнеше заң шығарылды. Оларды патшаның Шан Ян ат ты қызметкері жүзеге асырды. Заң бойынша жерді сатуға жане сатып алуға рұқсат берілді. Сөйтіп, Цинь билеушілері жерді сату және одан салық жинау арқылы мол қаржы жинап алды. Әскерде де үлкен өзгерістер жасалды. Цинь патшасынын әскері басқа шағын патшалықтардан әлдеқайда мықты болып шықты. Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің орта және төменгі ағы сы бойындағы мемлекеттерді бағындырды.

Тапсырма 3 Суретпен жұмыс (Қосымша материал)

Қытайдың Миң әулеті (1368—1644) тұсында салынған қорғаныстық ұзын құрылыс.

Қытай Қорғанының шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. VII ғ-дан ХVII ғ-ға дейінгі 1000 жылда, шамамен 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған.

Қытай қорғаны Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунхулар сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады.

Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті.

Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды.

Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті.

Тапсырма 4 Кестемен жұмыс

Жорықтар

Жорықтар

Басшысы

Мақсаты

Ферғана, Хорезм, Бактрия

Чжань Цянь

Орта Азияға баратын жол ашу

Шығыс Түркістан

Бань Чао

Жаңа жерлер басып алу, сауда жолына ие болу





Тапсырма 5 Тұлғаны таны

1.Конфуций кім? Ежелгі Қытай ойшылы, Қытайдың мемлекеттік діні — конфуцийшілдіктің негізін салушы. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 551 ж. Лу патшалығындағы Цзоуда (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы) кедейленген ақсүйектің отбасында дүниеге келіп, шамамен 479 ж. сонда дүние салған. Конфуций өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген.
2. Жинағы қандай? Нақыл сөздер

Тапсырма 6 Топтастыру

Лао Цзы- данышпан, ежелгі қытай философы, Даосизмнің негізін қалаушы































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі